Дәстүрлі әнші Айгүл Қосанова көпшілікке төрт қабат зәулім үйін алғаш рет көрсетті. «Жұлдызды шаңырақта» бағдарламасында өнер иесі қаланың ортасында орналасқан үйінің 300 шаршы метрден асатынын айтты, деп хабарлайды Altyn-orda.kz KAZ.NUR.KZ ге сілтеме жасай отырып
«Төрт қабаттан тұрады. Бұл жерде ескі үй болды. Сол үйді сүріп тастап, орнына жаңасын салдық. Үйдің жері өте кішкентай. Сондықтан төрт қабат қылуға шешім қабылдадық», — деді әнші.
Өнер иесінің айтуынша, үй қаланың ортасында орналасқан. «Үйдің көлемі 300 шаршы метрден асады. Орналасқан жері жақсы, қаланың ортасы. Балалардың жүріп-тұруына ыңғайлы», — деді Айгүл Қосанова.

