Жаңа есім. Біздің кандидат.

Нұрлыбек Даралиев – қоғам белсендісі, спорт жанашыры, жомарт жан.

Биылғы 19 наурызға тағайындалған Мәжіліс және мәслихаттар сайлауының үгіт-насихат жұмыстарының бастау алғанына бүгін төртінші күн. Үміткерлердің қатысуымен өтіп жатқан шаралар кең ауқымда, мейлінше көп тұрғындарды қамтуды көздеуде.

Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттардың бірі Нұрлыбек Даралиев сенімді өкілдерімен бірге «Мұрагер» сауда орталығына барып, халықпен жүздесті. Өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, AMANAT партиясының бес жылдық бағдарламасының басым бағыттарын атап өтті.

Сауда орталығына келушілердің өңір үшін маңызды мәселелері мен оларды шешу жолдарына қатысты ұсыныстарын да тыңдады.

Кандидат Нұрлыбек Даралиев – Атырау қаласының тұрғыны, 1990 жылы туған. Екі жоғары білімі бар білікті маман, еңбек жолын балалар жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушыдан бастаған.

Нұрлыбек Нұрболұлы – спорт саласындағы жемісті еңбегімен қатар, қайырымдылық шараларға да белсенді қатысушыларың бірі. Пандемия шағында ерікті түрде қызыл аймаққа еніп, ақ халаттылырдың адам өміріне араша болуы үшін қолдау білдіріп, оттегі балондарын тарату секілді жұмыстарды ұйымдастырды. Қазіргі таңда «Елін сүйген ерлер» қайырымдылық қоғамдық бірлестігінің төрағасы. 

Тапсырыс беруші: AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы
AMANAT партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатынан төленді