Ақын Ұлықбек Есдәулет заңгер Айгүл Орынбекке араша сұрады
Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет заңгер Айгүл Орынбекке араша сұрады. Бұл туралы Ұлықбек Есдәулет Facebook-тегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ақын заңгердің отбасына қысым жасалып жатқанын айтып, оның дер кезінде тоқтатылуын талап еткен.
«Әділдіктің жолындағы жанкүйер құқық қорғаушы, қанатымен су сепкен қарлығаштай шыр-пыр болып жүріп, халықтың қошаметіне бөленген заңгер қыз Айгүл Орынбектің отбасына қысым жасау тоқтатылсын! Әділетті Қазақстанды әділет іздеуде тура жолдан таймайтын осындай турашыл, табанды, өжет жандармен бірге құрсақ керек!», — деп жазды Ұлықбек Есдәулет.
Айта кетейік, Айгүл Орынбек Түркістан облысындағы біраз былықтың бетін ашқан заңгер.