Алматы облысында шетелдік азамат медресе ашып, 19 баланы заңсыз оқытқан
Алматы облысы Қарасай ауданында 19 баланы заңсыз оқытқан жасырын медресе жұмыс істеп тұрғанын анықтады, деп хабарлайды Altyn-orda.kz Ulysmedia.kz. ға сілтеме жасай отырып
Облыстық прокуратураның мәліметіне қарағанда, Тәжікстан елінің тумасы жеке үйдің аумағында араб жазулары бар діни әдебиеттерді қолданып, балаларға сабақ берген.Тексеру кезінде 179 дана діни әдебиет, сонымен қатар ұялы телефон мен ноутбук тәркіленіп, тиісті сараптамалар белгіленді. Кінәлі адамды заңмен белгіленген жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр. Қазір балалар ата-аналарына қайтарылды, – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, дәл осыған ұқсас жағдай Шымкент қаласында да тіркелді. Онда елімізде шектеу қойылған діни ағым өз жұмысын жасап келген.