Айжұлдыз Адайбекова түсінде ұлы мен өзінің жанынан белгісіз жанды көргенін айтты (видео)

Блогер Айжұлдыз Адайбекова «Talk Like» бағдарламасында түсінде ұлы екеуінің жанынан белгісіз адамды көргенін айтты. Сонымен қатар жас әнші өзіне сезім білдіретін азаматтардың барын да жасырмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

» Екінші рет мен түсімнің толығырақ нұсқасын көрдім. Екінші рет ол жерде жалғыз болмадым. Қасымда бір адамды көрдім, баламды көрдім. Қағбаның жанынан өзімнің отбасымды көрдім. Ол емес (Қыран — ред), басқа адам. Оның кім екенін өзім білмеймін. Бірақ сол жанды көрдім. Мен, болашақ адамым және қолымда баламды көрдім. Бәріміз Қағбаның алдында тұрмыз. Мен сол нәрсені көргенде қатты жыладым», — деді Адайбекова.

онымен қатар Жанар Айжанованың қызы өзіне сезім білдіретін жігіттердің барын да жоққа шығармады. «Ондай адамдар бар, көп», — деді ол. Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда әншілікке бет бұрған Айжұлдыз Адайбекова жақында қасиетті Меккеге барып келді. Блогер өзінің Меккеге жасаған сапарын неліктен әлеуметтік желіге жариялағанын, өзінің орамалға қатысты көзқарасын айтып берген болатын.