«Таңғы елес» әнін сұраған жас жігіт сахнада Айгүл Иманбаеваға тап берді (видео)

Әнші Айгүл Иманбаеваның концертінде өнер иесіне «Таңғы елес» әнін бірге айтуды өтінген жас жігіт тап берді. Сахнада болған келеңсіз жайттың видеосы zhuldyzdy_news Instagram парақшасында жарияланды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан сахнаға атып шыққан жігіттің әншіге «Таңғы елес» әнін айтуды талап еткенін көруге болады. Айгүл Иманбаева «Сценарий бойынша «Таңғы елесті» кештің соңында айтамын. Міндетті түрде айтамын» деп құтылуға тырысқан. Алайда тыңдарман жігіт сахнадан түсе қоймағасын, күзет шақырады. Сәлден соң өзге азаматтың көмегімен жас жігітті сахнадан алып кетеді. Видеодан көрермендер арасында да концертке келген тыңдармандардың “айтсайшы” деп айқайлағанын естуге болады.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Zhuldyzdy News, VINE’s 🇰🇿 (@zhuldyzdy_news)

/kaz.nur.kz