«Еркектердің 95%-ы үмітті»: Рүстем Жүгінісов 4 әйел алғысы келетінін айтты

Бұрын әншілігімен аты шығып, кейін діндар болып кеткен Рүстем Жүгінісов Instagram-парақшасында 4 әйел алуды жоспарлап жүргенін айтты, деп хабарлайды    Altyn-orda.kz     Ulysmedia.kzке сілтеме жасай отырып 

Оның пікірінше, әр еркек көп әйел алғысы келеді.

Еркектердің 95 пайызы көп әйел алғысы келеді. Оның ішінде өзім де бармын. Қалған 5 пайызы бір әйелім жетеді деп жүргендер, көп әйел алуға әлі дайын емеспін деп ойлап жүргендер де бар шығар. Әр еркек көп әйел алғысы келеді деп ойлаймын. Мен 4 әйел алғым келеді, — деді ол.

Естеріңізде болса, Атырауда өткен Ұлттық құрылтай барысында президент қыз алып қашуды, көп әйел алуды ұлттық дәстүр санап, ел ішінде дәріптегісі келетіндерді қолдамайтынын білдірген болатын.

Елімізде қыз алып қашуды, көп әйел алуды ұлттық дәстүр санап, ел ішінде дәріптегісі келетіндер бар. Бұл – мүлдем ақтауға болмайтын заңсыздық, қараңғылық, тіпті, масқара тірлік. Өркениетті қоғамда әр азаматтың абыройы, құқығы және бостандығы баға жетпес құндылық болуы керек. Сондықтан мұндай ақылға сыймайтын әрекеттерді қатаң сынға алу жеткіліксіз. Оған құқықтық баға беріліп, біржола тосқауыл қойылуға тиіс, — деген Тоқаев.