«Тоқаев дегенде ішкен асымды жерге қоямын, оған теңдес адам жоқ» – Шаханов

Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақтастары белгілі ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановпен кездесті. Ақынмен кездескен Тоқаевтың жақтастары президенттің сайлауалды бағдарламасы туралы сөз қозғады.

– Елде үлкен саяси науқан, бұл тарихи сәт. Әрбір қазақ азаматы атсалысуы керек. Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатын қолдаймыз. Президенттің сайлауалды бағдарламасы халықтың көкейінде жүрген барлық мәселені қамтиды, – деді Сабыржан Зайнидинов.

Тоқаевтың жақтастарын тыңдаған ақын бата беріп, Тоқаевты толық қолдайтынын айтты.

– Қасым-Жомарт Тоқаевтың саясатын толық қолдаймын. Себебі, оған теңдес адам жоқ. Өте шыншыл адам. Елдік, ұлттық мүддеге терең тамыр жіберген адам. Тоқаев дегенде ішкен асымды жерге қоямын. Шындық биігінен, рухани әділдік биігінен бой көрсете беріңдер! Сол биікте бас қоса берейік, – деді Шаханов.

orda.kz