Динара Сәтжан мен Баян Алагөзоваға тіл тигізген ақтөбелік емші 1,5 миллион теңге айыппұл арқалады

Ақтөбелік емші Бағдагүл Лепесова продюсер Баян Алагөзова мен журналист Динара Сәтжанға қатысты айтқан сөздері үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Сот оны «жала жабу» бабы бойынша кінәлі деп танып, 1 млн 557 мың теңге айыппұл салды.

Іске әлеуметтік желіде тараған даулы видео себеп болған. Баян Алагөзова видеода өзі туралы шындыққа жанаспайтын, ар-намысына тиетін мәлімдемелер айтылғанын жеткізді және медиациялық келісімге бармайтынын мәлімдеді.

Ал Бағдагүл Лепесова сотта кінәсін мойындамай, даулы видеоны өзі түсірмегенін және жәбірленушілер туралы мұндай пікір айтпағанын алға тартты.

Соған қарамастан, сот оны Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-3-бабы бойынша кінәлі деп таныды. Айыппұл 30 тәулік ішінде төленуі тиіс.

Дереккөз: Stan.kz