Анасының бейітін кұшақтап, ән айтқан бүлдіршін жұрттың жүрегін елжіретті

Желіде қайтыс болған анасының бейітін кұшақтап, ән айтқан кішкентай қыздың бейнежазбасы жұртты жылатты, деп хабарлайды KYN.KZ.

Бейнежазбадан Қазақстан өңірлерінің бірінде бүлдіршіннің анасының бейітінің басында ана туралы ән айтып, артынша бейітті құшақтап сүйгенін көруге болады. 4-5 жасар қыздың анасын сағынып, жасаған әрекетін көрген қалың көпшілік көз жасына ерік берді.

«Жаным-аууу. Алла бағыңды ашсын», «Аллай, жаным-ай, анасын сағынып жүрген құлыншақ. Сабыр беріп аман-есен өсіп, анасының көрмеген қызықтарын көрсетсін Алла», «Ана мен бала ешқашан ажырамасын, жыламасын», «Бақытты бала болсын», «Жаным! Алла тек ана мен баланы сынамаса екен. Ананың жоқтығы өтееее қиын», — дейді көпшілік.