Айдарбек Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды БОРТN1 Telegram арнасы. «Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Солтүстік Қазақстан облысының әкімі лауазымына тағайындалды», -деп жазылған хабарламада.

Сапаров Айдарбек Сейпілұлы 1966 жылы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Омбы ауыл шаруашылығы институтын (1992), Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2006) зооинженер мамандығы, мемлекеттік басқару бакалавры бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1984 жылы совхоздың бухгалтері болып бастаған. Әр жолдары ауыл шаруашылығы министрлігінде, аудан, облыс әкімдігінде түрлі қызметтерін атқарған. «Құрмет» орденімен, «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

Еске салсақ, бүгін Президент Жарлығымен Павлодар облысы әкімі қызметінен босатылып, Олег Павлович Крук Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалған еді.

kaz.nur.kz/