Атырауда шенеунік енесінің KaspiGold-ымен пара алды

Көлік бақылау инспекциясының бас маманы заңды тұлғалардың ауыр салмақты көліктерінің еркін және кедергісіз қозғалуына рұқсат берген деп хабарлайды  altyn-orda.kz

Ол үшін 2020-2022 жылдар аралығында 13 компаниядан бірнеше рет пара алған. Оның жалпы соммасы — 23 817 000 теңге.

Мемлекеттік қызметші параны өзі алмаған. Әйелі, анасы, енесі мен әріптесінің жұбайына ашылған Kaspi Gold қосымшасы арқылы жіберуді талап еткен.