Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш басшыны қызметінен босатты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қазақстан Қарулы Күштеріндегі үш жоғары лауазымды басшы қызметінен босатылды деп хабарлайды Altyn-orda.kz
Ақорданың хабарлауынша:
Қаныш Әбубәкіров Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы қызметінен босатылды.
Алмаз Джумакеев Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен кетті.
Қанат Ниязбеков Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.
Тиісті өкімдерге Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Бұл кадрлық өзгерістер Қорғаныс министрлігінде соңғы уақытта болған бірқатар оқиғалардан кейін жасалып отыр. Бұған дейін Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілер қаза тауып, оқиғаға байланысты тергеу басталған болатын.










