«Бурабай Жылу» есепшісі бюджет қаржысына Кипрдан үй алмақ болған

«Бурабай Жылу» мемлекеттік-коммуналдық мекемесінің бас есепшісі, директордың орынбасары және жеке кәсіпкер бюджеттің 101 миллион теңгесін қалтаға басқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жымқырылған қаржы жылу қазандықтарын, желілерді жөндеуге бөлінген.

Бас есепші сыбайластары арқылы қаражатты қолма-қол ақша етіп алып, кейін АҚШ долларына ауыстырған. Осылайша, 76 миллион теңгесін Солтүстік Кипрде жылжымайтын мүлік алу үшін құрылыс компаниясының түркиялық банктегі шотына аударған.

Соттың шешімімен осы іске қатысы бар адамдардың барлығы Қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Шығын толық өтелді.