Екі адам көз жұмды. Қырым көпіріндегі “төтенше жағдай”

Қырым көпіріндегі қозғалыс «төтенше» жағдайға байланысты тоқтатылды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі “Америка дауысы”  радиосына сілтей отырып. 

Қырым көпіріндегі “төтенше жағдай” салдарынан екі адам қаза тауып, бір бала зардап шекті. Оқиғаның ресми себебі әлі жарияланған.

Дүйсенбі күні таңертең Краснодар облысын 2014 жылы Мәскеу Қырыммен байланыстыратын Ресей салған Қырым көпірінде «төтенше» жағдайға байланысты көлік қозғалысын тоқтатты. Бұл туралы Қырым басшысы Сергей Аксенов телеграм парақшасында жазды.

Аксеновтың жазбасында, оқиға Краснодар өлкесінен шыққан көпірдің 145-ші бағанасында болған. Ол ешқандай қосымша мәлімет бермеді.

Көпірде жарылыс дыбыстары естілген. Бірінші жарылыс таңғы сағат 03:04-те, екіншісі 03:20-да болған.

Reuters бұл хабарларды тәуелсіз түрде тексере алмады. Украина тарапынан ешқандай түсініктеме берілген жоқ.