АЛТЫНОРДА
Басты жаңалықтарБілім

Ғылым мен білім сабақтастығы : Болат Буттиннің Туғанына 80 жыл толуына орай халықаралық ғылыми — тәжірибиелік конференция өтті

2026 жылғы 20 қарашада Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Жаратылыстану факультеті, Химия кафедрасының ұйымдастыруымен көрнекті ғалым, химия ғылымдарының докторы, профессор, университеттің құрметті профессоры Болат Мажекенұлы Бутиннің туғанына 80 жыл толуына орай «Жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылым мен білім берудің даму үрдістері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Ғылыми жиын 1946 жылы 27 қыркүйекте дүниеге келіп, 2016 жылы өмірден өткен профессор Болат Мажекенұлы Бутиннің жарқын бейнесін еске алуға, оның отандық химия ғылымы мен жоғары білім беру жүйесіне қосқан үлесін ұлықтауға арналды.

Конференцияның басты мақсаты – жаратылыстану ғылымдарының өзекті бағыттарын талқылау, заманауи ғылыми зерттеулердің нәтижелерін таныстыру, ғылым мен білім беру арасындағы байланысты нығайту, сондай-ақ отандық және шетелдік ғалымдар арасындағы ғылыми ынтымақтастықты дамыту.

Конференцияға еліміздің жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері, халықаралық серіктес университеттердің ғалымдары, жас зерттеушілер мен білім алушылар қатысты.

Конференцияның салтанатты ашылуында Басқарма мүшесі – Әлеуметтік даму және студенттер ісі жөніндегі проректор Жекенов Думан Құрманғазыұлы құттықтау сөз сөйлеп, профессор Б.М. Бутиннің университеттің қалыптасуы мен дамуына, отандық ғылым мен жоғары білім беру жүйесіне қосқан елеулі үлесін атап өтті.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Білім және қоғамдық даму ғылымдары орталығының жетекшісі, PhD Жеңісбек Мұратбекұлы Төлен және белгілі ғалымдар мен әріптестері профессор туралы естеліктерімен бөлісіп, оның ғылыми мұрасының маңыздылығына тоқталды.

Іс-шара барысында профессор Б.М. Бутиннің өмірі мен ғылыми қызметіне арналған бейнеролик көрсетіліп, әріптестері, шәкірттері мен замандастары ұстаздың адамгершілік қасиеттері, ғылымға адалдығы және университеттің дамуына сіңірген еңбегі туралы жылы естеліктерін жеткізді. Конференция қатысушылары ғалымды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Ғылымға арналған ғұмыр – ұрпаққа өнеге

Болат Мажекенұлы Бутин – органикалық химия, нәзік әрі дәл органикалық синтез, гетероциклді және элементорганикалық химия салаларындағы көрнекті ғалымдардың бірі. Оның ғылыми зерттеулері моно- және бициклді жүйелердің синтезі, стереохимиясы, ацетилен химиясы мен фосфорорганикалық қосылыстардың қасиеттерін зерттеуге арналған.

Ғалым еңбек жолын 1970 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының Химия ғылымдары институтында бастап, кейін «Ацетилен химиясы» зертханасын басқарды. 2000–2012 жылдары Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының Жаратылыстану факультетінің деканы, 2012–2016 жылдары ректор кеңесшісі және химия кафедрасының профессоры қызметтерін атқарды.

Б.М. Бутиннің ғылыми жетекшілігімен 12 кандидаттық, 10 магистрлік диссертация орындалып, 50-ден астам дипломдық жұмыс қорғалды. Ғылыми еңбектерінің нәтижелері 250-ден астам жарияланымда көрініс тапқан. Ол қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген «Жалпы химия» үштомдық оқулығының авторларының бірі.

2006 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағына ие болған ғалым университеттің дамуына қосқан үлесі үшін «Ұлағат» алтын медалімен және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің құрметті профессоры атағымен марапатталған.

Профессор Бутиннің ғылыми және педагогикалық қызметі – жас ғалымдар мен білім алушылар үшін үлкен өнеге. Оның қалыптастырған ғылыми дәстүрі, шәкірттері мен ғылыми еңбектері отандық химия ғылымының дамуына қосылған құнды мұра болып қала береді.

Халықаралық ғылыми ынтымақтастық – ортақ жетістік

Конференцияның пленарлық отырысында Қазақстан, Үндістан, Жапония, Марокко және Малайзия ғалымдары ғылыми баяндамаларын ұсынды.

Атап айтқанда, Үндістанның Ченнай қаласындағы Ғылым және технология институтының профессоры Кришнамурти Рамачандран, Жапонияның Акита университетінің профессоры Сатору Ёсимура, Марокконың Чуайб Дуккали университетінің профессоры Рашид Амрусс және Малайзия университетінің профессоры Томас Ноэль өздерінің ғылыми зерттеулері мен халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту бағытындағы тәжірибелерімен бөлісті.

Шетелдік ғалымдардың баяндамалары функционалдық материалдар, заманауи технологиялар, STEM-білім беру, ғылыми зерттеулерді интернационалдандыру және халықаралық бірлескен жобаларды дамыту мәселелерін қамтыды.

Төрт ғылыми бағыт бойынша мазмұнды пікір алмасу

Конференция жұмысы төрт ғылыми бағыт бойынша жалғасты:

  1. «Қазіргі химия ғылымының даму бағыттары және жаңа зерттеу әдістері»;
  2. «Биологиялық зерттеулердің заманауи әдістері мен технологиялары»;
  3. «Қазақстанның табиғи-географиялық аймақтарын зерттеудің өзекті мәселелері»;
  4. «Білім беру саласындағы ғылыми зерттеулер мен педагогикалық тәжірибе».

Секция отырыстарында химия, биология, экология, география, цифрлық технологиялар, инновациялық білім беру әдістері мен тұрақты даму мәселелеріне арналған ғылыми жұмыстар ұсынылды. Қатысушылар зерттеу нәтижелерін таныстырып, ғылыми пікір алмасты.

Конференция қорытындысы бойынша үздік ғылыми жұмыстар төмендегідей марапаттарға ие болды.

1-секция. «Қазіргі химия ғылымының даму бағыттары және жаңа зерттеу әдістері»

Бас жүлде: Жарылқасын А., Сапарғали Ж., Малтай А.Б. – «Жүгері крахмалы және өсімдік текті шикізат негізінде биопластик алу». Ғылыми жетекшісі: PhD, аға оқытушы Мартай Анар Бұрхатқызы

I орын:

Артурқызы Л., Өмірзақова А.Т. – «Перспективные методы селективного прямого окисления легких алканов в кислородсодержащие органические соединения в мягких условиях».

II орын:

  • Матаев М.М., Тұрсын Ж.И., Базарова Ш.И., Әбдуәлиева А.А., Тағабай А.Б. – «RSrBiO₄ (R=Tb, Eu, Sm) күрделі оксидтік жүйелерін синтездеу және олардың құрылымдық ерекшеліктері»;
  • Кулумбетова Х.Н., Өмірзақова А.Т. – «Оптимизация синтеза молекулярно-импринтированных полимеров для высокоселективного определения и экстракции бисфенола А в объектах окружающей среды».

III орын:

  • Ажғалиева А.К., Өмірзақова А.Т. – «Сравнительный анализ промысловых растворителей для ликвидации асфальтено-смолисто-парафиновых отложений (АСПО) в скважинах»;
  • Мырза А.Н., Сүттібай Қ.Қ., Азимбаева Г.Е. – «Түсті металлургия өндірісінің қалдығын қайта өңдеу»;
  • Әбдібай А. – «Энергетикалық сусындардың адам ағзасына әсері».

2-секция. «Биологиялық зерттеулердің заманауи әдістері мен технологиялары»

Бас жүлде: Аденова Б.Е., Кенесалы А.Е., Билял А.Н. – «Мектеп оқушыларына тұрақты даму мақсаттарын оқытудағы педагогикалық тәсілдер».

I орын:

  • Әбдібай А., Бұлашева А.И. – «AI VETSKIN: Жасанды интеллект арқылы жануарлар терісіндегі өзгерістерді анықтау және цифрлық мониторинг».

II орын:

  • Арзыбаев М., Кыдырмаева Н.Ш., Мамбетова Ж.С., Джапаров Н.Р., Ажыбеков Н.А. – «Острая токсичность триамедола (дигидраттетpа-1,2,4-триазол сульфат меди (II))»;
  • Маткәрім М.М., Ануарова Л.Е. – «Итмұрын (Rosa L.) түрлерінің биологиялық ерекшеліктері және табиғи орта жағдайларына бейімделуі».

III орын:

  • Шокабаева А.С., Рахметова А.М., Нурлыбаева К.А. – «Тау-кен өнеркәсібіндегі кәсіптік биологиялық қауіп факторларын анықтау және бағалаудың заманауи әдістері»;
  • Утаралиев Д.М., Омирзакова А.Т. – «Современные подходы фитобиотехнологии в получении наноматериалов и перспективы их применения в биологии и медицине»;
  • Nussipbay R., Temirkhan B. – «Application of Plant-Derived Natural Pigments in Biological Research: Methods and Perspectives».

 

3-секция. «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АЙМАҚТАРЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ»

Бас жүлде: Жарылқасым М.Н., Жолдасова А.М., Қазыбек Д.Т. – «Ұлытау ауданы шегіндегі Бетпақдала шөлінің өсімдік жамылғысының 2018–2026 жылдардағы мамыр айындағы кеңістіктік-уақыттық өзгерістерін геоақпараттық технологиялар негізінде бағалау». Ғылыми жетекші: аға оқытушы Оспанбаева А.А.

 

I орын:

  • Мамирова К.Н., Есеналиева Ж.Т., Бегұлы Ж.Н., Сейтхан Е.Ж., Тағай А.Н. – «География пәнін оқытуда цифрлық білім беру ресурстарын қолданудың педагогикалық тиімділігі».

II орын:

  • Алдабергенова М.Т., Ақтаева Ә.Н. – «Еңбекшіқазақ және Іле аудандары топырағының химиялық құрамын анықтау»;
  • Тұрсынжанқызы Қ., Садықова Д.А. – «Қазақстанның астротуризм әлеуетін бағалау».

III орын:

  • Байшагирова А.С., Қасенов С. – «Қазақстандағы метеорологиялық қызметтің қалыптасуы мен даму тарихы»;
  • Жанболатқызы Ә., Тлеубергенова К.А. – «Тұран шөлдерінің экологиялық жағдайы»;
  • Тоқтасынова Қ.А., Төлегенов Е.А. – «7-сынып географиясында “Жердің ішкі құрылысы” тақырыбын оқытуда географиялық деректерді визуализациялау әдістері».

4-секция. «Білім беру саласындағы ғылыми зерттеулер мен педагогикалық тәжірибе»

Бас жүлде: Аманбай Т.С., Сариева А.А. – «Химиялық зертханалық ортаны инклюзивті жобалау: көру қабілеті бұзылған білім алушыларға арналған зертханалық оқыту тәжірибесі».

I орын:

  • Турынгалиева Г., Серікқызы З., Құрманбек Т. – «The Potential of Virtual Laboratories for Developing University».

II орын:

  • Найманғазы А. – «Оқушы дәптерімен жүйелі жұмыс жүргізу – білім сапасын арттырудың тиімді әдісі»;
  • Аденова Б.Е., Алтай Р. – «Экологиялық білім беруде цифрлық технологияларды қолдану мүмкіндіктері».

III орын:

  • Биржан А.Б., Матаев М.М., Тұрсын Ж.И., Батырбекова Ж.Д. – «Химияны оқытуда білім алушылардың әлеуметтік-экологиялық жауапкершілігін дамытудың теориялық негіздері»;
  • Пешентай Ы.М. – «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың химиялық тілді меңгеруіндегі қиындықтар: лингвистикалық-дидактикалық аспект»;
  • Байташева Г.У., Искакова Р.Ш. – «Білім беру үдерісінде STEAM-тәсілдерін қолданудың теориялық және әдістемелік негіздері».

Жеңімпаздар мен үздік зерттеулер арнайы марапатталды

Конференцияның қорытынды бөлімінде барлық төрт секция бойынша үздік деп танылған ғылыми жұмыстардың авторлары марапатталды.

Бас жүлде иегерлеріне химия ғылымдарының докторы, профессор Болат Мажекенұлы Бутин атындағы бір реттік шәкіртақы тағайындалып, 20 000 теңгелік сертификаттар берілді.

Аталған марапаттар жас зерттеушілердің ғылыми ізденістерін қолдауға, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және ғылымға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Ғылыми мұра – ұрпаққа аманат

Болат Мажекенұлы Бутиннің туғанына 80 жыл толуына орай ұйымдастырылған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ғалымның есімін ұлықтап қана қоймай, оның ғылым мен білімге сіңірген еңбегін кейінгі ұрпаққа танытқан маңызды ғылыми алаңға айналды.

Конференция отандық және шетелдік ғалымдардың тәжірибе алмасуына, жас зерттеушілер мен білім алушылардың ғылыми әлеуетін танытуына, жаңа ғылыми байланыстар мен бірлескен жобалардың қалыптасуына мүмкіндік берді.

Профессор Болат Мажекенұлы Бутин 2016 жылы өмірден өтсе де, оның ғылыми еңбектері, тәрбиелеген шәкірттері мен университеттің дамуына қосқан үлесі ұмытылмайды. Ғалымның жарқын бейнесі мен өнегелі өмір жолы әріптестері, шәкірттері және кейінгі ұрпақтың жадында мәңгі сақталады.

Ғалымның есімі – құрметпен, ғылыми мұрасы – ұрпаққа аманат.

 

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
Жаратылыстану факультеті
Химия кафедрасының меңгерушісі

PhD, қауымдастырылған

профессор м.а. Жапекова Анар Оразгалиевна