AMANAT партиясының кандидаттары мен сенімді өкілдері Атырау гуманитарлық колледжі ұжымымен кезесу өткізді

AMANAT партиясының кандидаттары мен сенімді өкілдері Атырау гуманитарлық колледж ұжымымен кезесу өткізді

AMANAT партиясының сайлауалды бағдарламасы әр қазақстандықтың өзі жолдаған сауалға жауап алуына мүмкіндік береді. Бүгін партия атынан алдағы сайлауға қатысатын бір топ кандидаттар мен сенімді өкілдер Амангелді Абдолов, Арман Баженов, Қуандық Жакиялиев, Роман Мақсотов, Жалғас Дүйсенғалиев, Фаруза Шангереева Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледж ұжымымен кезесу барысында осындай мәліметтер келтірді.

Ауылды дамыту – мемлекет ұстанған негізгі бағыттардың бірі. Бұл ретте партияның «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында аталған тақырып кеңінен қарастырылған. Мәселен, қазақ жерінің өзегі саналатын ауылдың тұрмысы қалалық деңгейге жақындауы тиіс. Инфрақұрылымдық жүйелері жеткіліксіз, интернет байланысы нашар, жолы сапасыз елдімекендер де ел аумағында кездеседі. Осы олқылықтардың орнын толтыру мақсатында сайлауалды бағдарламада негізгі функциялар айқындалған. Атакүлдіктегі ағайынның табысын арттыруды көздейтін «Ауыл аманаты» партиялық жобасы да осы бағытпен үндес. Еңбек ұжымымен кзедесу барысында ауылды дамыту шаралары туралы нақты айтылды.

AMANAT партиясының кандидаттары мен сенімді өкілдері Атырау гуманитарлық колледж ұжымымен кезесу өткізді

Еркін басқосуда елдік маңызы жоғары мәселе – қазақ тілінің мәртебесін көтеру тақырыбы кең талқыға түсті. «AMANAT партиясының алға қойған ұстанымдарының бірі қазақтілді контент жасаушыларды қолдау, қаржылай демеу білдіруге ықпалдасу, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жұмыс жүргізу. Осы бағыттағы бастама, жастардың жаңашыл жобаларын қолдауға партия дайын» деді кандидаттар. Басқосуда басқа да айтылған тақырыптар назарға алынды, алдағы ақытта сайлауалды бағдарламаны толықтыру барысында қолданылмақ.

 

Жиынды қорытындылаған Амангелді Абдолов: «AMANAT партиясы – сөздің емес, істің партиясы. Ал, партияның алдына қойылған негізгі міндеттердің авторы – халық. Өйткені, стратегиялық мақсатты көздейтін бұл құжат халықтың сұраныстарына негізделген» деп түйіндеді.

 

Тапсырыс беруші: AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы
AMANAT партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатынан төленді