Ауғанстанда 2 млн 400 мың қыз бала білім алу мүмкіндігінен айырылған

Видеодан кадр
ЮНЕСКО дерегінше, елде 10 жасқа дейінгі қыздар бастауыш білім алғанымен, одан кейін мектепте оқуын жалғастыра алмайды деп хабарлайды 24.kz
Ауғанстанда қыздардың білім алуына қатысты шектеулер 2021 жылдан бері енгізілген. Соның салдарынан мектептен тыс қалған қыздардың саны жыл сайын артып келеді. Былтырғы оқу жылымен салыстырғанда олардың қатары тағы 200 мың адамға көбейген. Егер жағдай өзгермесе, 2030 жылға қарай мектепке бара алмайтын қыздардың саны 4 миллионға жетуі мүмкін.
ЮНЕСКО елдегі жалпы білім сапасына да алаңдап отыр.
Ұйым мәліметінше, Ауғанстандағы 10 жастағы балалардың шамамен 90 пайызы қарапайым мәтінді толық оқып, оның мағынасын түсіне алмайды.
Қыздардың білім алуына қойылған шектеулер ұзақ мерзімде елдегі дәрігерлер мен мұғалімдер тапшылығын да күшейтуі ықтимал.
БҰҰ мен халықаралық ұйымдар Ауғанстан билігін қыздар мен әйелдердің білім алуға, жұмыс істеуге және өз болашағына қатысты шешім қабылдауға деген құқықтарын қамтамасыз етуге шақырып келеді.
Дереккөз: 24.kz










