«Депрессияда жүргенде таныстым»: Қыран Талапбек Айжұлдызбен ажырасқан соң жан жарын тапқанын айтты
Мобилограф Қыран Талапбек Жанар Айжанованың қызы, актриса әрі дизайнер Айжұлдыз Адайбековамен ажырасқан соң өзінің сүйіктісін тапқанын және басы бос еместігін айтты, деп хабарлайды Taboo бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Қыран Талапбек Айжұлдыз Адайбековамен ажырасқан соң депрессияға түскенін жасырмады. Сол кезде ол өзінің сүйіктісін кездестірген.
«Депрессиядасың… Қиналып жатсың… Мына жақта сені жеп жатыр. Қырсықтық ұстап, қиналғанымды көрсетпедім. Ажырасқаннан соң 4-5 айдан кейін рестораннан бір қызды көріп қаламын. Ол анасымен бірге тамақтанып отырды. Кеш соңында оның төлемді кешбэк арқылы төлеп жатқанын көріп, мейрамханадағылардан номерін сұрап алдым. Солай сөйлесіп кеттік. Негізі мен бір адаммен көп сөйлесе алмаймын. Бірақ жарыммен, сүйіктіммен кештен таңға дейін сөйлесетінмін. «Қалай ішім пысқан жоқ», — деп ойлайтынмын.
Интеллектуалды тұрғыда ол менің айтқанымды, мен оның айтқанын тез түсінетінбіз. Сенің өмірің быт-шыт болып жатады, ал бір адам сені түсінеді
. Алты ай бойы жай дос ретінде сөйлесіп жүрдік. Содан соң кездесуге шақырдым. Уақыты келгенде бәрін білесіздер. Қазір менің басым бос емес», — деді Қыран. Айта кетелік, Қыран Талапбек бұған дейін өзінің Айжұлдызбен ортақ ұлымен араласып тұратынын мәлімдеген болатын.