“Асқан еті қандай, нағыз қазақтың келіні»: Желіде қазаққа тұрмысқа шыққан украин әженің видеосы жұртты тәнті етті

Әлеуметтік желіде тың игеру кезінде Қазақстанға көшіп келіп қазаққа тұрмысқа шыққан украиндық әженің видеосы жұртты сүйсіндірді. 9 баланы дүниеге әкелген кейуана қазақтың дәстүріне, тіліне әбден үйренген. Бұл туралы     Altyn-orda.kz       Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып  хабарлайды. 

Роликтің авторы әжесін түсірген видеоны TikTok желісіне жариялаған. Видеода “менің әжем Наталья Григорьевна” деген. Немересінің сөзінше оның отбасы Украинадан Қазақстанға, Сурган шағын станциясына көшіп келген. 

«Дәл сол жерде олардың керемет тарихы басталды. Бүгін менің әжем 74 жаста, ол 9 баланы дүниеге әкелген нағыз батыр ана. Қазақ тілін еркін меңгерген, халқымыздың барлық салт-дәстүрлерін біледі және құрметтейді. Исламды қабылдады. Мен үшін үлгі, мақтаныш», — деді немересі.

Кадрларда әжесі ет асып жүріп өткендерімен бөліседі. Ол алғаш келін болып түскенде қазақ тілін білмегенін, ал жұбайы орысша түсінбегенін айтады. Кейіннен тілді үйреніп алған екен. Қазір Наталья әжей қазақша сайрап тұр. 

Бейне миллионнан астам қаралым жинап жұртшылықты тәнті етті.

“Қазаққа ұқсап кеткен екен”, “Қандай әдемі әже”, “Менің марқұм әжем неміс ұлтынан еді. Ол да тек қазақша сөйлейтін”, “Менің анам неміс, әкем әзірбайжандық. Екеуі де қазақша дәстүрмен өмір сүрді”, “Осындай әжені қаратқан ата да қалысып тұрған жоқ”, “Асқан еті қандай! Жарайсыз апа”, “Нағыз қазақтың келіні”, – деді пікір білдірушілер.

 

@utipusechki На видео — моя аже Наталья Григорьевна. Родом она из Украины, во время целины ее семья переехала в Казахстан, на небольшую станцию Сурган. Именно там началась их невероятная история. Сегодня моей бабушке 74 года, она — настоящая героиня, родившая 9 детей. Свободно владеет казахским, знает и чтит все обычаи и традиции нашего народа. Приняла ислам. Для меня пример и гордость! ❤️👵 #СемейныеЦенности #ГероиНашего Времени #ажека #ажеукраинка #ажекалюбимая ♬ оригинальный звук — 🖤Dana🖤