Алматыдағы Ленин ескерткіші алынып тасталды

Әлеуметтік желіде экономист Бауыржан Жақсыберген Алматы-1-дегі соңғы ірі Ленин ескерткіші алынғанын жазып, суретпен бөлісті деп хабарлайды qamshy.media
Алматыдағы Ленин ескерткішінің алынуы талқыланды
«Бұл дәуірдің соңы ма, әлде қаланы кеңестік елестерден тазартатын уақыт әлдеқашан жетті ме? Бір жағынан — тарих, бірнеше ұрпаққа таныс болған нысан және «естелік». Екінші жағынан – қазіргі мегаполисте тоталитарлық режимнің өкілдеріне арналған ескерткіштердің тұруы, кем дегенде, оғаш көрінеді. Бір қызығы, 2014 жылы оны алып тастауға әрекет жасалған болатын, алайда сол кезде жұртшылық ескерткішті сақтап қалды. Ал қазір бәрі тыныш өтті, ешқандай шу да, митинг те болған жоқ. Күресуден шаршады ма, әлде енді оған ешкімнің мәні жоқ па?», – деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Ол оқырмандарға «Ленин ескерткішін ашық аспан астындағы музей экспонаты ретінде қалдыру керек пе, әлде оны отыз жыл бұрын-ақ алып тастау керек еді деп ойлайсыздар ма?» деген сұрақ қойды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram










