Эстония Ресеймен шекараны кез келген сәтте жабуға дайын

Эстония билігі әзірге Ресеймен шекараны жабуға негіз жоқ екенін мәлімдеді. Алайда қауіпсіздік жағдайы өзгерсе, мұндай шешім дереу қабылдануы мүмкін.
Эстонияның ішкі істер министрі Игорь Тароның айтуынша, ел билігі шекарадағы ахуалды тұрақты бақылауда ұстап отыр.
«Егер Эстонияға тікелей қауіп төнсе, шекара бірден жабылады», — деді министр.
Қазіргі уақытта шекара бекеттерін жабуды талап ететін қауіп анықталған жоқ










