Диплом Орта мектепте мемлекет және құқық пәнінің оқыту

ЖОСПАР

 

Кіріспе

І тарау. Орта мектепте мемлекет және құқық пәнінің оқыту

               жағдайы, проблемалары

  • Құқықтық мемлекет қағидалары және орта мектептегі мемлекет және құқық пәнін оқыту еркшеліктері
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша «Құқықтану негіздері» пәні орта мектепте

 

ІІ тарау. Мемлекет және құқық пәнін оқытудың бағдарламасы

                әдіс-тәсілдері және жетілдіру жолдары

              2.1. Бастауыш эжәне орта буын сыныптардағы

                     мемлекет және құқық пәнін оқыту жолдары.

                     1-7 сыныптар

              2.2. Жоғарғы сыныптардағы құқық пәнін оқытудың

                     ерекшеліктері және жетілдіру жолдары

                     8-11 сыныптар

 

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

          Тақыптың өзектілігі. Қазіргі кезңде жастарға құқықтық білім берудің маңызы өте зор болып отыр. Бүгінгі мектеп оқушысы ертеңгң қоғамымыздың заңды жалғастырушысы. Олай болса олардың сауаты да саналы азамат ретінде қалыптастырудың құқықтық тәрбие нәрін берудің қагшалықты маңызды екендігі де түсінікті. Ертеңімізді сеніп тапсыратын жас ұрпақ үшін ең қымбат қазына адам және адамның бостандығы мен өмірі болып табылатын құқықтық сана қалыптастыру кезек күттірмейтін міндет болып отыр.

          Ұлттық мемлекетіміз құрылып, тарихи дамудың сара жолына шығудың арқасында жаңа ққытық жүйе қалыптаса бастады.

          Егеменді мемлекетіміздің құрылу тарихындағы ел тағдырына түбегейлі әсер еткен ірі өзгерістерге тоқталып өтетін болсақ: олар 1992 жылы 25 қарашада «Қазақ СССР-ң мемлекеттік егмендігі туралы декларациясының, 1991 жылғы 16 желтоқсанда»Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңның және ең бастысы 1993 жылы 25 қаңтарда мемлекетіміздің негізгі заңы Конституцияның қабылдануына тікелей байланысты /1/.

          Бірақ, 1995 жылы 30 тамызда қоғмдағы өзгерістерге, соңғы талаптарға сай,  толықтырылған жаңа Констиуция бүкіл халықтық референдум нәтижесінде дүниеге келді.

          Референдум дегеніміз- мемлекет өмсірінің маңызды мәселелері жөнінде хаолықтың шешім қабылдауы /2/.

          Бұл Крнституцияға адамгершілік принціпке негізделген заң деп күмәнсіз айтуға болады. Сесбебі оның ұйытқысы адамның құққтары мен бостандықтары. Қабырғасы  жаңа қаланып отырған қоғамның бір екрешелігі- мемлекет, қоғам алдында жеке адамның жауаптылығын арттыру, жеке адам құқықтарының құқытарын орынды пайдалану мен қатар, басқалардың қол сұғуынан заңды жолмен қорғана білу де қажет.

          Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғамның және мемлекеттің негізгі заңы мемлекет пен қоғамның нығаюы, дамуы және қоркеюі адамдардың кауіпсіздігі, олардың заңсыз өмір сүріп, өздері үшін қоғам үшін пайдалы жұмыс істеуі заңдардың  мүлтіксіз орындалуына байланысты. Заңдылықсыз ешқандай құқықтық тәртіп болмайды.

          Егемендікке қол жеткеннен бері мемлекетіміздің негізгі Ата заңы мен бірге 250 –ден астам заңдар қабылданып, адамдардың арақатынасын жаңа шынайы демократиялық негізде реттеуге жол ашылды. Осындай түбегейлі өзгерістерге орай, әр Конституцияда аталып көрсетілгендей құқықтық мемлекет құруымызға бет бұруымыз құқықтану пәніне бүгінгі таңда айырықша мән беруді талап етеді.

          Осыған байланысты және Қазақстан Республикасындағы құқытық реформа жасадың мемлекеттік бағдарламасын атқару үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 21 мауысымында «Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей құқытың оқуды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысы қабылданып, осы қаулымен оқушы жастарды құқытық оқыту тұжырымыдамасы бекітілген.

          Бұл тұжырымдама бекітілгенге дейін Республика мектептерінде 1991 жылыға дейін заңның құқытық негіздері 8 сыныптағы «Кеңес мемлекетінің құқытық негіздері» пәні арқылы үйретіліп келді. Ал егемендігімізді алғалы бері, орта мектептерде «Қазақстан Республикасы мемлекеті мен құқығы негідері» пәні 1992-1993 жылдары оқу жылыннан бері оқытыла бастады. Бұл уақыттарда ата заңымыздың толық қабылданып, үлгермеу себебінен осы пін бағдарламасыз, тек бағдарламаның жобасымен оқытқан болатын. Ең алғаш «Мемлекет және құқық» пәніне бағдарламалары Ғайрат Сапарғалиев құрастырып және 1994 жылы «Атамұра» баспасы көмегегімен.  «Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері» оқулығын жарыққа шығарды /3/.

          Бұл кітап ұлтымыздың тарихындағы тұңғыш рет мектеп оқушыларына арналған ана тіліміздеге  жазылған құқықтық төл еңбек болып табылады.

          Қазіргі күнге дейін бұл пән, осы ескі оқулықтың оқылуы жүйесімен  оқылып жүр.

          Мектеп жобасына дейінгі құқықты оқыту және құқықтық тәрбие мәселенің қажетті мемлекеттік маңызы бар дәрежеге көтеріліп отыр. Құқықты оқытумен құқықтық тәрбие берудің маңыздылығы Қазақстан халқының алдына қойып отырған тарихи мақсатын құқықтық мемлекет құруға байланысты құқықтық мемлекет құру үшін жаңа құқықтық жүйе қалыптастыру қажет, ол қоғамөмірін демократиялаға, адамгершілікке баулуға, адамдардың жағдайына, ұлтына, мүліктік жағдайына, қызметіне, жынысына т.с. белгілеріне қарап кемітуді жоюға бағытталады.

          Міне осындай құқықтық жүйе Қазақстан Республикаы өз егемндігене иеленіп, тәуелсіз болғанан бастап қалыптаса бастады. Бірнеше жыл дербес өмір сүру нәтижесінде Қазақстан Республикасында көптеген заңдармен құқықтық нормативтік актілер қабылданып, олар адамдар өмірінің түрлі  салаларын реттеуге бағытталды.

          Барлық қабылданатын заңдардың басым көпшілігі тікелей немесе жанамалы азаматтарға, жеке адамға туғаннан бастап қатысы бар. Әрбір адамөзіне қажетті, құқықтар мен босандықтардың қорғайтын заңдарды білуі керек.

Бұл мәселенің екінші жағы: заң адамға мінтеттер жүктейді. Адам басқалардың құқықтарын бұзуы керек, олардың өміріне денсаулығына ар-намысына қол сұқпауы керек. Адам түрлі жағдайда өмір сүреді. Отбасында, жұмыста, мектепте, көпшілік жерлереде т.с. барлық жерде белгіленген құқытық тәртіп бар. Соны сақтау керек.

Әрине бірде-бір адамның елдегі қолданылып жүрген барлық заңдарды білуі мүмкін емес. Дегенмен күнделікті өмірге қатысы бар заңдар қағидаларының жалпы нұсқаларын білген жөн. Ол үшін құқықты тануды жастайынан, баланың жақсы мен жаманды айыра бастаған кезінен жүргізілген жақсы. Заң игілікті  жақсы, істерді, пайдалы әділ әрекеттерді жасауға рұқсат береді. Соынсен қатар жаман, зиянды, әділетсіз әрекеттерге тиым салады. Мұндай сабақты адам күнделікті өмірден стихиялы түрде алып отырады. Бірақ мұндай білім адамның заң туралы, оның адам, қоғм және мемлекет үшін қандай маңызы бар екендігі туралы, тұтас ой-жүйесін қалыптастырмайды. Заңдар туралы, адамның құқықтары туралы жүйелендірілген білімді адам тек оқу барысында ала алады, сондықтан осы игілікті жұмысты неғұрлым ерте бастаса, соғұрлым тезірек құқықтық сана қалыптасады.

Оларды тану Қазақстанда қандай мемлекет құрып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді, азаматтардың қандай құқықтары мен бостандықтары бар екенін, адамның заңды мүддесіне нұқсан келтірсе оларды кімнің қорғайтынын білетін болады.

Заңдарды үйретудің пайдасы сонда болады, егер, біріншіден, мұғалімнің өзі  заңның не екенін, олардың  әлеуметтік маңызды қандай екенін, заңның  талаптары мүмкінсіз орындалғаннындай зиян келетінін түбегейлі білуі тиіс. Осыған байланысты мұғалім өз құқы мен міндетін білген дұрыс, яғни Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңын білуге, оқу бағдарламасының орындалуына, оқушылардың білім санасының болуына, шәкірттердің адамгершілік қасиеттерін азаматтық ар-ождан беделін құрметтеуге, оқушыларға мамандық таңдауға ықпал етіп, кәсіптік бағдар беруге міндетті. Екіншіден, оқушылар зор ынта-ықыласпен заңдардың мәнін, мазмұнын оқуға, түсінуге тырысулары керек. Бұл да әрине, жетекшіліксіз. Заң туралы алған білімді, заңның идеяларын өз жеке басының ой-жүйесіне, сана-сәзіміне айналдыру керек. Сөйтіп әр адам өзінің өмірін, іс-әрекетін заңдар тарапына сай сәйкес жүзеге асырулары қажет. Сонда ғана құқықтық білімнің жеке адам үшін, қоғам және мемлекет үшін пайдалы болды.

Қазіргі таңда орта мектепте мемлекет және құқық пәні жылына 34 сағат, ал аптасына 1 сағаттан оқытылып жүр. Мемлекет және құқық пәніне мектепте өте аз сағат бөлінген. Бұл берілген 34 сағат ішінде оқушылар толық құқықтық білім алып үлгере алмайды.  Сол себепті балаларды құқықтық нормалар «әліппесіне» оқытуды мектептке дейінгі тәрбие мекемелерінен бастау ұсынылған. Өйткені, жеке адамның құқықтық санасының негізгі, жеке адам ретінде қалыптасуы сәби кезден, адамның жан-дүниесі енді қалыптаса бастаған кезден бастауы керек.

Болашақта осы пәнді1-ші сыныптан оқытуды енгізсе, оқушылар ерте жастан әртүрлі заңдармен таныса алар еді.. Сонымен қатар оқушылар өз бойында өзін-өзі тәрюбтелеуді қалыптастыру және заңды  сыйлағыш тұлғаны ерте жастан қылыптастыра алатын еді.

Қазіогі кезде білім жүйесі құрылымыдық және мазмұндық тұрғыдан жаңару үстінде. Білімді ізгілендіру мен демократияландыру бағытында үлкен өзгерістер жасалып жатыр.

Мәселең Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 1-бабына сәйкес, жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты жасалды. «Құқық негіздері» пәні бойынша стандарт 2002-2003 жылдар негізінде дайындалды. /4/.

Әрбір ел азаматы өз құқығын білуі тиісті және міндетті. Көп елдерде құқық пәні 1-сыныптан енгізілген. Осыған байланысты, Алматы қаласындағы Білім депаттаментінің 2003 жылғы мамыр айындағы 173а бұйрығы бойынша 1-11 сыныпқа  дейін «Құқық негіздері» пәні Алматы қаласындағы мектептерде енгізілуі ұсынылды. Осы бұйрыққа сәйкес Алматы қаласы Білім инстиуты «тарих кабинетінің» әдіскерлерінің басшылығымен 1-11 сыныптарға бағдарлама және әдістемелік нұсқау жасап шығарылды.

Алматы қаласының мектептері 2004 жылы қыза бастап осы бағдарлама бойынша жұмыс істеуде. Болашақта осы бағдарламаға сәйкес әдістемеліктер, оқулықтар шығару жоспарлануда. Бұл, Ы.алтынсарин атындағы Білім Академиясының қоғамдық, гуманитарлық, лабороториясының қызметкерлерінен қолдау тауып, Білім министрлігіне ұсыныс жасалынып, ғылыми Кеңесте бекітіп, Республикаға таратылуы ұсынылды.

Қазақстан әлеуметтік, азаматтық және құқықтық мемлекет орнатуға, қоғамды демократияландыруға бағыт алуы жалпы білім беретін мектептерде құқықтану негіздерін ең өзекті пәндердің бірі ретінде алдыңғы лекке шығарып отыр. Өйткені, келешекте өркениетті қоғам орнату құқықтқ білім берудің бүгігіне тәуелді. Осыған орай, құқықтану негіздерін бұдан гөрі толық және ертерек бастап оқыту проблемасы алға тартылуда /5/.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: «Мемлекет және құқық» пәнінің негізгі зертелу объектісі Қазақстан Респубдликасының констиуциялық құрлысы, Қазақстан қоғамының құқықтық жүйесі, құқық салалары-негіздері, адам құқығы, сот, прокуратура және өзге құқық қорғау органдарының қызметі, құқықтық қоғам мәселелері, құқықтық мәдениет, азамат пен мемлекет арасындағы құқықтық қатынастар болып табылады.

Стандарт мектеп оқушыларына, олардың  әлеуметтік, мүліктік және өзара жағдайларына қарамастан, құқықтанушылық білімдер тобынан қатардағы азаматқа үнемі қажет болатын ең маңыздыларының іріктеп алып игеруге мүмкіндік береді.

Бұл тақырып ьойынша зерттеулер өте аз. Кейінгі жылдары демократиялық құқықтық мемлекет мәселелері Қазақстандық ғалымдардың-философтардың, тарихшылардың, заңгерлердің еңбектерінде жан-жақты зеттелуде. Олардың қатарында: К.Бейсенбаев, С.Сортаев, С.Зиманов, О.Сегізбаев, Ғ.Сапарғалиев, С.Созақбаев секілді ғалымдарымыз көптеген еңбектер жазып жүр.

Қазіргі таңада осы пәнді қызықтыра ізденпаздықпен бағдарламалар, жекелеген оқулықтар жазуға өз үлестерін қосып жүрген ғалымдарды да атап өткен дұрыс. Алайда, профессорлар Мұхтаров А.Қ., Пашкевич И.А., философия ғылымдарының кандидаты Қ.Ж.Жүкеш, мұғалімдеріміз Қ.Қ.Кунапина, М.З. Иісова, Т.С.Асанбекова және т.с.

«мемлекет және құқық» пәнінің зерттелуі мерзімді басылым беттерінде де жарияланып жүр.

Ең алдымен бірінші зерттеулерге тоқталып өтетін болсақ, Дана Смағұлованың «Құқықтық мемлекет қағидаттары» //Қазақстан заңдары 1998 ред жарияланған зерттеулерде- егеменді еліміздің ата-заңына сәйкес мектеп оқушыларына құқықтық білім берудің маңыздылығына тоқталып өткен /6/.

Рыскүл Баймырзаеваның «Жалпыға бірдей құқықтық оқытудың өзекті мәселелері» //Қазақа заңдары 1998 №8 жарияланған зерттеуінде жас өспірімдерге құқықтық білім беруді- мектепке дейінгі тәрбие мекемелерінде балалар адамгершілік тәрбиесін алуды ұсынған. Өйткені, жеке адамның құқықытық сапасының негізгі, жеке адам ретінде қалыптасуы сәби кезден, адамның жан дүниесін енді қалыптаса бастаған кезден басталуы керек деген /7/.

Оразалиев С. «Құқықтық білім беру және тәрбиелеу» // Заң 2003 №5. Бұл мақаладанегізінен орта мектеп қалай құқықтық білім беру керек және оны қалай жүзеге асыру туралы айтылады. Сонымен қтара құқықтық пән мектептерде негізгі пән болып енгізілуі керек. Оқу құралдары міндетті және факультативті оқыту нысандарына арналып жазылуға тиіс жәнет.б. мәселелер қарастырылған /8/.

Қабдеш Ыдырысов «Заман талабынан туған оқулық» // қазақ тарихы 1995 №3 шығарылған мақала. Мұнда Ғайрат Сапарғаливтің «Қазақстан мемлекетімен құқығының негіздері» оқулығы туралы пікір жазылған. Бұл кітап ұлтымыздың тарихындағы тұңғыш рет мектеп оқушыларына арналып, ана-тілінде жазылған құқықтық төл еңбек болып табылады. Мақалада осы оқулыққа талдау жасалынған /9/.

Бұл айтылып өткен зерттеулермен қатар, көптеген мақалалар жарияланған болатын. Бұл зерттеулерде, яғни орта мектепте «Мемлекет және құқық» пәнінің оқытудың өзекті мәселелері қарастырылған.

Тақырыптың мақсаты: Орта мектепте «Мемлекет және құқық» пәнінің оқытылу ерекшеліктерінің маңыздылығын, өзекті мәселелерін көптеген зерттеулер мен мақалаларға сүйене отырып ашып көрсету және  сабақты өту барсыныдағы әдіс-тәсілдерді жетілдіру жолдарын бірнеше сабақ түрінен көрсету.

Тақырыптың міндеті:

  • Құқықтық білімдердің саналы түрде меңгерілуін, құқықтық биліктердің қалыптасуын қамтамасыз ету.
  • Қазақстан Республикасы және басқа заңдарын меңгерту, Қазақстан қоғамының даму заңдылықтарын және оның саяси құқықтық жүйесін оқыту арқылы оқушылардың құқықтық сауатты азамат болып өсуіне көмектесу;
  • «Құқықтану негіздері» пәніне жасалынған стандарттық бағдарлманың маңыздылығын ашып көрсету.

Бітіру жұмысының құрылымы: Жазылған жұмыс Кіріспеден, екі тарудан, әрбір тарау екі бөлімшеден, Қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер мен деректер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

І тарау. Орта мектепте мемлекет және құқық пәнінің оқыту

жағдайы, проблемалары

 

  • Құқықтық мемлекет қағидалары және орта мектептегі мемлекет және құқық пәнін оқыту еркшеліктері

 

Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекетретінде даму әрбір азаматтың бойына құқықтық сананы қалыптастырудан көрініс береді. Өркениетті қоғам үшін қымбат қазына-адам, адамның бостандығы мен өмірі десек, бүгінгі жас ұрпақ өкілдері осы қымбат қазынаны бағалай білу керек. Құқықтық мәдениетті қалыптастырудың түпкілікті негізі де осыдан басталады. /1/.

Бүгінгі күнгі құқықтық мемлекеттің өзекті мәселесі- Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасуы және өркениетті қоғам орнату, яғни Конституция негізінде және соған сәйкес мемлекеттің тұрақтылығын күшейту болып табылады /2/.

Осы мақсатта 1993 жылы 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы (негізгі заңы) қабылданған болатын /3/.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбае осы жылғы мамырдың 27-29 аралығында Республиканың ордабасы таңында XVIII ғасырдың аса көрнекті мемлекет қайраткерлері Төле биді, Қазыбек биді, Әйтеке биді еске алу күндерінде сөйлеген сөзінде: “Тәуелсіздік туып қолда беріп ұстау әрбір қазақтың ,Қазақстанды өз Отаным деп санайтын әр адамның ең басты борышы ,ең биік мақсаты ,құқықты мемлекетке ,демократиялық қоғамға тән заңдылық қағидасын қатаң сақтай алсақ ғана ол борышты адал ақтап, ол мақсатқа  қапысыз жете аламыз.

Конституцияны білу,заңдылықты сақтау – құқықты мемлекет құрудың бірінші шарты …заңды жетік білмейінше,оны сыйламайынша,берік ұстанбайынша біз өмірдің қай саласында да қиыншылықтан арыла алмаймыз.

Біздің болашағымыз – жастар.Біз жастарды өмірге бейімдей білуіміз керек  ”-деген болатын.Бұл сөздер жастарға, әсіресе мектеп оқушыларына Қ.Республикасының конституциясы мен заңдарын оқытып,үйретудің қаншалықты маңызды екенін дәлелдейді./4/

1995ж 30-тамызда қоғамдағы өзгерістерге,соңғы  талаптарға сай толықтырылған жаңа конституция бүкілхалықтық референдум нәтижесінде өмірге келді.

“Егер конституция жөніндегі Референдумға келетін болсақ»-дейді Қ.Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев – оның еліміз үшін іргелі салдары болды.. Бұрынғы конституция аса қарама-қайшылықта еді. Жаңа конституция өзінің мәні бойнша бүкіл мемлекеттік –құқықтық жүйені оның түбегейлі өлшемдерімен бірге қоғамның нақты жағдайына сәйкес етті.  Бүгінгі таңдабіз мемлекеттік биліктің құрылымдарындағы кез-келген қайшылықты шешу жөніндегі нақты процессуалдарға ие болып отырмыз. Негізінен еліміздің негізгі заңына көптеген мәселелер шешілген және  осының арқасында біраз проблемалар ретке келтіріледі.

Жаңа Конституцияға мемлекеттегі ең аумаңызды мәселе ретінде адам құқықтары мен бостандықтарына ерекше көңіл бөлінген. Сондықтан құқықтық мемлекеттің тағы бір тірегі- жеке адамның заңды мүддесін қамтамасыз ету, оның құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Еліміздің төл Конституциясында айтылған құқықтық мемлекет болуы үшін қоғамның құқықтық мәдениеті болуы керек. Ал оның басты элементтері құқықтық сауаттылық пен азаматтардың заңды сыйлап, оны орындауы болып табылады /5/.

1991 жылдан бастап жалпы орта білім беру жүйесін реформалау үрдісін шартты түрде брнеше кезеңге бөлген болатын. Соның ішінде, Тәуелсіз Қазақстанда білім берудің заңды негізін қалыптастыру кезеңі (1991-1993 жж.) аралығы. Бұл кезеңің негізгі міндеттері оқу-тәрбие үрдісін саясаттан бөлу, ел азаматтарына білім берудің мемлекеттік кепілдіктерін бекіту, білім беруді экономикалық жағынан қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерінжүзеге асыру үшін құқықтық негіздер жасау болды. Соның нәтижесінде «Білім туралы» заң 1992 жылы және «жоғарғы білім туралы» заң 1993 жылы қабылданды. 1994 жылы тамызда «Қазақстан Республикасындағы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы» қабылданды /6/.

Көп салада әрбір азаматтың білім алуына, қоғамның жоғары білім беруіне арналған, жоғарыдағы жазылып өткендегі біршама заңдар жарық көрген.

Мәселен 1993 жылы қабылданған «Жоғары білім беру туралы Қазақстанның заңында», жоғары білім беру саласындағы мемлекеттік саясат принціптерін белгілейді, жоғары оқу орындарының ұйымдастырылуы мен қызметінің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін орнықтырады, азаматтардың жоғары білім алуға, Констиуциялық құқықтарын іске асыруға жағдай жасауға бағытталған, олардың құқықтары мен міндеттерін, құзіреті мен жауапкершілігін белгілейді /7/.

Жалпыға бірдей білім беру заңы осымен шектеліп қоймайды, бұл мәселені шешуде тұрмысы төмен және көп балалы отбасыларға қамқорлық жасауда Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1998 жылғы 28 тамыздағы  Қаулысымен бекітілген «Жалпыға бірдей білім беру қоры туралы Ережесі» үлкен рөл атақарады.

Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесіндегі тарихи оқиға 1998 жылы желтоқсанында  өткен білім қызметкерлерінің І құрылтайы болды. Онда білім беру жүйесіндегі игіліктерді сақтай отырып, болашақта осы саланы одан әрі реформалау мен дамытуға құқықтық, мамандық, ғылыми-әдістемелік, қаржы-материалдық жағдай туғызудың жолдары анықталды.

1999 жылы білім берудің халықаралық стандарт дәрежесіне сай жаңа, ұлттық модельін бекіткен, елдегі білім берудің барлық деңгейіне ортақ Қазақстан Республикасының «Білім туралы» жаңа заңының қабылдануымен есте қалды. Осы заң бойынша елімізде мектепке дейінгі мекемелердің мектеп алды топтары мен сыныптарына барлық 5 жасар балаларды міндетті әрі ақысыз түрде қамту бағдарламасы енгізілді. Ал тамыз және қыркүйек айларында баршаға білім беру және мектеп жүйесін жақсартуға байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 9 қаулысы қабылданды /8/.

«Қазақстан Республикасындағы білім туралы заңнама» 2002 жылы 1 қыркүйегіне арналған заң. Бұл заң- білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы аядағы мемлекеттік саясаттың негізгі принціптерін белгілейді және Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алуға Конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған заң /9/.

Тәуелсіз еліміздің, тек жас балалардың немесе әрбір азаматтың орта және жоғары білім алуына ғана көңіл бөлген жоқ, қоғамды сыйлау, құрметтеу үшін өз құқықтарын білдірту мақсатында 2002 жылы «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы» заңы қабылданған болаты. Осы заң балаларды қоғамдағы толымды өмірге даярлау, олардың қоғамдық мәні бар және шығармашылық белсенділігін дамыту әлемдік өркениеттің жалпы адамзатқа тән құндылықтары негізінде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжалдылықпен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана сезімді қалыптастыру принуіптерінің басымдығына сүйеніп, баланың Ата заңымда кепілдік берілген негізгі құқықтар мен мүдделерін іске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейтін заң /10/.

Жалпы егеменді еліміз әрбір азаматтың білім алу жұүйесіне көп көңіл бөлгендіктен, 2003 жылы желтоқсан айында Білім министрлігінің «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» жарияланған болатын. Бұл тұжырымдамада негізгі көзделген мақсат-міндеттері:

  • Білім беруді басқаруды одан әрі демократияландыру негізінде Қазақстандық білім беру модельінің жұмыс істеуінің заңнамалық нормативтік, құқытық базасын жетілдіру;
  • Әлемдік білім беру кеңістігінің ықпалдасу және т.б. мақсаттарды көздейді /11/.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылы 19 ақпандағы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» деп аталатын жолдауында бірнеше заңдардың қайта қаралуын айтып өткен болаты.Мәселен, биліктің заң шығарушы тармағының саяси беделінің күшейту туралы, Қазақстан азаматтарының құқытары мен бостандықтарының, сөз бостандығының бірлестіктер мен саяси ережелерді білдірудің кепілдіктерін одан әрі дамыта беру жайлы мәселелерді ашып айтқан болатын /12/.

Осы жолдауға сәйкес, болашақта Қазақстанның экономикасы, білім беру жолдары жедел жаңарады деген сенімдіміз.

Орта мектепте «Мемлекет және құқық» пәні, Қазақстан Республикасында қабылданған заңдар негізінде ғана оқытылмайды., жалпы дүние жүзінде қабылданған, мойындалған бірнеше заңдарды да оқытады. Мәселен, «Адам құқықтарының жалпыға бірдей деклорациясы» 1948 жылы желтоқсан айының 10 жұлдызында қабылданып, БасАссамблияның 217 (3) қарарымен Біріккен Ұлттар Ұйымында қабылданған болатын. Декларацияның негізгі мазмұны әр адамның басты құндылықтарын жария ету. Бұл құжатта дүние жүзіндегі адамдардың нәсіліне, түр-түсіне, намысына, дініне, тілі мен саяси және өзгеде сеніміне, ұлттық және әлеуметтік тегіне, мұүліктік және тектік- топтық жағдаяттарға қарамастан жалпыға бірдей негізгі құқықтары мен бостандықтары жарияланған. Бұл декларацияда үкіметтер өз азаматтарының құқықтарымен қатар, өзгеде елдің азаматтарының да құқықтарын қорғауға ант етуге тиісті екені аталады. Басқаша айтқанда, ұлттық шекаралар адамдардың бір-біоріне танып білуге кедергі бола алмайды. 1948 жылдан беріадам құқықтары жөніндегі декларация адам құқықтарының стандарты болып келеді. 1993 жылы дүние жүзілік конференцияға қатысқан 171 ел (дүние жүзі халқының 99 пайызын құрайды) адам құқықтарын қорғау жалын ұстанатындықтарын жариялады /13/.

Жалпы, орта және жоғарғы білім беру жүйесін жетілдіруге арналған бірнеше заңдар мен декларацияға тоқталып өттік. Осы заңдар негізінде, адам құқықтарын оқыту, егемендігімізді алғанға дейін мектеп оқушыларына 8 сыныптағы «Кеңес мемлекеті мен құқық негіздері» пәні арқылы үйретіліп келді. Осы пән мектептің жоспарына енгізілгеннен кейінгі 5 жыл ішінде (1975-1988ж.ж.)  заңды білмегендіктен, кәмелетке толмаған жеткіншетердің қылмыс жасауы Қазақстанда күрт азайғандығы да бұл пәннің тәрбиелік, білімдік маңызы зор екендігін көрсетеді /14/.

Дегенмен де, бұл оқулық Кеңес үкіметінің Ата заңын көбірек оқытқан болатын.

1991 жылы еліміз өз тәуелсіздігін алғаннан бері «Қазақстан Республикасы мемлекет імен құқық негіздері» пәні 1992-1993 оқу жылынан бері оқытыла бастады /15/. Жаңа оқулығымыздың бағдарламасын Алматы қалалық мұғалімдер білімін көтеру және қайта даярлау институтының қызметкерлері әзірлеп, «Қазақстан мектебі» журналы арқылы 1993 жылдың басында көпшілікке жоба ретінде ұсынған болатын. Ол кезде Конституциямыздың әлі қабылданып үлгермегендіктен бағдарламада тек оның жобасы ғана пайдаланған еді.

Пәнге деген көзқарас төмендеп жауапсыздық, салғырттық белең алды. Бағдарламасыз, оқулықсыз тіпті ешқандай әдістемелік нұсқауларсыз оқытылды.

Кейінірек «Қазақстан мұғалімі» газетінде Ғ.Сапарғалиев құрсатырған бағдарлама жарияланды. Бұл бағдарламалар ұстаздарға пәннің білім мазмұнының негізгі бағыттарын көрсеткенімен арнайы оқулықтың болмауыжаңа курсты тиісті дәрежеде оқытуға мүмкіндік бермеді /16/.

 Бағдарлама 34 сағатқа арналған 4 бөлімнен тұрады.

  • бөлім. Мемлекет. Құқық. Әдеп.
  • Бөлім Мемлекетіміз қалай құрылған.
  • Бөлім. Жаңғару жолына түскен қоғамдағы адамның құқықтары.
  • Бөлім. Заң бұзушылық және жаза.

Ғ.Сапаоғралиев Мектепте заң негіздерін оқытуға белгілі, үлес қосып келе  жатқан ғалым. Бұл пән 8 сыныпта оқытылып, оның бағдарламасы мен оқулығы Мәскеуде жасалған жылдарда осы куртың мазмұнына Республикалық қандай материалдар қосуға болатындығы және оның қалай оқыту керектігі туралы оқу құралдары мен ұсыныстар жазған болатын.

Алайда, Қазақстан Республикасының құқық негіздерініен тұңғыш жасалған мемлекеттік бағдарлама болғандықтан бұл да жетілдіруді қажет етеді. Мектептік оқу пәндеріне арналған кез-келген бағдарламаның қажетті құрамды бөлімдері- компонентері болуы шарт, олар: бағдарламаның түсінік хаты, негізгі ұғымдар, оқушылар меңгеруге тиісті біліктері, пәнаралық, курсаралық байланыстар және т.б. Осында “Мемлекет және құқық” мәселелрінің тікелей қатысы жоқ пунктерден кездеседі. Мәселең, І бөлімнің 5 абзацының 2 жартысындағы “Бай феодалдардың халықты жазалау, Қазақстанға КСРО-ның басқа жерінде тұратын ұлттарды айдап алып келу” сияқты мәселелер тарих сабағы пәнінде оқытылатын /17/.

Осы қиындықтарды тезірек жою үшін “Атамұра” баспасы 1994 жылы Ғайрат Сапарғалиевтің “Қазақстан мемлекетімен құқығының негіздері” оқулығын жарыққа шығарды.

Бұл кітіп ұлтымыздың тарихымыздағы тұңғыш рет мектеп оқушыларына арналып, ана тілімізде жавзылған құқықтық төл еңбек болып табылады. Жаңа кітаптың жарық көруі халқымыздың бүгінгі заманында жеткен мемлекеттік биік мәртебесінде сипаттайды. Сондықтан оның атқаратын міндетінің ауқымдылығы да, қажетті де  шүбәсіз.

Жаңа оқулықтың мазмұнымен мұқият танысқаннан кейін автордың оны дайындағада алдына үш түрлі мақсат қойғаны байқалады. Олар: қазақ халқының өзінің ерекше мемлекеттілігі мен құқықтық жүйесі болғанына баса көңіл аудару; Тәуелсіз мемлекет болғанана кейін қабылданған ерекше маңызы бар құқық заңдарын талдау, түсіндіру заң ғылымында қолданылатын ұғымдардың мектеп курсында кездесетініне түсініктеме беру;

Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке ие болуы, жаңа Конституциямыздың қабылдануы, оның басты –басты қағидалары, Қазақ мемлкетінің біртұтас демократия, құқықтық мемлекет ретнде қалыптасуы, еліміздің мемлекеттік басқару және заң қорғау органдарының жүйелері жайлы мағлұматтар мен тұжырымдар оқулықтың екінші бөлімінде кеңнен қамтылған. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, олардың негізгі түрлері туралы пайымдаулар үшінші бөлімде жазылған. Ол бөлімдегі тақырыптарды өткенде оқушыларды азаматтардың негізгі міндетерімен де таныстыруға да үлкен мән берілген.

Келесі, елеусіздеу болып көрінгенімен маңызы кем емес мәселе оқулықтағы әріптер шрифтерінің тым ұсақ болмағандығы. Өйткені кітапті пайдаланатын мектеп оқушылары олардың физиологиялық даму әрі толық жетіліп болмаған көз-жанарлары үшін жас ерекшелікьтерін ескеру педагогикалық талаптардың бірі. Оқулықта осы талаптың ескерілуі де оның құндылығын көтере түседі.

Оөушылардың танымдық қабілетін жетілдіруге себепкер болатын келесі ұғымдылық құқықтық ұғымдарды түсіндіретін, шәкірттердің зейінін дамытатын дидактикалық құрал ретінде қосымша схемалардың келтірілуі /18/.

Жалпы оқулық жалпы, мәнді жазылғанымен де көптеген толықтырулар мен қосымша мәліметтерді қажет етеді. Осыған байлангыты және Қазақстан Республикасында құқықтық реформа жасаудың мемлекеттік бағдарламасын орындау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 21 маусымда «Қазақстан Республикасында құқықтық сауат ашуды ұймдастыру жөніндегі шаралар туралы» 2347 қаулысы қабылданып, осы қаулымен Қазақстан Республикасындағы жалпыға бірдей құқықтық оқу туралы ереже, Қазақстан Республикасының қарулы күштеріндегі әскери қызметшілер мен азаматтық қызметкердлердің жалпыға бірдей құқықтық оқуын ұйымдастыру туралы ереже, Атқарушы өкімет органдарымен олардың қарамағындағы кәсіпорындардың, мекемелердің басшы кадрлары мен мамандарын құқықтық аттестациялау туралы ереже және елімізде оқушы жастарды құқықтық оқыту тұжырымдамасы бекітілген /19/.

Ал, 1996 жылы 16 мамырында Қазақстан Республикасының үкіметі «Қазақстан Республикаында құқықтық жаппай білім алудың 1996-1998 жылдарға арналған кешенді бағдарламасын» бекітті. Осы бағдарламаға сай тәуелсіз мемлекетіміздің оқу –ағарту саласында құқытық тәрбие беруге деген ұмтылыстар мен ізденістер пайда болуда /20/. Халықтың барлық топтарын қамтитын жалпыға бірдей оқудың маңызды буыны- оқушы жастардың құқықтық білім алуына жаңа талаптар қойып отыр. Құқықтық тәрбие беру мен оқытудың нәтижесі осы әлеуменнтік топтың құқықтық сана-сезімнің деңгейіне байланысты. Адамның құқытық мәдениетінің тез арада жоғарғы деңгейге көтеріліп, кетуі мүмкін емес қой. Оқушы жастардың құқықтық оқуының деңгейі, қалай өзгеретіндігі Қазақстан Респуликасы Президентінің қаулысымен бекітілген оқушы жастарды құқықтық оқыту тұжырымдамасында айтылған.

Бұл тұжырымдамада балаларды құқықтық нормалар  «әліппесіне» оқытуды мектептке дейінгі тәрбие мекемеелерінен бастау ұсынылған. Өйткені, жеке адамның құқықтық сананы негізгі, жеке адам ретінде қалыптаса бастаған кезден басталуы керек. Құқықтың негізгі принціптері адамгершілік категориялармен байланысты. Ауыр қылмыс үшін қылмыстық жауаптылық 14 жастан басталатындығы да ескеріледі. 14 жасқа толған мектеп оқушылары белгілі бір мөлшерде құқықтық білім алуға тиіс. Оқушы жастарды құқықтық оқыту тұжырымдамасы да «Құқықтану негіздері» пән 1 сыныптан бастап орта мектепті аяқтағанша оқытуды көздейді /21/.

Мектеп құрылымына байланысты оқушыларға құқықтық білім беруді жүзеге асыруды 4 кезеңге бөліп көрсетеді.:

1-кезең 1-4 сыныптар.

2-кезең 5-7 сыныптар.

3-кезең 8-9 сыныптар.

  • кезең 10-11 сыныптар.

Құықтық білім беру әр кезеңде оқушылардың жас ерекшеліктеріне, психологиясына, әлеументтік рөлі мен, орындауына байланысты берілген /22/.

Бастауыш сыныптарда адамгершілік тәрбиесін беруге бас көңіл бөлінеді. Содан кейін әркімнің өзінің істеген ісіне жауапкершілік дегеннің болатыны түсіндіріледі. Екінші кезең (5-8 сыныптар) бастауышта алған құқықтық білімді Қазақстан Республикасының туралы және Республика өмірінің нормалары туралы сабақтар өткізу арқылы одан әрі жетілдіріп отырады. Үшінші кезеңде (9-сынып) мектеп оқушылары Қазақстан Республикасының Констиуциясы курсын оқыды. Бастауыш сыныптарда оқушылардың мемлекет және құқық, қоғамдық пән, заңдылық және заң жүзіндегі жауаптылық туралы түсінігі қалыптасуы керек деп қойымдаймыз. Ал 8-сыныпқа келгенде мектеп оқушылары адамның бүкіл өмір тіршілігі әр түрлі үздіксіз қорын қатынастардан тұратындығын білуі керек. «10-11 сыныптарда» Қазақстан Республикасының заңдылық негіздері пәнін оқыту көздеуде. Бұл пәнді оқытудағы мақсат-мектеп бітірушілердің заң нормаларынан нақты білім алуына мүмкіндік беру. Құқықтық білім алуды үздіксіз немесе кезең-кезеңнен ұлғайту және тереңдету заңды құрметтеу дәстүрін қалыптастыру болып табылады /23/.

Құқықтану пәнінің оқытылуын Қазақстан Республикасының  мемлекеттік білім  стандартына сай жасалған базистік оқу жоспарының міндетті (инварианты) бөлігі бойынша үш деңгейде жүргізу қарастырылған. Бірінші деңгейде құқықтануға қатысы бар материалдар 9 сыныпта өтілетін «Адам. Қоғам. Құқық» пәнәінің білім мазмұнының құрамына  енгізілген. Мұнда құқық туралы жалпы мағлұматтар жинақталған, Қазақстан Республикасының Конституциясы тараулар бойынша талданып оқытылады және салалаық заңдар мен олардың әрекеті туралы жалпылама түсініктер беріледі. Екінші деңгейдеге жаратылыстану-математикалық бағдарлы мектептердің 10 сыныпында құқықтануды апталық 1-сағат, жылына 34 сағат көлемде оқытумен айқындалады. Бұл курста оқушылар салалық заңдардың негізгілері-Конституциялық құқық, азаматтық құқық, еңбек құқығы, әкімшілік құқық, қылмыстық құқық, отбасы құқығының жастардың өмірі мен қызметіне тікелей қатынасы бар, жиі ұшырасатын қағидалармен танысады. Үшінші деңгей құқықтануды қоғамдық –гуманитарлық бағдарлы мектептердің 10-11 сыныптарында оқытудан көрініс табады. Мұнда пән жағына 34-сағатан, екі жылда 68 сағаттық көлемде өтіледі. Бұл тұрпатты мектептерде жоғарыда аталған салалық заңдар кең көлемде, терңдетіліп оқытылады.

Дүние жүзілік старндартқа сәйкес әр елдің өз қағидаттары болуы тиіс. Сол секілді, егіміндігімізді алғалы бері 250 ден астам заңдар қабылданды десек, оның көпшілігі адам құқығы мен бостандығына арналған. Осы заңдарды оқыту үшін орта мектепте «мемлекет және құқық» пәні қазіргі таңда жылына 34 сағаттық оқыту жүйесімен оқытылып жүр. Бұл әрине өте аз уақыт. Сол себепті Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей стандарты 2002 жылы жасалынды. Осы стандартқа сәйкес «Құқықтану негіздері» пәні болашақта 1-11 сыныптар аралықтарында оқыту көзделуде.

Осы оқыту жүйесіне сәйкес оқытылса, қоғмада біршама мәселелер реттелер еді.

 

1.2 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша «Құқықтану негіздері» пәні орта мектепте.

 

          Қазақстан Республикасының «білім туралы» заңының 1 – бабына сәйкес, білім беру процесіне қатысушылардың яғни оқушылар, мұғалімдер, көпшілік білім мазмұнына, оқу жүктемесінің көлеміне және оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды дәл түсуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының бастауыш, негізгі жоғарғы сатыларындағы 34 оқу пәні бойынша орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты жасалды.

          Оқу пәндері бойынша стандарттар қазақ, орыс, ұйғыр тілдерінде дайындалды. Оларды жасауға ғалымдар, орта және жоғары кәсіптік білім беру жүйесінің оқытушысы – профессорлар құрамы, мамандардың педагогикалық кәсібін жетілдіру институттарының қызметкерлері, Республиканың мұғалімдері қатысты.

          Стандарттың оқу пәндері бойынша:

  • Базалық білім мазмұнына,
  • білім беру бағдарламаның түрлеріне,
  • оқу жүктемесінің көлеміне
  • мектептің әр сатысындағы оқушылардың міндетті дайындық деңгейіне,
  • оқу процессін ұйымдастыру және оны жүзеге асыру шарттарына қойылатын жалпы талаптарды белгілейді.

Стандарт мектеп түлектерінің білім деңгейіне  мемлекеттің қойятын минимум талаптарын және оған жетудің мемлекеттің кепілдіктерін айқындайды.

Еліміздің ең алғаш білім беру стандарты 1998 жылы дайындалды /26/. «Құқықтану негіздері» оқу пәні бойынша білім мазмұнының міндетті минимумына оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды тағайындайды. Бұл пән бойынша стандарт 2002-2003 жылдар негізінде дайындалды.

Стандар ережелерінің мыналарда қолдануы және сақталуы міндетті:

  • Қазақстан Республикасының жалпы білім беруді жүзеге асыратын барлық білім ұйымдарында олардың меншіктік нысанына, тұрпатына, түріне қарамастан «Құқықтану негіздері» оқу пәнін оқытуды жүзеге асырғанда.
  • Жалпы білім беретін ұйымдардың мұғалімдері, оқу үрдісін ұйымдастырғанда және мектептің негізгі және орта, жоғарғы сатыларын бітірушілердің білімін, біліктілігін тексергенде,
  • Мемлекеттік білім стандарттары және тестілеудің ұлттық орталығында қабылдау емтихандарының материалдарын дайындағанда:
  • Орта кәсіптік және жоғары оқу орындарында «Құқытану негіздері» пәні бойынша қабылдау емтихандардың материалдарын және берілген пән бойынша педагог мамандарды даярлауға арналған оқу бағдарламаларын жасау кезінде.
  • Білім беру саласындағы ғылыми зерттеу институттарында «Құқытану негіздері» пәні бойынша оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерді дайындау барысында.
  • Білім беру саласында орталық және жергілікті атқару органдарында «Құқытану негіздері» пәні бойынша оқушылардың оқу санасын мемлекеттік бақылау жүргізу.

Сонымен бірге стандарт Республиканың Мемлекеттік басқару ұйымдары мен мекемелерінде білім қызметін лицензиялау, білім беретін ұйымдарды аттестациялау, типтік және жұмыстық оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын дайындау және олардың жүзеге асырылуын бақылау кезінде пайдаланылуы мүмкін.

«Құқытану негіздері» пәні бойынша осы стандарт білімнің сәйкес сатысының базистік оқу жосапыры мен білім беру ұйымдарының тптік және жұмыстық оқу жоспарларымен, оқу бағдарламаларымен кешенді түрде қолданылады /27/.

Бұл стандартта терминдер, анықтамалар мен қысқартулар Қазақстан Республикасының білім туралы заңына сәйкес қолданылады. Бұған қосымша осы стандартта мынадай терминдер, анықтамалар мен қысқартулар жүйесі белгіленген.

«Құқытану негіздері» оқу пәнінің базалық мазмұны – үздіксіз білім берудің келесі сатылары мен деңгейлерінде оқуды жалғастыру үшін жеткілікті, оқылуы міндетті болып табылатын оқу пәнінің құрамы мен құрылымының тізбесі.

«Құқытану негіздері» базалық мазмұнының міндетті деңгейі – оқу процессінде міндетті түрде оқуға және меңгеруге қажетті құқықтанушы білімдерді жүйеленген элементі.

«Құқытану негіздерінің» білім берудің негізгі бағдарламасы. (БНБ).  Тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыратын, оны қоғам өміріне бейімдейтін және оны заң ғылымдарымен байланысты саналы түрде кәсіп таңдауына негіз болатын «Құқытану негіздерінің» міндетті минимум мазмұнын анықтайтын құжат.

«Құқықтану негіздерінен» бағдарлы білім беру бағдарламасы. (БББ).  Құқыққа қатысты қоғамдық құбылыстардың сырларын ашуға оқушылардың мүдделілігін оятатын заң ғылымдары негіздерін өздігінен оқып-үйренуге машықтандыратын бұл пәннің оқу курстарының мазмұнын анықтайтын құжат.

«Құқықтану негіздерінің» қосымша білім беру бағдарламасы (ҚББ). «Құқытану негіздері» оқу курсы оқушылардың қоғамдық білімге деген осы мемлекеттік стандарттан тыс сұраныстарын қанағаттандыратындай мазмұнын анықтайтын құжат.

Жалпы ережелерге тоқталып өтетін болсақ, «Құқытану негіздері»  пәнінің маңызы құқықтық ғылымдардың қазіргі қоғамдағы рөлі және олардың қоғамдағы демократиялық институттардың орнығу қарқынына әсерімен анықталады.. Құқықтық білімдер орта жалпы білімнің құрамдас бөлігі болып табылады, оқушылардың саяси құқытық пәндер негіздерін игеруін қамтамасыз етеді, олардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамытады, құқықтық дүниетанымның қалыптасуына септігін тигізеді /28/.

«Құқықтану негіздері» пәнін оқытудың негізгі мақсаты- оқушыларды қоғамның саяси – құқытық жүйесімен таныстыру, құқытық білімдермен және құқықтық мәдениетпен қаруландыру, заң сыйлағыш тұлғаны қалыптастыру, құқықытық жағынан белсенді және сауатты азаматты  — өз Отанының патриотын тәрбиелеу.

«Құқықтану негіздері» пәнін оқытудың негізгі міндеттері-

  • Құқықытық білімдердің саналы түрде меңгерілуін, құқықытық біліктердің қалыптасуын қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасы Конституциясы және басқа заңдарын меңгерту, Қазақстан қоғамының даму заңдылықтарын және оның саяси құқықтық жүйесін оқыту арқылы оқушылардың құқықтық сауатты азамат болып өсуіне көмектесу;
  • Конституциялық, азаматтық, әкімшілік, отбасылық, еңбек, қылмыстық құқықы негіздерінен қазіргі заман адамына ең қажеттілерін іріктеп ала білуге үйрету;
  • Оқушыны адам құқығымен еркіндігін сыйлай білуге үйрету;
  • Дүние жүзілік және ұлттық мәдениеттің жетістіктерін, халықтың салттарын, дәстүрлерін, моральін, жалпы адамзаттық құқықытық құндылықтарды және құқықытық жетілуге қажетті білімдерді жас ұрпақ өкілдерін меңгерте отырып, оларды адамдармен өркениетті қатынас жасай білетін салауатт ы азамат етіп тәрбиелеу;

«Құқықытану негіздері» пәнінің зерттеу объектісіне сипаттамасы. Негізгі зерттеу объектісі Қазақстан Республикасының Конституциялық құрлысы, Қазақстан қоғамының құқықытық жүйесі, құқық салалары негіздері, адам құқығы, сот, прокуратура және өзге құқық қорғау органдарының қызметі, құқықтық қоғам құру мәселелері, құқықытық мәдениет, азамат пен мемлекет арасындағы құқықытық қатыныс болып табылады.

Стандарт мектеп оқушыларына, олардың әлеуметтік және мүліктік өзге жағдайларына қарамастан, құқықтанушылық білімдер тобынан қатардағы азаматқа үнемі қажет болатын ең маңыздыларын іріктеп алып игеруіне мүмкіндік береді. Айналаны қоршаған қайшылықты дүниеде, оның үстіне, біздің мемлектіміз құқықтық қоғам құру бағытын ұстанып отырғанғанда, құқықытық білімдерді жеткілікті көлемде меңгеріп қана қоймай, оны практикада қолдана білудің маңызы ерекше. Қоғам жастардың құқытық мәдениет көтеруге оларды заң талаптарын орындауға үйретуге, жастар арасында құқық тәртібінің үнемі сақталуының қол жеткізуге мүдделі. Құқықытық білімдер азаматты кез-келген құқық бұзушылардан да қорғана білуді қамтамасыз етуі керек.

«Құқықтану негіздері» пәнінің таяудағы даму болашағы- біздің мемлекетіміз көздеп отырғандай, Қазақстанда құқықтық қоғам орнату бағытының жүзеге асырылуымен байланысты. Құқықытық Негилизм мен бұқараның құқықтық мәдениетінің төмендегі қазіргі Қазақстан қоғамының демократия мен прогресс жолындағы басты кедергі болып отырғаны белгілі. Ел көлемінде реформалардың кең ауқымды жүріп жатуына сәйкес құқықтық жаңа мазмұны жоғары, құқытық мәдениеті бар тұлғаны қалыптастыруға, жастарды дүние жүзілік құқық пен қоса, өз халқының құқықтық мұраларының жансая бұлағынан сусындатуға бағытталуы керек.

Қазіргі кезде білім жүйесі құрылымдық және мазмұндық тұрғыдан жаңару үстінде. Жалпы білімді ізгілендірумен демократияландыру бағытында үлкен өзгерістер жасалып жатыр. Қазақстан әлеуметтік, азаматтық және құқықтық мемлекет орнатуға қоғамды демократияландыруға бағыт алуы жалпы білім беретін мектептерде құқықтау негіздерін ең өзекті пәндердің бірі ретінде алдыңғы лекке шығарып отыр. Өйткені, келешекте өркениетті қоғам орнату құқықтық білім берудің бүгінгісіне тәуелді. Осыған орай, құқықтану негіздерін бұдан көрі толық және ертетерк бастап, оқыту проблемасы алға тартылуда /29/.

«Құқықтану негіздері» пәнінің базистік оқу жоспарындағы орны- «Қоғамтану» білім саласына енеді және оның базалық пәндерінің бірі болып табылады. Оның жалпы орта білім жүйесіндегі рөлі жекелей демократияның тұтастай қоғамның даму заңдылықтарын, қазіргі замандық дүниенің ғылыми бейнесін құқықтанушы білімдердің рөлі арқылы анықталады. «Құқықтану негіздері» пәні базистік оқу жосапына оның мемлекеттік компонентінің құрамдас бөліктерінің бірі ретінде енеді. Пәннің мазмұны жалпы мәдени және мемлекеттік маңызы бар курсатр арқылы беріледі.

Мемлекеттің негізгі сатысында құқықтық білімдер, «Адам. Қоғам. Құқық» кіріктірілген курсында беріледі. Мектептің жоғарғы сатысында құқықтану пәні міндетті курс ретінде оқытылады. Бағдарлы мектеп үшін таңдап, оқытылатын және қолданбалы курстар ұсынылады.

«Құқықтану негіздері» пәнін оқыту келесі бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады:

  • Білім берудің негізгі бағдарламасы;
  • Бағдарлы білім беру бағдарламасы;
  • Қосымша білім беру бағдарламасы; /30/.

Мектептің негізгі сатысының 9 сыныбына арналған «Адам. Қоғам. Құқық» курсының мазмұны – адамға, қоғамға қатысты білім топтарынан құралады. Құқықы мәселелері ол туралы негізгі түсініктер, Қазақстан Республикасының Конституциясы, құқық бұзушылықтың кейбір түрлері және ол үшін жауаптылық туралы білімдермен берілген.

Мектептің жоғарғы сатысына 10-11 сыныптарға арналған, бағдарлы білім беру бағдарламасының базалық мазмұны екі бағдарда оқытылады:

  • Жаратылыстару- математикалық бағдарда білім беретін мектепке, сыныпқа арналған «Құқықтану негіздері» оқу курсының білім мазмұнымен;
  • Қоғамдық гуманитарлық бағдарлы мектепке, сыныпқа арналған «Құқықтану негіздері» оқу курсының білім мазмұнымен айқындалады.

а) Жаратылыстану – математикалық бағдарлы мектепке арналған «Құқықтану негіздері» курсының оқу бағдарламасының мазмұнында құқықтың негізгі сатылары- констиуциялық, азаматтық, әкімшілік, отбасылық, еңбек және қылымыстық құқық бойынша әр азаматқа қажетті білімдер тобы жинақталған. Азаматтық және қылмыстық процессуалдық құқық, құқық қорғау органдарының қызметін ұйымдастырудың құқықтық негіздері жеке тақырыптармен берілген және Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейінгі дамуы мысаладарымен берілген.

б) Қоғамдық- гуманитарлық бағдарлы мектептке арналған «Құқықтану негіздері» курсының нұсқасы білімдік тереңдетілген бағдарламаға жатады. Бұл бағдарлама бойынша оқушыларға «Құқықтану негіздері» курсы жаратылыстану — математика бағдарлы мектептерге қарағанда кең және тереңдетіліп берілген. Тереңдету әр тараудың  материалын көбейтуден және халықаралық, экологиялық құқық туралы білімдердің енгізілуімен көрініс табады. Қоғамдық – гуманитарлық бағдарлы мектепті бітірушілер Қазақстан Республикасының Конституциясымен басқа заңдарын нақты баптар деңгейінде меңгере алуымен және құқықытқ ұғымдарды терең түсінумен қоса, проблеманың мәніне үңілуге құбылыстың себептерін түсіндіруге, үрдістерді саралуға және алған білімдерін өмірлік іс тәжербиеде қолана білуге үйрену керек.

Болашақ құқықтанушылар үшін курсытың құрылымы мен мазмұны мектеп қабырғасында жүргеннің өзінде-ақ оларды саяси және құқықтық категориялармен ойлауға және әрекет ете білуге көмектесуі тиіс.

Қосымша білім беру факультативтік, таңдап оқытылатын және қолданбалы курстар арқылы жүзеге асырылады, оларды мектеп өз қалауынша таңдап алады.

«Құқықтану негіздері» пәні бойынша оқу жүкемесінің көлемі

  • Мектептің негізгі сатысында 9 сыгып аптасына — 2 сағатты, жылына – 68 сағат, яғни «Қоғамдық білім негіздері» пәні құрамында оқытылады;
  • Жаратылыстану – математикалық бағдарлы мектептің жоғарғы сатысында 10 сынып аптасына –1 сағатты, жылына – 34 сағатты құрайды;
  • Қоғамдық –гуманитарлық бағдарлы мектептің жоғарғы сатысында 10-11 сыныптар аптасына 2 сағаттан, жылына 68 сағатты құрайды /31/.

«Құқықтану негіздері» пәні бойынша базалық білім мазмұны: «Құқықтану негіздері» пәні бойынша білім беру бағдарламаларының базалық мазмұны жалпы орта білім беретін ұйымдардың сатылары және оқыту бағдарына сай тағайындалады. Білімнің базалық мазмұны төмендегідей етіп жобаланған:

Яғни, мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны- оқушыларға мектептің негізгі сатысындағы саяси-құқықтық пәндерді соның ішінде «Құқықтану негіздерін» оқыту үшін қажетті базалық дайындықты және дамуды қамтамасыз ету керек. Негізгі білім беру бағдарламасына  қосылу үшін мектептің бастауыш сатысндағы «Дүниетану» пәні бойынша құқықтану негіздерінен оқу материалының мына үлгісімен белгіленеді. Адам. Балалар. Ата-аналар. Отбасы. Мектеп. Көше. Қала. Ауыл. Заң. Тәртіп. Білім. Дүние жүзі елдері. Мемлекет. Президент. Халық. Сот. Азамат құқықтары. Теңдік. Міндеттер. Балалар туралы конвенция. Конституция зағңдары. Мектеп тәртібі туралы ережелер оқытылады.

Мектептің негізгі сатысы білім мазмұнында «Құқықтану негіздері» 9 сыныпта «Адам. Қоғам. Құқық» кіріктірілген курсында оқытылады. Курсты оқытуға 68 сағат уақыт берілген. Оның ⅓ құқық материалдарына арналған. Мұнда арналған құқықытық маңызды мәселелерді негізгі үш топтқа  қарастырылған.

1.     Құқықтың жалпы мәселелері бұл бөлімде құқықтық мемлекеттің белгілері және орнығуы жағдайлары, азаматтық қоғам, қоғамдық қатынастардың негізгі реттеуші ретіндегі құықтың рөлі қоғамның құқытық мәдениеті және оның дамуын айқындайтын факторлар қарстырылады.

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы мұнда конституциялық құқықтың нормалары, жалпы ережелері Қазақстан Республикасы азамтатарының құқықтары мен бостандықтары және міндеттері, өмір сүру құқығы білім алу, еркін еңбек ету, жеке меншік құқығы, сайлау құқығы, ұждан бостандығы, жеке басқа қол сұқпау, Президент, Парламант, үкімет, Конституциялық кеңес және т.б. мәселелер оқытылады.
  2. Құқық бұзушылықтың кейбір түрлері: бұл бөлімде адам құқытарының бұзылуы және ол үшін әділетті жауаптылық, құқы бұзушылықтың кейбір түрлері, құқықтық жауаптылық тақырыпшалары қарастырылады.

Мектептің жоғарғы сатысындағы білім мазмұны бойынша:

Жаратылыстану- математикалық бағдарлы мектепте «Құқықтану негіздері» пәні  10 сыныпта мына мәселелерді оқытады:

«Конституциялық құқық» тақырыбы бойынша конституциялық құқық жүйесі және оның қайнарлары. Конституцияның маңызы, Қазақстан Республикасындағы адамның және азамттың жағдайының конституциялық негіздері оқытылса, мұнысен қоса азаматтық құқық, еңбек еркіндігі құқығы, әкімшілк құқық, қылмыстық құқық, отбасы, экологиялық, азаматтық және қылмыстық процессуалық құқық тақырыбы, құқық қорғау органдарының қызметін ұйымдастырудың құқықтық негіздері тақырыпшалары оқытылады.

Қоғамдық- гуманитарлық бағдарлы мектептің жоғарғы сатысында «Құқықтану негіздері» пәнінде 10-11 сыныптарда да жоғарыда айтылып өткен тақырыптар да терңдетіліп оқытылады /32/.

«Құқықтану негіздері» пәні бойынша оқушылардың  міндетті дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

  • Құқық, мемлекет, билік, заң, азамат, қылымыс, құқық бұзушылық, қылмыс объектісі, отбасы, заңдылық терминдерін білу;
  • Мемлекетті басқару формаларын, құқық қайнарларын, Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі міндеттерін, құқықтар мен бостандықтарға берілетін кепілдіктерді, мемлекеттің белгілерін атуы тиіс.
  • Биліктің үш тармағының өзара әрекеттесу реттілігін азаматтардың сайлауға қатысысу ұстанымдарын талдап, түсіндіру.
  • Сыртқы критерилерді ескере отырып, тоталитарлы мектептегі және құқықтық қоғамдағы азаматтардың құқықтық мәндеріне баға беруі тиіс.

Оқушылардың міндетті дайындық деңгейін тексеру:

«Құқықтану негіздері» пәні бойынша оқушылардың дайындығының міндетті деңгейін тесеру және стандарттың жаңа жазылып өткен тармақтарында қойылған талаптарға сай жүзеге асырылады. Стандарт талаптарының орындалуын бағалау оқу процессінің межелік кезеңдерінде, демек, оқытудың негізгі және жоғарғы саталарының соңында, яғни 9-11 сыныптарды бітірерде жүргізіледі. Бұл пән бойынша стандарт барлық оқушылар меңгеруі тиіс міндетті минимумды белгілейді.

Дайындықтың міндетті минимум жеңгейіне жету нәтижесі оқушылар жауабының стандартта көрсетілген міндетті талаптарға қаншалықты сай, не сай еместігі туралы шешім болып табылады. Тексеру нәтижелері «меңгерді» немесе «меңгермеді» деген бағдармен бағаланады.

Ағымдағы оқу процессіндегі білім мазмұнының базалық деңгейі ауқымындағы оқушылардың жетістігі 5 балдық жүйемен бағаланады, оалрдың қорытынды бағалары мектептің негізгі және жоғарғы сатыларын бітіргені туралы құжаттарға қойылады /33/.

Осыған байланысты «Құқықтану негіздері»пәні бойынша білім беру процессін ұйымдастыру және оны жүзеге саыру жағдайларына қойылатын талаптар.

Әсіресе, оқу процессін қамтамасыз ететін кадрларға қойылатын талаптар:

Мектептің негізгі және жоғарғы сатысында негізгі және бағдарлы білім бағдарламалы «Тарих, құқық және экономика негздері», «тарих, қоғамтану және география» пәндерінің мұғалімі деген квалификациясы бар, жоғары және аяқталмаған жоғары білімді педагог және ғылыми педагогикалық жұмыстармен айналысатын кадрлармен қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылады.

Оқыту процесін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету.

Мектептің негізгі және жсғарғы сатысында «Құқықтану негіздері» оқу пәнін оқыту, Қазақстан Республикасының білім саласындағы  орталық атқару оргоны жыл сайын шығарып отыратын, алдағы оқу жылында ғылым негіздерін оқыту туралы нормативтік құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.

Оқыту процесін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуге қойылатын талаптар .

«Құқықтану негіздері» бойынша білім берудің негізгі және бағдарлы, арнайы жабдықталған, қажетті оқу жабдықтарымен және оқу көрнекі құралдарымен қамтамасыз етілген кабиниетте жүзеге асырылады. «Құқықтану негіздерін» жалпы орта білім беретін ұйымдарға оқытатын кабиниет үшін Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігінің тағайындаған оқу жабдықтарының минимум тізімінің нормативі белгіленеді , ол нормативте тиісті оқу аспаптарының , жабдықтарының , суреттердің , сызбалардың , карталардың жиынтығы көрсетіледі .

Қазақстан қоғамының құқұқтық мемлекет құруға бағыт алуына сәйкес , бұқараға құқұқтану білімдерін беруді кеңейту қажеттігі пәнді аталған көлемде оқытылудың да аздық ететінін қоғамдық практика көрсетіп отыр . Қазір кейбір мектептер , ынталы мұғалімдердің күшімен құқұқтануды орта , тіпті бастауыш буындардан бастап базистік оқу жоспарының нұсқасы бөлігінде қарастырылған бағыттардың есебінен оқытып жүр ./34/

Оқытуға немесе оқуға деген құлшыныс жоғары жақтан жасалынып отырған қамқорлықтан гөрі мектеп оқушыларының ыстық ықыласына байланысты болып отыр. Құқұқтық тәрбие беруді төменгі сыныптардан бастауды тәжірибеге енгізіп отырған , Алматы қаласындағы №159  мектеп гимназия оқушыларының арасында жүргізілген тәжірибиеден байқағанда: пәнді төмнгі сыныптардан оқыту жақсы нәтиже бергендігін байқаған. Оқушылырдың пәнге деген қызығушылығы аса зор. Үзіліс арасында бірі судья, бірі қорғаушы болып тәртіп бұзған жолдастарын сынға алып жатқан оқушыларды да жиі кезедестіреміз. Осы мектептің гимназия сыныптарының 5, 6, 7, 8 сыныптары арасында жүргізілген «заң сабағы саған ұнайма?» деген анкетелық сұраққа оқушылардың 99 пайызы «ия» деген жауап берген /35/.

Тағы бір айта кететін мақтанышты мәселе, Қандыағаш қалалық №3 орта мектебі 3 жыл қатарынан Н.И.Элясбергтің адаптацияланған бағдарламасы бойынша жұмыс жасап келеді. 1-11 сыныптар аралығында әңгіме түрінде тәрбие сағаттары әрбір оқушыны мектепте жүру тәртібімен және олардың оқудағы, жанұядағы, қоғамдағы міндеттерімен құқықтарымен таныстыру түрінде өтіледі. Әсіресе ресми мерекелерге көп көңіл бөлінеді. Әрбір сынып жетекшісі өз сыныбын Қазақстан Республикасы Констиуциясының негізгі қағидаларымен таныстырады, Ең күшті құқық білгіштерін анықтауда түрлі сайыстар өткізіліп тұрады.

Орта және жоғарғы топ оқушылары арасында сынып жеткшілері мен валиология, құқықтану пәнінің мұғалімдері бірігіп, әңгіме, диспут, лекция түрінде алкоголь-ішімдіктің, шылым шегу және есірткінің зияны туралы сабақтар өткізіп, жоғарыда аталған зиянды заттарды қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарылатындығы жөніндегі құқықтық аспектілер сөз болды. Н.Элиасбергтің адаптацияланған бағдарламасына сай сабақта бүгінгі өмірдегі отбасы, мектеп және қоғамдағы құбылыстар қаралып, орта топтағы сыныптарда көптеген сабақтар әдістемелік нұсқауларда көрсетілгендей сұраунама, әңгіме, пікір-талас түрінде өтіп тұрады.

Оқушылар конституция және адам құқықтарының жалпы декларациясымен таныса отырып, «қол сұқпаушылық», «жеке меншік», «құқық», туралы түсініктерін одан әрі нығайта түсті /36/.

Жалпы «Құқықтану негіздері» пәніне арналған жекелеген оқулықтар жыққан жоқ, болашақта жүйелі түрде оқулықтар жазылып, бұл пән мектептің оқу жоспарына 1-11 сыныптар аралығына оқытылуға енгізіледі және қоғамда әрбір азамат құқықтық тәртіпті меңгереді деген сенімдеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ тарау. Мемлеке және құқық пәнін оқытудың бағдарламасы

                әдіс-тәсілдері және жетілдіру жолдары

 

Қазақстан қоғамының құқықтық мемлекет құруға бағыт алуынасәйкес, бұқараға құқықтану білімдерін беруді кеңейту қажеттігі пәнді аталған көлемде оқытудың да оздық ететінін қоғамдық пратикаға көрсетіп отыр /37/.

Осы уақытқа дейін пайдаланып келген оқу жосапырынң нұсқаулары мектеп білімінің дамуының эвалюциясын көрсеткенімен, мектептің екі құрылымы мен білімнің жаңа мазмұны арасындағы басты қарама-қайшылықтарды жеңе ашады. Осы барлық қайшылықтармен жаңа тұжырымдаманың идеаларды ескерту сонымен қатар әлемдік мектеп практикасы және қазіргі білім беретін орта мектебінің жаңа үлгісін яғни құрылымын және оған барабар орта мектептің басқа да міндеттік жұмыс оқу жоспарына біріңғай негіз боларлық мемлекеттік базистік оқу жосапрының әзірлеуді талап етуде /38/.

Дәл қазіргі таңда орта мектепте «Мемлекет және құқық» пәні тек 9-сыныпта ғана 34 сағат, аптасына 1-рет өтеді. (Авторы Ғ.Сапарғалиев) Қазақ тілінде 1994 жылы соңғы басылымы жыққан, тек орыс тілінде жеке әдістемеліктер шыққан.

Ал мектеп буын оқулықтары бойынша «Мемлекет және құқық» пәні болашақта 9-сыныпқа «Адам. Қоғам. Құқық» пәні бойынша 68 сағат жүреді. Сонда, төменгі сыныптарда құқық пәні жөнінде ешбір хабар болмай кледі, әр бір ел азаматы өз құқығын білуі тиіс және міндетті. Ал шетелдерде практикада Прибалтикада, ТМД елдерінде құқық пәні көп елдерде құқық пәні 1-сыныптан енгізіледі. Осыған сәйкес Алматы қаласындағы білім департаментінің 2003 жылы мамыр айындағы 173 а бұйрығы бойынша 1-11 сыныпқа дейін «Құқық негіздері» пәні Алматы қаласындағы мектептерге енгізілуіұсынылды. Осы бұйрыққа сәйкес Алматы қаласы білім институты «Тарих кабинетінің» әдіскерлерінің басшылығымен 1-11 сыныптарға бағдарлама және әдістемелік нұсқау жасап шығарылды.

2004 жылғы қыркүйектен бастап бүкіл Алматы қаласының мұғалімдері мектептері осы бағдарлама бойынша жұмыс істеуде. Болашақта  бұл бағдарламаға сәйкес әдістемеліктер, оқулықтар шығару жоспарлануда. Бұл Ы.Алтынсарин атындағы білім академиясының қоғамдық, гуманитарлық лабораториясының қызметкерлерінің қолдау тауып, Білім минисрлігіне ұсыныс жасалынып, ғылыми кеңесте бекітіліп, Республикаға таратылуы ұсынылды. Сондықтан мектепте «құқықтық» білім беру 1-сыныптан басталатындығы өте дұрыс және жас өспіоімге өте пайдалы, оқушы құқықтық білім беру арқылы өз өмір жолын дұрыс таңдай алатындығы түсінікті.

Осы енгзіліп отырған бағдарламада жалпы орта мектепте құқық негіздерін оқыту барысында оқушы:

  1. Адам құқықтарын: Қазақстан азаматтарының құқықтары мен міндеттері, оларды орындау тәртібі, жеке басты қорғау жөнінде білімді игеру қажет.
  2. Елдің нарықтық және саяси өміріне құқықтық қорын қатынас жасауда субъект ретінде қатысуы.
  3. Құқықтық тәртіп қорғаушы мемлекеттік ұйымдар, азаматтар мен мемлекет арасындағы құқықтық қарым-қатынас реттеу, азаматтарды құқықтық жауапкершілікке тарту тәртібі мен шарттары, азаматтардың өз құқықтарын қорғау т.б.
  4. Жеке бастың қауіпсіздік ережелерін сақтау тәртібін білу қылмысқа араласпау.
  5. Отбасында, үйде, мектепте, көшеде, мәдени орындарда, демалыс орындарында жүру тәртібін білу, басқа адамдардың  құқықтары мен бостандықтарын қадірлеу.
  6. Құқық негіздері оқуда құқықтық терминдер мен ұғымдарды игере білу.
  7. Құқықтық терминологияны дұрыс пайдалана білу және кейбір құқықтық құжаттардың мазмұнын түсіндіре, оқи білу.
  8. Өмірдегі әр-түрлі жағдайларға байланысты құқықтық шаралар қолдануда адамдардың өзінің іс-әрекетіне өмірінің түрлі жағдайларына байланысты құқықтық баға беруде өзінің құқықтық білімін көрсете білу.
  9. Кейбір ресми іс қағаздарын яғни, өтініш, сенім хат, еңбек келісімі мәтіндерінің т.б. дұрыс толтыра білу.
  10. Өмірдегі «құндылықтар» адам өмірі, денсаулығы, қасиетін т.б. қадірлей білу қажет /39/.

Осы айтылып өткен мәселелерді оқыту барысында, мектеп құрылымына байланысты оқушыларға  құқықтық білім беруді жүзеге асыруды 4 кезеңге бөліп көрсетуге болады дегенбіз.

          І кезең- 1- 4 сыныптар.

          ІІ кезең- 5-7 сыныптар.

          ІІІ кезең- 8-9 сыныптар.

          ІҮ кезең- 10-11 сыныптар.

Құқықтық білім беру әр кезеңде оқушылардың жас ерекшеліктеріне, психологиясына, әлеуметтік ролі мен орындауына байланысты берілген. Көп жағдайда бастауыш 1-4 сынып және орта буын 5-7 сыныптардағы  жас ерекшеліктері ұқсас болып келгендіктен,  оқыту жолдарындағы  сабақ өткізу түрлері  де ұқсас болып келеді.  Жалпы «құқықтану негіздері»  пәніне арналған  бағдарламаның  мақсатында бала құқығы  жөніндегі концепцияда  қатысушы мемлекеттер балаға  білім беруде:

  • тұлға, талантты баланың саналық және физикалық дамуын  толық деңгейде дамытуға тәрбиелеуге,.
  • Бала құқығын құрметтеу мен негізгі бостандықтарды, сондай-ақ БҰҰ-ның  жарғысында  айтылған принциптерді құрметтеуге тәрбиелеуге
  • Баланың ата-анасы, оның мәдени өзгешелігін, тілін, баланыфң шыққан, тұрып жатқан елінің ұлттық құндылықтарын, өркениетті  сыйлауға тәрбиелеуге;
  • Баланы еркін қоғамда сапалы өмірге, төзімділікке, әйелдер мен ерлердің  тең екендігін білуге, барлық  халықтар этникалық, ұлттық және діни топтар арасындағы достық рухында дайындауға
  • Қоршаған ортаны сүюге, баулуға бағыттайды;
  • Отан, оны сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу, құқық қорғау органдарының қызметі туралы білім беру /41/.

Бастауыш және орташа  буын оқушыларына құқықтық білім беру мазмұнын іріктеуде мынадай жайттар ескеріледі.

  1. Бастауыш мектеп оқушыларының дүниетанымында бала санасында  тиімді құрамды бөліктер, компоненттер әлі жетекшілік  рөл атқармайтықтан, эмоциялық  реакциялардың  тазалығы және анқтығы бала көңілі мен рухани дамуына үлкен әсерін тигізеді.
  2. Жаңа әлеуметтік рөлге ие болған – «мектеп оқушысы» өзімен қарым-қатынас жасайтын адамдар арасындағы үлкен ортаға  түседі: бұлар- ұстаздар, оқушылар, ата-аналар,  мектептегі басқа сынып оқушылары,  қызметші персоналдар. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру  ерекше көкейтесті  мәселе болып табылады. «Мектеп оқушысы» мектептің оқушыларға  қоятын  талаптарын оқушы ретінде  өз құқықтарын, міндеттерін білуі керек.
  3. Қала тұрғыны ретінде баланың өз бетінше баратын орындары  көбейе бастайды. Сондықтан балаға өз үйінде, көшеде, дене шынықтыру алаңында, мәдени орындарда, дүкен, көлік, қала сыртына шығу жөніндегі ережелерді үйрету қажет.

 Бастаушы және орта сыныптарда  оқушы қоршаған орта  туралы білім алып қана қоймайды, ол атамекені Қазақстан мемлекеті және оның заңдары,  отбасы мен неке құқығы, бала құқығы туралы  алғашқы мағлұматтар да алады. Олар өмірлік тәжірибесінің аздығына қарамастан,  сезіммен ойланбай,  жасаған іс-әрекеттерге жеңіл беріледі.  Сол себепті қылмыс пен зорлықтың  құрбанына жиі ұшырайды.  Сондықтан оқушыларға жеке бастың  қауіпсіздігі туралы алын-ала ескерту өте маңызды, соңғы уақытта  төменгі сынып оқушыларының  қоғамға қауіпті іс-әрекет жасауы көбейіп барады. Осыған байланысты  құқық бұзушылықтың  алдын-алу бастауыш сыныптары үшін  бүгінгі күннің көкейтесті  мәслесі болып табылады.  Құқық бұзушылықтың алдын-алудың  алғышқы сатысы- адамгершілікке тәрбиелеу. Оқушыларды мейірімді, әдепті болуға, жағымсыз қылықтардан аулақ болуға, жақсы, сыйлы адам болуға сенімдерін молайту қажет. Жауапкершілікке, ар-ұятқа тәрбиелеу-өте маңызды, жалпы айтқанда, 1 кзңде оқушыларды адмагершілікке тәрбиелеу-жетекші рөл атқарса, 2-кезеңде мейірілімдіккесыйлы адам болуға тәрбиелеу ерекше орын алады. Бұл құқықтық білім берудің алғашқы және орта сатысы болып есептелінеді /42/.

          Орта мектептегі алғашқы саты яғни алғашқа бастауыш сыныптарды 1-4 сынып аралығындағы бағдарламаға тоқталып өтетін болсақ. Бастауыш сыныптарға апасына 0,5 барлығы 17 сағат енгізіліп отыр. Жалпы 1-сыныпта 17 тақырып өткізіледі. Көбінесе алғашқы сатысында сабақ түрлерінің ойын сабағы, аралас сабақ, әңгіме сабағы түрінде өтілген дұрыс.

  1. Менің Отаным Қазақстан тақырыбында- «Отан деген не?», «Отан сенің үйің», «Отан-анаң», «Отанды қорғау» және т.б. тақырыпшаларды, мұғалім түсіндіре отарып, оқушыларды отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеген дұрыс.

          Бұл сыныпта мына тақырыптарды өтіледі, яғни «мемлекет»-деген сөздің ұғымын, еліміздің ордасы-Астана тарихын, және Қазақстан Республикасының унитарлы, көп ұлтты мемлекет екенін түсіндіру, бұл тақырыптарды түсіндіру барысында мемлекетте түрлі ұлттар қалай тұру кероек? Достық және ұлтаралық ынтымақтастық, мектеп қабырғасында оқушылар қалай қарым-қатынас сақтау керек екендігін айтып өткен дұрыс.

Мұнда, еліміздің Ата заңы-Конституцияның кім қабылдады? Қазақстан Республикасының рәміздері, құқық пен заң, тәртіп ережелерін, өмір сүру құқығы, білім алу құқығы, бұл сабақ кезінде тегін білім алудың тиімділігін және «Оқу оқыған озар, доп ойнаған тозар» , «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады», мақал-мәтелдерімен сабақ түсіндірілсе бұл уақыт жақсы өткен болар еді.

Білім алу құқығымен қатар дансаулықты сақтау, тынығу және демалу құқығы. «Мемлекет бізіді қорғайды-біз елімізді қорғаймыз», «Біз –Қазақстан болашағымыз»- бұл тақырып өте маңызды болғандықтан, жоспар Н.Ә. Назарбаевтің «Қазақстан 2030» жолдауымен бастаған дұрыс.

Мектеп табалдырығына жаңадан келіп отырған бүлдірішндерімізге «Құқықтық негіздері» пәнінде тәрбие беру ісіне, ереже сақтауға көп көңіл бөлінгендігін байқадық /43/.

          Орта мектепте 2-сынып оқушыларына да бұл пән 17-сағатпен яғни 0,5 сағатпен оқытылуы көзделуде. Мұнда «ережелер» сөзінің түсіндірумен басталады және т.б. күн режимі, тазалық гигиенасы, сыпайлық ережсі, отбасындағы  тәрбие ережесі, тамақтану барысындағы тәртіп ережесі, көппәтерлі үйдегі тәртіп ережесі, мектеп ережесі, қауіпсіздік, қоғамдық орындарда, яғни теарт және мұражайларда өзін-өзі ұстау ережелері, табиғаи аясындағы өзін ұстау ережесі-табиғат заңдарын. Бұл тақырыпта «Қызыл кітапта» не жайлы жазылғандығына тоқталып өткен дұрыс. Сонымен қатар ойын ережелері мәселесі де оқытылады, бұл сабақта оқушыларға бірнеше сұрақтар қоюға болады? Мысалы: «неліктен бәрі ойын ойнағанды ұнатады?», ойын түрлерін айтып, оқушылырдың көңіл-күйін көтеріп қою үшін сабақ үстінде қызықты біройын ойнайтын қалай ереже сақтау керек екенін түсіндірген дұрыс.

          Көріп отырғанымыздай бұл сыныпта көп жағдайда құқық, заң негіздерін оқытпайды, күнделікті өмірге қажетті,  тәрбие ережесін оқытады.

          Ал 3-сыныпта жылына 17 – сағат, «Балалардың құқықтары» тақырыбымен берілген. Мұнда Қазақстан Республикасындағы балалардың  құқықтарын қорғау мен оған кепілдік беру, балалардың азаматтық алумен  есім  иелену құқығы; олардың өмірге қолайлы жағдаймен ортада өмір ауру, денсаулығын сақтау мен медициналық көмек алу, білім алу құқығы, Қазақстан Республикасының білім заңына сәйкес әр бала тегін орта білім алу құқығына  ие екендігін түсіндіру және мектептегі тәртіп ережелерін сақтау,  баланың тұрғын үй иелену, мүлік иелену құқығы осы тақырыпты алмиент алу, түрлі мәселелер жасау,  салымдар салу құқығы да түсіндіріледі. Жалпы бұл сыныпта «балалардың құқығына» арналғандықтан, олардың есірткі заттардан қорғау, ұрлағаны үшін қолданатын шаралар, үлкендер тарапынан зорлық-зомбылық пен дөрекі қарым-қатынастардан зардлап шеккен балалардысауықтыру, емдеу олрталықтарымен таныстару, құқықтары мен бостандықтары және міндеттері туралы айту, кәмелеткетлмағандарды жазалау, олардың соғыс кикілжіңдерінің болдырмау шаралары туралы айту.

          Сабақтардың өтілу барысында, Қазақстан Республикасының 2002 жылы 8 тамызда қабылданған. «Балалардың құқықтары туралы заңының»  нұсқасын, жобасын ұғынуы тиіс /44/.

          Бастауыш буын 4 сынып оқушыларына да жылына 17-сағат оқытылу көзделдуде, бұл сыныптарда да «Балалардың құқығы» тақырыбы бойынша оқытылады. Алдыңғы сыныптың салыстырғанда, бала құқығының өзекті мәселесі жазылған.

          Мұнда Қазақстан Республикасының «балалардың құқықтары туралы заңының» негізгі баптарына түсінік берді, отбасы және бала тақырыбы, сабақта әр баланың отбасында еркін қауіпсіз тәрбиелену мен өмір сүру және отбасындағы  баланың міндеттері жайлы айтылуы керек.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларының құқықтарын туралы, бала және қоғам тақырыбы өтіледі. Бұл сабақты өту барысныда баланы жастайынан, тарихқа, дәстүрге және рухани құндылықтарға тәрбиелеу. Басқа мәселелер де оқытылады. Яғни бала денсаулығына темекі шегудің, спирт ішімдіктерінің, есірткі шегудің зияндығын, бірнеше мысалдар айта отырып бала жауапкершілігің ерекшеліктері, басқа адамдардың құқығын сыйлау «бұл сабақта құқық бұзушылық парыз сезімі, отан алдындағы борышын, ата-ананың алдындағы парызын т.б. мәселелері оқытылады».

          Біз жоғарыда қысқаша тоқталып өткен бастауыш 1-4 сыныптарын «құқықтану негіздері» пәніненжасалынған бағдарламаның мазмұнымен таныстық. Бұл сыныптарда біздің байқағанымыз. Тәрбие мәселесін алға қойып отыр. Сесбебі, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала тәрбие ережелерін білуі тиіс, бұл «тәрбиесіз білім болмайды» деген мақал-мәтелді дәлелдейді /45/.

          Келесі бізде орта буын сынып, яғни 5-7 сынып оқушылары деп алдық. Өйткені, бұл сыныптарды оқушылар білімге бейімделе бастайды. Балалардың ойлау танымдық қабілетіне және жас ерекшелігіне байланысты. 5-сыныптан бастап жылына 34 сағат, аптасына 1 сағаттан оқытуға берілген. Бұл сыныпта Қазақстан Республикасының жас азаматтары, Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылуы тарихы БҰҰ-ң адам құқықтары мен маңызды құжаттары. Қоғамдағы адам тәртібін реттеуші нормалар құқықтық қоғамдағы жүзеге асыру нормалары, нормативтік құқықтық актілер жаңа адамның өмірге келуі, адам өміінің кезеңдері, ақшалай және мүліктік қаныстарға кәмелетке толмағандардың қатынасуы, жердегі органикалық және аноорганикалық табиғат, өсімдіктер, жануарлар т.б. мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар адамдар арасындағы нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік, діни айырмашалықтар, ұлттар құқықтарының қалыптасуы. Адамның жүздесу қажеттігі, отбасы мүшелерінң құқықтары мен міндеттері мен туып, тұрып, өсіп жатқан сүйікті қалам, қаланың тарихы, көлік құраладрының түрлері, мектептің мәртебесі мен оның еркшелігіне, көшелер мен ауылдарда, үйлерді көркейтуді қамтамасыз ету мәселелері оқытылады.

          Орта мектептегі орта буын сыныптарының бірі 6 -сыныпқа да ,аптасына 1-сағат яғни жылына 34-сағаттық бағдарлама ұсынылып отыр.Бағдарламаның мазмұнына қысқаша тоқталып өтетін болсақ, мұндай бостандықтың негізгі ұстанымы «басқаға зиян келтірмеу», жеке басқа қол сұғылмауы, сөз бостандығы оған берілетін кепілдіктер Қазақстан Республикасының азаматтығына алу құқығы, қосазаматтық түсінігі, материалдық қажеттіліктер мен рухани қажеттіліктер, экономика ұғымы, балалардың денсаулығы, қорғау құқығы, жеке өмір сүру құқығы, жеке өмір және отбасы құқығы, үй жануарларын ұстау құқығы, жалпыға бірдей міндетті білім, ана тілін қолдау құқығы, шығармашылық тілдерін еркін талдау, мемлекеттік тіл және оның мәртебесі, Ұтларалық қатынастар, түрлі ұлттармен өкілдерінің өзара түсінушілігі, әлеуметтік норма, ер мен әйел теңсіздігі, жеке тұлға, құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілі, мемлекеттегі барлық құқықтардың рәсімдеудің жиынтығы, әр адам жеке******* нақты құқықтар өтілуі көзделеді.

          Ал 7 сынып оқушыларына да аптасына 1 сағат, жылына 34 сағаттық бағдарлама жасалынған. Бұл бағдарламада мына мәселелер қарастырылады: «Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы», «Баланың құқығы туралы конвенция», бала мүддесін қорғау және оны барынша қамтамасыз ету, адамды бас бостандығынан айыру, адвокаттық қызмет, эвманазия мәселлері, сот арқылы шағымдану, рақымшылдық жасау, өлім жасазы туралы өкіл, жалақы және жұмыссыз кезіндегі әлеуметтік қорғау, тұрғын үй құқығы, мемлекет істерін басқаруға қатысу құқығы, қоғамдық бірлестіктер немесе олардың түрлері мен мақсаттары мен міндеттері, азаматтардың бірлестіктерге бірігу құқығы, сайлау құқығы, дауыс беру нәтижеснің мүмкінндігі, діни наным бостандығы, тұтунушылар құқығы, экологиялық мәдениет, экологиялық қызмет, адамдар арасындағы қақтығыстар, құқықытық сана оқытылады.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының азамттарының міндеті, азамттардың заңды құрметтеуі, ережелерін қатаң сақтау, мәдени ескерткіштерін қорғау мәселесі қаралады /46/.

Бөлімшені қоры тындылай келе, бастауыш сыныптарды яғни, 1-4 сынып аралығында оқушыларды, адам өмірінің құндылықтары, денсаулық, бостандық, ар-ұят туралы түсінік, отанды құрмметтеуге тәрбиелеу мәселесі оқытылса, ол орта буын сыныптары 5-7 сынып оқушыларына жас өспірімдердің заңды жауапкершілігін ұғыну заңда тиым салынған іс-әрекеттерді болдырмау адам құқығын оқу проблемасының маңызды аспектілерін оқып үйренеді.

Ең бастысы жас өспірім егемен елдің азаматекенін, жеке тұлға екендігін сезінеді, құқықтық маңыздылығын түсінеді, сезеді. Оның заңды орындау қажет және міндет екендігін түсінетін болады.   

 

 

 

Сабақ жоспары № 1. 7-сынып. «Баршаға арналған адам құқығы»

Сабақтың тақырыбы: § 17. Жеке өмір сүру құқығы.

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік: Жеке өмір сүру құқытарының тармақтарын түсіндіре келе өмір сүру құқығының кейбір жағдайда бұзылуын және оның заңмен қорғалуын, қадір-қасиеетті қорғау, еркін жүріп тұру құқықтарын, сабақтың негізін оқушыларға жеткізу.

Б) Тәрбиелік: Сабақ барысында жеке өмір сүру құқығы адамның басты қазына екендігіне көз жеткізе отырып, өмір сүру ар-ұят, қадір-қасиет, абыройын қорғауға, бір-біріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

В) Дамытушылық: Жеке өмір сүру құқығын түсіндіре келе оқышулыларды жаңаша ойлауға бірнеше сұрақтар қою арқылы және Қазақстан Республткасының баптарын талқылата отырып, балалардың ой-өрісін дамытуға ықпал ету.

Сабақтың түрі: Пікір-талас сабағы.

Сабақтың әдісі: Миға шабуыл, мәтінмен жұмыс, жағдайларды талқылату, шағын топпен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық кітабы, карточка, Қазақстан Республикасының конституциясы, баспасөз материалдары, сызба нұсқалары және т.б.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

А) Сабақ болатын сыныпқа кіріп, оқушылармен сәлемдесу

Ә) Оқушылардың сабаққа қатысуыларын тексеріп, сыныптың таза болуын қадағалау

Б) Тақтаға көрнекі құралдарды іліп бүгінгі күнді, жаңа тақырыпты, жоспарды жазу

Жаңа сабақтың жоспары:

І

  1. Жеке өмір сүру құқығы

          ІІ

  1. Жеке өмірге қолсұғылмаушылықты бұзу және оның шаралары:

а. Балалардың жеке өмір сүру құқығы

б. Тарихпен байдланыстыру

 

  1. Тұрғын үйге қолсұғылмаушылықты бұзу және оның заңмен қорғалуы

ІІІ

  1. Қоғамдағы, өмірдегі көптеген мысалдарды ұсына отырып, оұушыларға талқылату

 

Сабақты миға шабуыл әдісімен бастаймыз

 

Сыныптағы кез-келген оқушы қолын көтеріп жауап береді

 

 

Баршаға арналған адам құқығы Алматы, 2000 130-131 бб.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мына мәселені тыңдап көріңдер өте қызық

Аргумен и факты 05.1999 г.

 

Қазақстан Республикасының баптарынан мысалдар келтіріледі

 

Бұл мәселелерді мұғалім түсіндіреді.

 

 

Оқушыларға мынадай сұрақ қойылады, сұрақ қойылысымен өз ойларымен жауап алынады

 

 

 

 

Балаларды жеке бастың құпиясын сақтау құқығымен таныстырамыз.

 

 

 

 

 

Балаларға түсінікті болу үшін Қазақстан Республикасы конституциясының баптарымен түсіндіріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тарихпен байланыстыру.

 

 

 

 

 

 

Балалар мына өмірдегі кездесетін жағдайларды талқылап көріңдерші

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім өз ойын айтып, оқушылардың ойларын толықтырып жағдайлардың шешімін айтады.

 

Оқушыларға пысықтау сұрақ қойылады.

 

Тақырып бойынша көрініс көрсет.

 

 

 

Мұғалімнің сұрағы: Қалай ойлайсыңдар, сендердің жеке өмірлерің бар ма?

Жеке өмір деген не ? деген сұрақтар қойылады.

 

 

Азаматтардың өмір сүру құқығы:

—         Қадір-қасиетті қорғау

—         Жеке бас бостандығы

—         Отбасылық және жеке өмір

—         Нәсілі, ұлты, тегі және оны анықтау

—         Еркін жүріп тұру

 

Мұғалім: жеке өмір сүру мен бостандықтары Қазақстан Республикасы конституциясында бекітілген. Ол азаматтардың жеке басына берілетін құқықтары мен бостандықтар.

Өздерің ойлаңдаршы, серде де ата-ана, дос-құрды, жолдастарыңа да айтпайтын сырларың бар емес пе? Бала өскен сайын, оның жеке көзқарасы қалыптаса бастайды. Құпия хабарлар мен құпия сырлары болады. Сәби кезінде баланы киіндіру, тамақтандыру, ойнату сияқты жәрдемдер көрсетіледі де өскенде оның өзі істей алатын әркеттер басталады.

Адамның қадір-қасиетіне қол сұғуға болмайды, зорлық-зомбылық жасап, күштеуге, қиындауға болмайды. Балалардың жеке өмірі, қадір-қөасиеті ерекше қорғалады.

 

2.     Балалар, ата-аналардың баларын ұрып-соғуына бола ма?

Сендерді ата-аналарың қалай жазалайды?

 

Германияда баланың желкесінен нұқып жібергеннің зияны жоқ деп тұрғындардың 79 % ñàíàéäû, îëàð îñû òәñiëäi либералды дейді. Тек 19 % отбасында ешқандай жазалау тәсілі қажет емес деп санайды.

Жалпы 81% бала тәрбиесінде белдікпен жазалауды ең тиімді санайды.

Балалар бұл мәселеге қалай қарайсыңдар?

 

 

Қазақстан Республткасы конститьуциясының 18 бабы:

1.Әркімнің жеке өміріне, өзінің және отбасының құпиясына қол сұғылмауына, абыройы мен ар-намысының қорғалуына құқығы бар.

2.Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігі қамтасыз етуге міндетті.

 

 

 

1.Әркімнің жеке өмірі қорғала ма?

2.Алған хабарлардың құпиялығының сақталуына әркімнің құқығы бар ма ?

3.Бұл құқықты қандай жағдайда шектеуге жол беріледі?

4.Ата-аналарың сендерді ұрып-соға ма ?

5.Мынадай нақыл сөздерді қалай түсінесіңдер ?

—         «Баланы жастан»

—         «Балалы үйде ұрлық жатпайды»

—         «Балам үйде, қылығы түзде»

 

1.Азаматтың жеке бас құпиясын, оның ішінде хат алысу, телефон арқылы сөйлесу, күнделіктер, жазбалар, ішкі жан-сыры, бала асырап алу, адвокаттық құпияны, салымдар құпиясын сақтауға құқығы бар. Жеке бас құпиясы заң құжаттарында белгіленген реттерде ғана ашылуы мүмкін.

2.Күнделіктерді, жазбаларды және басқа құжаттарды жариялауға олардың авторының келісімімен ғана жариялауға жол беріледі. Олар қайтыс болған жағдайда аталған құжаттар қайтыс болған адамның жұбайының және балаларының келісімімен жариялануы мүмкін.

 

142 – бап. Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу

1.Адамның жеке өмірі туралы оның жеке және отбасы құприясын қарайтын мәліметтерді оның келісімінсіз заңсыз жинау немесе тарату, егер осы әрекеттер жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірсе, екі жүзден 500 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе соталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айып-пұл салуға, не 120-дан 180 сағатқа дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына қамауға жазаланады.

 

145- бап. Тұрғын үйге қолсұғулмаушылықты бұзу.

Тұрғын үйге онда тұратын адамның еркінен тыс басып кіру – екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе соталған адамның бір айға дейінгі кезеңдегі жалақысы өзге де табысмы мөлшерінде айып-пұл салынады.

 

1.Ортағасырдағы ең қатал жаза — өлім жазасы болды. Қылмыскерді елдің көз алдында қинап өлтіретін.

2.Қазақ даласында да өлім жазасы болған. Асау аттық құйрығына байлау, бұзау тісті қамшымен бірнеше рет дүрелеп соғу т.б. жазаның түрлерін кездестіруге болады.

3.Шыңғыс хан заманы туралы фильмдерден ортағасырлық адамды азаптау шараларын көруге болады.

 

ІІІ. 1. 8-сынып оқушысы Маржанға үнемі өзінен екі сынып оқитын Думан телефон соғып тұратын. Бір күні Маржан келесі бір телефон диалогы кезінде әпкесінің басқа бөлмеде екінші телефон тұтқасынан өзінің әңгімесін естіп тұрғанын көріп қалды. Әпкесіне ренжіп еді, ол: «Сенің құпияңды папам мен мамама айтып қоямын», — деп қорқытты. Маржан үшін оның құпия болып қалғаны керек еді.

2.Әкесіз өскен Гүлжан кішкене кезінен күнделік жазып жүретін. Ол күнделігіне өзі ұнататын бала мен сүйіскені туралы жазған еді. Кезекті қыдырудан келген Гүлжан дәлізде қолында мұның күнделігі бар ашулы анасының күтіп тұрғанын көрді. Анасынан ол қатты қорқатын.

 

1-жағдай. Маржанның әпкесінің әрекеті жеке бастың құпиясын сақтау құүқығына қол сұғушылық болып табылады.

2-жағдай. Анасының Гүлжанның күнделігін рұқсатсыз оқуы дұрыс емес. Анасы Гүлжанның жеке өміріне араласып тұр.

 

 

 

 

1.Жеке өмірге қол сұғушылық деген не ?

2.Кім жеке өмірді қөорғайды ?

3.Жеке бастың және отбасының құпиясы деген не ?

 

 

Үйге тапсырма.

1.Қазақстан Республкасының қылмыстық кодекстінің 142, 143, 144, 145 баптарын талдау үшін төрт топқа бөлініп, әр баптың мазмұнына сай көрініс ойлап көрсетеді.

2.Тақырыпты оқып түсініктерін ауты.

3.Әр оқушы өз өмірінде болып өткен қуанышты және келеңсіз жағдайларды сипаттап айтып беру.

 

Бағалау.

Сабақтың жүру барысы:

1.     Ұйымдастыру бөлімі – 2 минут

2.     Жаңа сабақты түсіндіру – 15 минут

3.     Оқушылармен ой бөлісу – 15 минут

4.     Сабақты бекіту – 5 минут

5.     Үйге тапсырма беру – 5 минут

6.     Оқушыларды бағалап параметрін шығару – 3 минут

 

 

 

2.2. Жоғарғы сыныптардағы құқық пәнін оқытудың ерекшеліктері және жетілдіру жолдары.

 

Мектеп құрылымына байланысты оқушыларға құқықтық білім беруді жүзеге асыруда жоғарғы сыныптарды 8-11 сынып аралығын жатқызған болатынбыз.

Бұл жоғарғы сынып оқушыларына «Құқықтану негіздері» пәнін оқытуда білім-білік дағдысына қойылатын талаптар.

-Мемлекет қолданысындағы құқықтық және адамгершілік ережелерін, заңдар туралы білім беру:

-Оларды міндетті түрде орындау:

-Өз іс-әрекеттерінің заңға қацшы келмеуін қадағалауға үйрету:

-Жасөспірімдердің заңды жауапкершілігін ұғыну:

-Заңда тиым салынған іс-әрекеттерді болдырмау:

-Адам өмірінің құндылықтары, денсаулық, бостандық, ар-ұят туралы түсінік, оларды құрметтеуге тәрбиелеу: /47/

Айтылып өткен жоғарғы әрбір сыныптардың оқу бағдарламаларына тоқталып өтетін болсақ, 8-сыныпқа 34 сағат, аптасына бір сағаттан оқытылу көзделуде. Бұл сыныпта әлі оқулықытың жазылмаукы себебінен тарихпен байланыстырып оқытқан дұрыс.

Мәселен мұнда, ежелгі қоғам құқығы, оның пайда болуы, ежелгі адамдарпдың тәртіптерін нормативті реттеу оқытылады. Ежелгі Шығыс құқығы, әрбір шығыс елдерінің жеке – жеке завңдарын, мысалы Вавилон құқығы және огның қайнар көздері тақырыбында Аристократиялық Республикалардың құрылуы, Хаммурапи заңдары қарастырылады. Бұл сыныпта ежелгі Үндістан құқығы тақырыбында варналар, брахмандар, шудралар, Ману заңдары оқытылады. Ал ежелгі Қытай құқығы тақырыбына сол кездегі заңдар кітабы «Луи Куй, Конфуций және Конфуцизм» мәселелері қарастырылады.

Антикалық құқық тарауының Афинаның мемлекеттік құқығы, ежелгі Рим құқығы тақырыптарына 3 сағат уақыт берілген. Мұнда Рим құқығының кезеңдері, Юятиниан жинағы және т.б. Жалпы ортағасырдағы құқықтың дамуы тарауында әр елдің діндерінің пайда болуы және құқықтық ерекшеліктерімен дамуы оқытылуы керек. Алайда, Батыс Еуропа құқығының дамуына христиандықтың әсері, лауазымдылық жазба құқығы, мұсылмандық құқық, бұл тақырыпты оқытуда Құран мұсылман құқығының негізгі қайнары осы діннің пайда болуы, Араб халифаты құқығы мәселелері оқытылуы тиіс.

Бұл тақырыптармен қоса Батыс Еуропалық құқық жүйесінде АҚШ құқығы сол елдің конституциясы заңдары қаралуы тиіс. Осы сыныптың соңғы бөлімдерінде қазіргі Қазақстанның құқықтық жүйсенің қалыптасуы ата заңымыздың қабылдануы және заңдар жинағы жоспармен оқытылады /48/.

Ескі құрылым бойынша 9-сыныпта оқытылып келе жатқан «Мемлекет жіне құқық негіздері» пәнінің оқу бағдарламасының толықтырылып, өңделген 34 сағаттық нұсқасы ұсынылып отыр. Жалпы бұл сыныпта құқықтаны пәнінің негізгі мәселелерінің бәрі қаралады. Ең алдымен курс міндеттері айтылады. Мемлекет- саяси билік жүргізудің құралы тарауында қазақ халқының мемлекеттігінің түрі, демократия, монархия, аристократия, саяси режим, мемлекеттің тілі мен құқығы, мемлекеттік басқарудың құқығы президенттік, парламенттік оның әлсіз және күшті жақтару және кеңес дәуіріндегі қазақ мемлекеті тақырыптары қарастырылады. Құқық туралы тақырыбында оның шығу тарихы, көне дәуірдегі құқық, құл иеленушілік мемлекеттегі құқық, феодалдық мемлекеттегі және жаңа дәуір құқығы, құқықтық мемлекеттің дамуы кезеңдері негізгі принциптері мәселелері қарастырылуы тиіс. Ал құқықтық мемлекет тарауында Қазақстан Республикасы қызметінің түбегейлі принциптері қоғамдық құрылысының негіздері, биліктің түрлері, мемлекеттік өкімет билігінің органдары және олардың атқаратын қызметтері, заңды қорғау органдарының қызметі және заңдылықты сақтау, сот билігі қызметінің негізгі принциптері т.б. тақырыптары өтіледі.

Жаңғырту жолына түскен қоғамдағы адам тарауында, адам құқығы туралы түсінік, жалпыға бірдей Деклорациясы, Қазақстан Республикасының конституциясы және азаматтардың құқығы мен бостандықтары, азаматтардың негізгні міндерреті тақырыптары бірнеше мысалдар келтірумен түсіндіріледі.

Айтылып өтілген тақырыптармен қатар еңбек ету құқығы, қылмыстық құқық, экологиялық құқық мұнда табиғатты қорғау, қоршаған ортаны қорғау туралы халықаралық құқықтың ерекшеліктері қарастырылады.

Соңғы бөлім жаңа ғасыр табалдырығындағы тәрібінде халықаралық құқық деп аталады. Мұнда мемлекетіміз бен қоғамымыздағы қөарудың дұрыс стратегиясын таңдап алудың өмірлік мәні, кәсіпқой мемлекет құрудың қажеттігі жайында өзекті тың мәселелер оқытылады.

Бұл пәнді осы сынып оқушыларын оқытуда балалар заңдарды біліп қана қою жеткіліксіз – қоғамда қүұқықтық тәртіп орнату, адамдардың өміріне, оқуына, жұмысына, демалысына, қауіпсіздігіне қалыпты жағдай туғызу екендігін шын мәнінде ұғыну керек /49/.

«Құқықтану негіздері» пәнінің оқытылу бағдарламасына сай жоғарғы буын сыныптарына яғни, 9-10 сыныптарға ұсынған 68 сағаттық оқу жоспары «құқық салалрының негіздері» атымен ұсынылып отыр. Бұл пәнді оқытудың мақсаты – мектеп бітірушілердің заң нормаларынан нақты білім алуына мүмкіндік беру.

Осы беріліп отырған бағдарламада 9 – сыныптың ескі жүйе бағдарламасы бойынша «мемлекет және құқық негіздері» пәніне көптеген толықтырулар енгізу ұсынылған. Мұндағы негізгі оқытылатын мәселелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдарына жеке-жеке тоқталып өткен, бұған қосымша қылмыстық құқық, отбасы құқығы мұнда неке және неке жасы, отбасының түрлері, некенің бұзылуы, Әлеуметтік қатынастар, ата-аналық құүқықтан айыру тәртібі, оқытылады. Осыларға қосымша азаматтық және қылмыстық іс жүргізу, құқық қорғау органдары экономикалық құқық, халықаралық құқық, бұл тақырыпта «Балалардың құқықтары туралы Конвенция», «1989 жылы Қазақстан Республикасы балалардың құқықтары туралы заңы» осыларға жеке-жеке тоқталып өтіледі және Еуропалық қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы (ОБСЕ) Қазақстан Республикасындағы адам құқытарын қорғау жөніндегі Қазақстан Республткасы Президенті жанындағы комиссия және т.б. мәселер оқытылу көзделуде.

Жыл соңында бүкіл тарау бойынша қорытынды, қайталау, жинақтау сабағына 2 сағаттық уақыт беріледі.

Мектепті бітіруге таяу қалған 11-сынып оқушыларына «Халықаралық құқық» тақырыбымен аптасына бір сағат жылына 34 сағаттық бағдарлама ұсынылып отыр. Бұл пәнді оқытудың мақсаты құқықтық терминдер мен ұғымдарды игере білу, құқықтық термионологияны дұрыс пайдалана білу және кейбір құжаттардың мазмұнын түсіндіре оқи білу. Өмірдегі әр түрлі жағдайларға байланысты құқықтық шаралар қолдануда, адамдардың өзінің іс-әрекетіне, өмірдің түрлі жағдайларына байланысты құқықтық баға беруде өзінің білімін көрсете білу және т.б.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мына тақырыптар оқытылады: «Халықаралық құқық деген не ?», келісім шарттардың жасалуы, халықаралық жағдайлардағы құқықтық ұстанымдар, мемлекеттердің ішкі ісіне араласпау, халықаралық құқықтағы Қазақстан Республикасы оны тану, Вена Конвенциясы, Біріккен Ұлттар Ұйымы, оның бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтаудағы рөлі, БҰҰ және Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтағы адам проблемасы, шет мемлекеттердегі азаматтық мәселесі, қосазаматтық, босқындар құқығы, адам құқығын қорғау мәселелері оқытылады. Мұнымен қоса Қазақстан Республикасының балалардың құқытары туралы заңы, балалар туралы Деклорация 1959 жылы және Конвенция 1989 жылы қабылданған, балалардың өмір сүру құқығы, халықаралық соттар мен олардың қызметтері, терроризм үшін жауапкершілік, халықаралық экономикалық, дипломатиялық, қауіпсіздік құқық, діни экстремизмнен балаларды қорғау, есіркімен күрес, мемлекеттің қылмысқа қарсы күресі және шекара мен аумақ мәселесі, қоршаған ортаны қорғау, қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу мәселелері оқытылу көзделуде.

Әдеттегідей, жыл соңында қорытынды қайталау сабағына 2 сағаттық уақыт беріледі. Бұл қайталау сабағында оқушылардың қаншалықты меңгергендігін тексеріп, тоқсандық бағаларын қоырытындалу керек /50/.

Жалпы тарауымызды қорытындылай келе, мемлекетіміздің жалпыға бірдей білім беру стандартына сәйкес «Құқықтану негіздері» пәнінің бағдарламасы ұсынылғанымен, мектеп оқушыларына арналған оқулық жазылып үлгермеді. Қаазіргі таңда сол тақырыптар төңірегінде жарыққа шыққан баламаш оқу құралдары көп. Мәселен, «Баршаға арналған адам құқығы», 7-сынып оқушыларына арналған, «Адам. Қоғам. Құқық» жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған байқау оқулығы жарық көрді.

Болашақта «Құқықтану негіздері» пәніне беріліп отырған бағдарламаға сәйкес 1-11- сыныптар аралығында жаңа буын оқулықтары шығады деген сенімдеміз. Құқық пәнін оқытуда мұғалімдерге қойылатын талаптар:

-Пәнді оқыту барысында, білім беруді оқушыларға білімдік, дамытушылық, тәрбиелік, міндеттерді басшылыққа алу.

-Оқушылардың өмірлік тәжірибелерін, сенімдері, құндылық бағыт-бағдарларын қалыптастыруға олардың адамгершілік, ізгілік, демократияшыл, патриот, өзара түсіністік, достық, ынтымақтастық, шыдамдылық, ұлтжандылық мұратарын дұрыс бағыт беріп, тәрбиеленуге көмектесу.

-Нағыз өз елінің азаматы болып өсуі, үлкен жауапкершілік иесі, ынта мен жігерлі, басқалардың құқыңғын құрметтейтін адамзаттық игіліктері еселейтін, оны сезінетін білімді азаматты тәрбиелеу /51/.

Жоғарғы сынып оқушыларына осы айтылып өткен бағдарламаларға мына сабақ түрлерімен өтілсе сабақ жақсы өтілген болар еді:

  • Аралс сабақ
  • Кіріктірілген сабақ
  • Қайталау сабағы
  • Бекіту сабағы
  • Жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
  • Білімді қорытындалу сабағы
  • Жүйеге келтіру сабағы
  • Семинар сабағы
  • Дәріс сабағы
  • Интеграция сабақ
  • Консультация сабағы
  • Сайыс сабағы
  • Конференция сабағы
  • Сот сабағы
  • Даралап – саралап оқыту сабағы және т.б.

Жоғарғы сынып 8-9-10-11 оқушыларының «Құқықтану негіздері» пәнін оқу барысында бағдарламаның әдіс-тәсілдері жетілдіру мақсатында, жоғарыда айтылып өтілген сабақ түрлерінің ішінен сот сабағына сабақ жоспарын ұсынып отырмыз.

 

Сабақ жоспары №2. 11-сынып «Құқықтану негіздері»

Сабақтың тақырыбы: ХХІ ғасыр проблемалары

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік. Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері, адам және қоғам пәндерінен алған білімдерін жинақтап, салауатты өмсір салтына байланысты алкаголь, темекі шегу, нашақорлық, СПИД-ВИЧ ауруларының адамға, қоғамға тигізетін әсерлерін заң жүзінде әшкерелеу.

Ә) Дамытушылық. Оқушылардың өзіндік жұмыс істеуін, сөйлеу қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізуге талпынту, өзара пікір таластыра білуге, пікірін дәлелдеуге үйрету.

Б) Тәрбиелік. Құқықтық экономикалық тәрбие бере отырып, адамгершілікке тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: Буклет, плакат, газеттер, рефераттар, қанатты сөздер.

Сабақтың түрі: сот сабағы (дәстүрлі емес сабақ).

Сабақтың типі: кіріктірілген (интегралды) сабақ. (Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері және Адам және қоғам).

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы: 1-ұйымдастыру

                                2-сабақтың мақсаты мен түрімен танычстыру, сынып оқушыларын рөлдерге: «Сот», «Сот кеңесшілері», «қорғаушы», «айыптаушы», «зәбір көрушілер», «айыптылар», «куәгерлер», «милиция», «сот хатшысы» тағайындау.

Сот төрағасы – тарих пәнінің мұғалімі.

Кеңесшілері – екі оқушы

Милиционерлер – екі оқушы

Айыптаушы (прокурор) – екі оқушы

Қорғаушы (адвокат) – бір оқушы

Зәбір шегуші – қоғам – үш оқушы

Айыпталушы қылмыскерлер – арақ – бір оқушы

                                                    темекі – бір оқушы

                                                    есірткі – бір оқушы

                                                  СПИД – бір оқушы

                                                  Зілзәләл Ібіліс – бір оқушы

Куәгерлер – екі оқушы

Сараптаушы – дәрігер – бір оқушы

Психолог – бір оқушы

Статистик – бір оқушы

Хатшы – бір оқушы

 

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» статегиялық бағдарламасы бойынша «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімдері мен әл-ауқаты» атты төрт-ұзақ мерзімді басымдықты басшылыққа ала отырып, сот процесінің жүргізілу барысы мен танысу және спирттік ішімдіктің, нашақорлықтың, темекінің, СПИД-тің адам мен қоғамға, экологияға, экономикаға тигізетін әсерін әшкерелеу. Ақ пен қараны анықтау. Осы мақсатта балалар, бүгін сендермен «Ғасыр сотын» өткіземіз.

Сот процесі: сотты сот хатшысы бастайды.

Қоңырау үні естіледі.

Хатшы: «Сот келе жатыр. Орындарыңыздан тұрыңыздар!».

Сот мүшелері орындарына келіп отырады.

Қорғаушы мен айыптаушы бір-біріне қарама-қарсы отырады. Сот хатшысы сот мүшелерінен төмен орналасады. Зәбір көруші – қоғам алдыңғы қатардан орын алады. Айыпталушы қылмыскерлер қорғаушының артындағы қылмысккерлер орындарына жайғастырылады. Екі милиционерлер қылмыскердің екі жағына тұрады. Куәгерлоер сот залына кезекпен шақырылады.

Хатшы сот процесін ашық деп жариялайды. Сонан соң солт процесіне қатысушыларды таныстырады.

Бүгінгі сот процесінде қаралатын мәселе ХХ ғасырдың басты проблемаларының бірі болған және ХХІ ғасырдың басты проблемаларының біріне айналып бара жатқан темекі, арақ, есірткі, СПИД-ВИЧ ауруы және бұларды таратушы Зілзәләл Ібіліс ісі.

Қазақстан Республткасының қылмыстық кодексінің 96 бап, 102 ьаптың тірінші тармағы, 103, 104, 105 баптары (денсаулыққа ауыр, орта, жеңіл түрдегу зиян келтірушілік, еңбек қабілетінен мүлдем немпесе уақытша айыру), 178-бап, 295 баптарына сәйкес арақтың үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Есіркінің үсітінен жоғары аталған баптармен бірге ҚР-ның қылмыстық кодексінің 259 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

СПИД-ВИЧ ауруының үытінен ҚР қылмыстық кодекстінің 120, 121 баптарының 3-тармағының б-пунктіне (ауруды таратушы) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Темекінің үстінен ҚР әкімшілік кодексінің 174 бабының 1-тармағына сәйкес азаматтық, адамгершіңлік тұрғысынан іс қозғалады.

Басты айыпкер Зілләләл Ібілістің үстінен жоғарыда көрсетілген ҚР қылмыстық кодксінің және әкімшілік кодексінің баптарына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Басты айыпкер Ібіліс іздестірілуде. Қылмысы толық дәлелденген.

Сол алдына айыпталушы қылмыскерлерге қарсы арыз беруші, зәбір көруші қоғамды шақырамыз.

Сот төрағасы: «Зәбір көруші қоғам сот залындағы айыпталушы қызметкерлердің қоғамға қарсы іс-әрекеті туралы не айтасыз?»

Қоғамдағы экология саласы: «Біздің қоғамымызда ішімдік, темекі, есірткі заттары тек денсаулықа зиянын келтіріп қана қоймайды сонымен қатар экологияға да кері әсерін тигізеді. Мысалы, темекі өсетін алқаптарда темекі топырықты құнарсыздандырады, басқа өсімдіктердің өсуіне кедергі келтіреді.

Қоғамдағы мәдениет саласы: «Мемлекет басшысының жарлығымен 2000 жылды – мәденетті қолдау жылы деп жариялау туралы жарлық шығарылды. Кез-келген мемлекеттің, ұлтың даму дәрежесінің көрсеткішінің бірі – білім мен мәдениет. Олардың дамуына кері әсерін тигізіп отырған жағдайлардың бірі арақ, темекі, есірткі. Адамның осыларға жақын болуына мәдениетіміз төмендеп кетті. Сондықтан мен бұларға (темекі, арақ, есірткі) қоғамды, ұлтты азғырушы ретінде қараймын»

Қоғамдағы демография саласы: «Дүние жүзіндегі қандай да болмасын ұлттың дамуына, табиғи өсуіне, қылмыскерлер орнында отырған темекі, арақ, есірткі, СПИД-ВИЧ жұқпалы ауруының кері әсері тиюде. Қаншама адамдар бұл қылмыскерлермен жақын жүрудің нәтижесінде өз-өзіне дқол жұмсап екінші бір адамды өмірінен айыруда. Көптеген отбасыларында сәбилер жарым-жан, ақыл есі төмен күйде дүниеге келуде. Жетім балалардың саны көбеюде. Бұл қылмыскердлердің жасаған қылмысына қатал жаза бермейінше, дертің алдын аламйынша болашағымызға балта шабылғаны шабылған».

Сот төрағасы: қорғаушы мен қылмыскерлерден жәбірленуші қоғамның оларға қарсы таққан айыбы мен келісе ме жоқ па, соны сұрайды.

Қорғаушы : Зәбір көруші қоғамның өз қорғаушыларына қарсы тағылған айыптар мен толық келіспегендігін мәлімдейді.

Арақ: «Құрметті сот мүшелері, мен маған тағылған айыппен толық толық келіспеймін. Менің қоғамға пайдалы жақтарым да бар. Мысалы, мені өндіруші «Бахус» ашық акционерлік қоғам мүшелерін, яғни 1023 адамды жжұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Көптеген шаруашылықтар арақ-шарап жасауға керекті шикізатты даярлаумен айналысуда. Мен мемлкеттің қазынасына миллиондаған пайда түсірудемін».

Темекі: «мен де әріптесім арақ сияқты көптеген адамдарға жұмыс берудемін. Мемлекет мені шығаратын өндіріс орындарының бәрінің көлемін көбейтуге және түрлендіріп шығаруға мүдделі болып отыр. Сонымен қатар арақ пен темекіні жарнамалаудан белгілі бір адамдар тобы мен теледидар, баспасөз көздері күнін көріп баюда».

Есірткі: «Опиумды аадамзат ертеден қазірге дейін адам бойындағы кейбір дерттерге қарсы шипа ретінде қолдануда. Пен де белгілі бір мемлекеттің, адамдар тобының баю көздерінің бірімін. Адамзат тарихында опиумды белгілі бір мемлекеттің валюта ретінде қолданғаны да белгілі».

СПИД-ВИЧ ауруы: «Менің жұқпалы вирус екенім де ХХ-ХХІ ғасырлардың басты юерті екенім де рас. Бірақ, мен өздігімнен тараймын. Мені тарататын адам. Сондықтан, мен маған тағылған бірқатар айыптармен толық келісе алмаймын».

Сот төрағасы: айыптаушы мен қорғаушыдан сот процесінде қаралаып отырған іске қатысы бар куәгерлерді сот залына шықыруды сұрайды.

Айыптаушы сот залына куәгерді шақырады.

Хатшы: Куәгердің сот алдында берген мәліметтері тек шындыққа жанасуы керек. Мәлеметерді сот процесінің нәтижесіндегі шешімдерге кері әсерін тигізген жағдайда жалақы мөлшеріне қарай айып тағылатындығы немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырылатындығы туралы ескертіліп, жоғарыда айтылғандармен танысқандығын растап қол қоюын сұрайды.

Куәгер: Осы жылдың 23-қаңтарында, түс кезінде 11-ықшам ауданда 14-үйде өрт болды. Мен сол оқиғаның куәсі болодым. өрттің болу себебі: күннің сұқ болуына байланысты, далада жүрген мекен – жайы тұрақты емес азаматтардың үйдің ең төменгі қабатына кіріп, ішімдік ішіп, жылыну мақсатымен от жаққан. Олардың 14-үйдің ең төменгі қабатына кіріп бара жатқанын өз көзіммен көрдім. Соның салдарынан өрт шыққан. Үйдің тұрғындары белгілі бір көлемде материалдық, рухани шығынждарға ұшырады.

Айыптаушы: Сот залына екінші куәгерді шақырады.

Хатшы: Куәгердің сот алдында берген мәліметтері тек шындыққа жанасуы керек. Мәліметтердің сот процесінің нәтижесіндегі шешімдерге кері әсерін тигізген жағдайда жалақы мөлшеріне қарай айып тағылатындығы немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырылатындығы туралы ескертіліп, жоғарыда айтылғандармен танысқадығын растап, қол қоюын сұрайды.

Куәгер: Осы жылдың 21-қаңтарында Алмалы ауданының Әли Шәрипов пен Құрманғазы көшелерінің қиялысында кешкі сағат 18.30 -да үйге қайтып келе жатып, сол көшенің бойында тұратын Александр Гальцев пен виктор Козловтың байланысып тұрғанын байқадым, нәтижесінде А.Гальцев В.Клзловқа бірнеше пышақ салып алды. Дәрігерлер келіп жеткенше В.Козлов өліп кетті,

Қорғаушы: Жолдас куәгер менің қорғаушыларымның біреуі дәлірек айтсақ арақтың, сіз баяндаған оқиғаға қатысы бар делінген. Сіздің бұл айтысыңыздан арақтық қылмысқа қытыстылығын көре алмай тұрмын. Мұны қалай түсіндіресіз?

Куәгер (жауабы): мен олардың сөздеріне, қимылдарына арақ ішкендерін байқадым. Сонымен қатар, екеуінің қасынан босаған шөли-мек пен екі стакан көрдім.

Айыптаушы: сотқа 21-қаңтардағы куәгердің баяндаған оқиғадағы А.Гальцев пен В.Козловтың арақ ішкендіктерін дәлелдейтін дәрігердің анықтамасын тапсырды.

          Хатшы: Сот алдына сараптамашы-дәрігер маманын шақырады.

          Сот төрағасының  судия  1-кеңесшісі: Сараптамашы –дәрігер қылмыскерлер орнында отырған темекі, арақ, есірткі. СПИД-ВИЧ ауруының қоғамға, жалпы адамға әсері туралы маман ретінде баяндап берсеңіз

          Сараптамашы- дәрігер: Шылым шегу зиянды әдет, ағзаны улайды. Адам шылы шеккенде, зиянды заттар ауызға, жоғарғы тыныс жолдарына өтіп сілемейлі қабықша мен өкпе көпіршіктерінің бетіне қонады.Сілекеймен бірге жұтылып, асқазанға барады. Темекі мен оның түтінінде  адам ағзасына зиянды ең улы никотиннен басқа, екі жүздей химиялық зат кездеседі. Бұлар сірке қышқылы, эфир майы, көмір қышқлы, аммиак, висмут т.б. Шылым шегетін адаммен шекпейтін адамды оңай ажыратуға болады.Бет келбеті қан-сөлсіз , әжім ерте түседі, шашы сирейді саусағы сарғыш тартады, өз жасына қарағанда үлкен көрінеді, тісі бұзылады, терісінің созылғыштық қасиеті кемиді. Шылым шегетіндерде әрбір шылым шеккен сайын тамырлардың 30 минуттай тарылатындығы байқалады. Бұл жүректің атқаратын жұмысын күшейтеді. Көп күш түскеннен кейін жүрек тез қажиды. Шылым шегуден созылмалы гастрит  пен асқазан аурулары пайда болдады. Бауыр мен бүйректің де жұмыстары бұзылады. Шылым шегетіндердің де өмірлері шылым шекпейтіндермен  салыстырғанда 6-12 жылға қысқарады. Стенокардия, инфаркт, сияқты ауруларға шалдығады. Никотин айналадағыларды да уландырады. Көптеген химиялық қосылыстар адам ағзасында рак ауруын тудырады. Осындай химиялық қосылыстар темекі құрамында бар екені анықталады. Бұлар бензпирен, полони, қара май, висмут, никотинмидағы қан тамырларын тарылтады, миға қоректік заттар мен оттегінің келуі азаяды, жүйке жүйесінің қызметі нашарлайды. Шылым шеккеннен кейін адамның естуі мен көруі нашарлайды, түсті ажырату қабілеті төмендейді.                   

          Никотин өсімдіктен алынатын у. Таза  күнде  никотин түссіз, майлы сұйықтық, жағымсызиісі бар. Суда, спиртте, эфирде жылдам ериді. Адамға бір тамшы никотин берсесеспей қатады (10, 12 тал темекі).

Алкаголь-адамды уландыратын зат. Ол әр-түрлі химиялық қосылыстардан тұрады. Егер, оны мөлшерден көп пайдаланса, онда  ол адам ағзасын біртіндеп уландыра бастайды. Алкоголь дәм сезу мүшелеріне, ас қорыту мүшелеріне, миға адамның жүйке жүйесіне әсер етеді.

Наша түрлері өте көп. Героин, марихуана, морфи т.б. Адам арықтайды, жұмыс істеу қабілеті төмендейді, жүйке жүйесінеәсер етеді. Көз алдынжа түрлі көріністер пайда болады. Көп мөлшерде пайдаланса, адам өліп кетуі мүмкін.

СПИД. СПИДпен ауырған адам көп дегенде 6 жыл өмір сүре алады. СПИД қанның  құрамындағы иммунитетке жауап беретін Т4түйіршіктер өлтіреді де, сол жерде көбейеді. СПИДпен ауырған адам пневмания, менигит, энцефалит ауыруларына шалдығады. СПИД ауырларының белгілері: құрғақ жөтел, арықтау, температураның көтерілуі, терлеу, іштің өтуі, теріден рак аурулаврының пайда болуы. (Түрлі буклет, рефераттарды пайдаланады?).

Хатшы: Сот алдында маман-психологты шақырады.

Сот төрағасының (судьяның) ІІ-ші кеңесшісі: Психолог. Темекі, арақ, есірткіні адамның міне-құлқына, іс-әрекетіне әсері туралы баяндап берсеңіз.

Психолог: Мектеп жасында шылым шегетін, арақ ішетін оқушылар ештеңемен шұғылданбайды не сабақ оқымайды, қоғамдық жұмсықа қатыспайды, елеусіз жүреді. Жоғары сынып оқушылары өздерін үлкен адамбыз деп, ешкңмге бағынышты емес екенін көрсеткісі келеді. Мұндай адамдар ұмытшақ, ұғу қабілеті төмен, келбеті өзінің табиғи өңінен айырылады.

Статистік: Дүние жүзінде шылым шегуден жылына 2 жарым миллион адам өледі. Әр отбасына мыңдаған шығын келеді. Оларды өкпе рагы 20 есе көп болады. Әрбір шылым адам өмірін 12 минутқа қысқартады. Жүрек ауыруымен 12, 13 есе асқазан жарасымен 10 есе жиі ауырады. Шылым шегетіндердің 80% өкпе ауыруына шалдығады.

Сот төрағасы (судья): сөз кезегін айыптаушы (прокурорға) береді.

Айыптаушы (прокурор): Ібіліске темекі, арақ, есіркіге, СПИД-ВИЧ ауыруына тағылғ анайыппен толық келісетінін мәлімдей отырып, сотты мынадай мәліметтермен таныстырады.

Алматы қаласының Алмалы ауданы бойынша 1999 жылы 12 айда 68 қылмыстық іс қозғалған, 48-жасөспірімдер арасында, 9-есірткі үшін, 349 қылмыстық іс ішімдік салдарынан 2-ауыр дене жарақаты, 6-тонау ісі (мектеп оқушылары) 3-топтық ұрлық, 7- ұрлық (аудан бойынша) 12-бұзақылық. Ауыр дене жарақатынан 2000 жылдың қаңтарында 1-і қайтыс болды.

1999 жылы әлемде ВИЧ-СПИДпен есепке 50 миллон адам тіркелген. 16 миллионы өлген. Бүгінгі Қазақстанда есепте 28 мың нашақор, кәмелетке толмағандары 2 мың.

Алматыда (1-қаңтар. 1987 жыл 1-желтоқсан 1999 жыл) ВИЧ жұқтырған 45 адам тіркелген. 1-і өлген. 1999 жылы 11 айында ВИЧ-ты жұқтырған 12 адам тіркелген. ВИЧ ауыруымен ауырған адамды 1 жыл емдеу үшін минимум 10 максимум 20 мың АҚШ доллары керек екен.

1988- жылдың өзінде ғана Қазақстанда 40 тоннадай есірткі мен оған керекті шикізаттар қолға түсірілген. Мамандар бұл көрсеткіш төмендетілген дейді.

Осы мәліметтерді айта келе, көрнекі құралдардың (ХХІ ғасыр проблемалары тақырыбындағы ғазет, нашақор мен маскүнемнің сурет) көмегімен арақ пен есірткінің отбасы арасындағы жанжалға, жолдағы апаттардың көбеюіне т.б. қатыстылығы нақты дәлелдемелерден көрсетілді.

Айыптаушы (прокурор) сот залында мынадай сұрау салды. «Спирттік ішімдікті сатқызбай, маскүнемдіктен біржолата арылуға болмай ма?».

Қорғаушы (адвокат): Біз тарихта спиртті ішімдіктерді сатуға тйым салудан нәтиже шықпағандығын біліміз. Мысалы: 1914 жылы Ресейде, 1917 жылы АҚШ-та спиртті ішімдіктерді өндіруге, сатуға тиым салынған еді. Нәтижесінде спирттік өнімдерді өндіру, сату, қылмыстық топтардың қолына көшіп, баюдың бір жолына айналды. КСРО-да ұндай жағдай ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының екінші жартысында орын алды. (КСРО КОМ. Партиясының Орталық атқару комитетінің бас хатшысы М.С.Горбачевтың кезінде). Нәтижесінде сапасы төмен түрлі қоспалардан тұратын арақ өнімдері пайда болды.

Сот төрағасы (Судья): Келесі сөзді қорғаушы (адвокатқа) береді.

Қорғаушы (адвокат): Құрметті сот мүшелері және қоғам мен өз сөзімізге сіздерге мына жағдайды жеткізуге тырысайын. Сіздердің тапқан айыптарыңыз шектен тыс. Мынаған көңіл аударыңыздар. Менің қорғаушыларым арақ, темекі, есірткі, СПИД-ВИЧ ауруларым қоғам ішінде өз бетімен дерт болып тарамайды, яғни қылымысты бастағанмен емес. Менің қорғаушыларым айыптап отырған қоғам, ал қоғам мүшелерінің бірі-адам. Адам менің қорғаушыларымды ерікті немесе еріксіз қолдану арқылы қылмысқа баруды, яғни өз қылмысына қатысты етті. Менің қорғаушыларымның сөздері жоғарыда айтып кеткендей, пайдалы жақтары да бар. Сондықтан, менің қорғаушыларымды темекіні, арақты, есіркіні, СПИД-ВИЧ ауруын ХХ-ХХІ ғасырдың проблемаларына айналдырып отырған басты қылмыскер деп санаймын.

Сот шешімін шығару мақсатында ақылдасуға кетеді.

Хатшы: «Сот келе жатыр Орындарыңыздан тұрыңыздар!». Сот мүшелері орындарына келіп, тұрған күйінде соттың төрағасы үкім, ұсыныстарды оқиды. Қылмыскерлер үкімі орындарынан тұрып тыңдайды.

Сот үкімі: Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 96, 102-баптарының 1-тармағы, 103, 104, 105, 120, 178, 179, 259, 295-бабтарына сәйкес айыпты деп табылып мүлкі толық тәркіленіп, 25 жылға бас бостандығынан айырылсын.

Темекі, арақ, есіткінің үстінене ҚР қылмыстық кодексінің 102-бабының 1-тармағы (зәбір көрушінің адамгершілік қасиеттерін жою арқылы өзіне-өзі қол жұмсауға жеткізуі), 103, 104-бабтарының 1-тапмағы (денсаулыққа ауыр, ортаға зиян келтірушілік, еңбек қабілетінен мүлдем немесе уақытша айыру),  105-бапқа (денсаулыққа жеңіл зиян келтірушілік) сәйкес айыпты деп табылып, жоғары мөлшерде айып пұл салынып, 3 жылға бас бостандығынан айырылсын.

СПИД-ВИЧ ауыруы үстінен Қр қылмыстық кодексінің 120, 121-баптарының 3-тармақтарының б-пункіттерінде (ВИЧ/СПИД ауыруын жұқтыру) сәйкес айыпты деп табылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылсын.

Темекі, арақ, есірткіні басқа мемлекеттерден тасымалдауға шек қойылып, мемлекет тарапынан қатаң бақылауға алынсын. Темекі мен арақты өндіретін өндіріс орындарына айып пұл салынсын. Бұларды түрлі жолдрамен жарнамалауға шек қойылсын.

Бала-бақша, мектеп, жоғарғы оқу орындарында және спорттық, мәдени ошақтар маңынан темекі, арақты сататын сауда дүңгіршіктері алынып тасталынсын.

Қоғам өз ішінде бұл дерттің зияндығы жөнінде түрлі үгіт-насихат шараларын жүргізсін. Сот үкімі мен ұсыныстары қайта қорғауға жатпайды.

Хатшы: сот процессін жабық деп жариялайды.

Мұғалімнің саьақты қорытындылауы:  

Сабағымызды қорытындылай келе, балалар, «ХХІ ғасыр проблемалары» атты тақырыппен өткен қылмыстық адамгершілік ғасыр сотында өздерің жинақтаған мағлұматтардан көріп байқағанымыз мына бейне монтажда көріп отырғанымыздай СПИД ауруы, темекі тартудың, есірткіні пайдаланудан адамға, қоғамға тигізетін әсерлерінің қаншалықты зиянды екеніне көз жеткізіп отырмыз.

Осылардан түйетін түйініміз қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі адамның өзі. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуге үйрену. Мысалы, «Арақ-атаңнан қалған ас емес»-деп халық мақалында айтылса, Жүсіп Баласағұн шарап туралы былай деген: «Шарап деген білім мен ақылға жау, Шараптың шатағы сол-ұрыс пен дау».

Арақ, темекінің есірткінің, СПИД-ВИЧ ауруларының адамға, жалпы қоғамға тигізетін әсерін біліп қана қоймай, бұл жаман әдеттерден, дерттерден арылудың жолын іздеп, оның алдын алуымыз керек.

Мысалы. Мектеп айналасындағы, Б.Ибрагимовтың әзіл-ысқақ театры жанындағы комерциялық дүңгіршіктердің алынып тасталуы біржағынан осы дерттермен күрес болса, екінші жағынан биылғы 2000-жыл мәдениетті қолдау жылына байланысты мәдениет ошақтарына деген қамқорлықтың іске асырылып жатқан ізгі бастамасы деп көреміз.

Бүгін сабақтан көптеген тың дерктер алдыңдар деп ойлаймын. Сабағымыз осы сабақпен бітпейді, келесі сабақта жалғастырамыз. Мына тапсырмаларды үйде қарап орындап келіңіздер: 1) Елбасының 2000-жылды Мәдениетті қолдау жылы деп жариялау туралы жарлығымен танысу. 2) ҚР констиуциясының «Адам және азамат»-деп аиалатын үшінші бөлімді қарау. 3) БҰҰ-ның «Адам құқықтары туралы жалпыға бірдей деклорациясын» қарау. 4) Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030 барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, әл-ауқаты, денсаулығы» стратагиялық бағдарламасының 4-басымдығын қайталап келу /57.                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБЕТТЕР МЕН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ:

 

  1. Дана Смағұлова «Құқықтық мемлекет қағидаттары» // Қазақстан заңдары. 1998 №9. 60-бет.
  2. Баршаға арналған демократия.
  3. Қабдеш Ыдырысов «Заман талабынан туған оқулық» // Қазақстан тарихы . 1995 жыл. №3. 60-61 бб.
  4. ҚР-сы Жалпы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Негізгі ережелер. А: 2002 ж. 3-6 беттер.
  5. Сәнзия Көптілеуова «Құқықтық жалпы білім беруді дамытудағы мәселелер» //Жалпы тарих және құқықтану мектепте. А:2005 ж. №1. 8 бет.
  6. 61-бет.
  7. Рыскүл Баймырзаева «Жалпыға бірдей құқықтың оқытудың өзекті мәселелері» // Қазақстан заңдары. 1998 ж. №8, 39-бет.
  8. Оразалиев С. «Құқықтық білім беру және тәрбиелеу» // Заң. 2003 ж. №5. 12-бет.
  9. 61-бет.
  10. Бағдарламалар «Құқықтануға кіріспе» А: 2000 ж. 3-бет.
  11. 60-бет.
  12. 61-бет.
  13. В.Вуколов «Мұндай бағдарламаның пайдасы қанша» // қазақстан тарихы. 1993 ж. №8. 67-бет.
  14. 40-бет.
  15. Әбілқасымова Алма, Рахымжанов Әмірхан «Жалпы білім беру жүйесін жітілдіру» // Қазақстан мектебі. 2000 ж. №4. 5-6 б.б.
  16. Жоғарғы білім беру туралы Қазақстан Республикасының заңы. А: 1993 ж. 3-бет.
  17. 6-бет.
  18. Қазақстан Республикасының білім туралы заңнама. А: 2002 ж. 3-бет.
  19. Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы заңы. А: 2002 ж. 3-бет.
  20. Білім минисрлігінің «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» // Егемен Қазақстан 2003. 26. ХІІ.
  21. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» жолдауы. // Егемен Қазақстан. 2005 ж. 19-ақпан.
  22. Алғашқы қадамдар. Адам құқықтарын оқытудың бастапқы курсы. Оқу құралы. А: 2001 ж. 5-бет.
  23. 67-бет.
  24. 61-бет.
  25. 61-бет.
  26. 68-бет.
  27. 62-бет.
  28. 40-бет.
  29. 4-бет.
  30. Оразаликов С. «Құқықтық білім беру және тәрбиелеу». // Заң 2005 ж. № 5. 13-бет.
  31. Исаев Ә. «Қоғамды тану құқықтан басталады». // Қазақстан мектебі. А: 2003 ж. №12, 7-бет.
  32. Бакирова У. «Құқықтық тәрбие өзекті мәселе». // Жалпы тарих және құқықтану мектепте. 2003 ж. №1. 29-бет.
  33. 42-бет.
  34. Қазақстан Республикасының орта білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. А: 2002 ж. 3-бет.
  35. 6-бет.
  36. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру сатандарты. // Қазақстан тарихы 2003 ж. №8, 63-бет.
  37. 6-бет.
  38. 6-4 беттер.
  39. 8-бет.
  40. 8-бет.
  41. 10-бет.
  42. 70-бет.
  43. 11-бет.
  44. 42-бет.
  45. «Құқықтық жалпы білім беруді дамытудағы мәселелер». // Жалпы тарих және құқықтану мектепте. 2005 ж. №4, 8-бет.
  46. 5-бет.
  47. Қазақстан Республикасының білімді дамыту тұжырымдамасы. // Егемен Қазақстан 1997 ж. 19-маусым.
  48. «Құқықтану негіздері» курсы бойынша жоспарланған бағдарлама. А: 2004 ж. 3-бет.
  49. 9-бет.
  50. 4-бет.
  51. 8-бет.
  52. 5-бет.
  53. 7-8-беттер.
  54. 9-10-беттер.
  55. Баршаға арналған адам құқығы. А:2005 ж. 130-131 б.б.
  56. Аргументы и факты… 1999 №5.
  57. 133 б.
  58. Құқық негіздері пәні бойынша мұғалімдердің педагогикалық қызметін ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулар. А: 2004 ж. 13-бет.
  59. 3-бет.
  60. 34-35 б.б.
  61. 4-бет.
  62. 41-45 б.б.