Жалпы саны 12 медаль:Қазақстан жас дзюдошылары Азия чемпионатын жеңіспен аяқтады

Иорданияның Амман қаласында дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Құрлықтық додада Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы 12 медаль жеңіп алды деп хабарлайды Altyn-Orda.kz

Қазақстандық спортшылардың қоржынына бес алтын, төрт күміс және үш қола жүлде түсті. Азия чемпионы атанғандар қатарында

Айнара Сейітжанова (48 келі),

Нұрбала Зайнул (52 келі),

Ролан Қайырғали (66 келі),

Гүлсезім Тұрлыбек (78 келі)

және Санжар Ерұланұлы (100 келі) бар.

Күміс медальдарды Дамеля Асылханова,

Ерасыл Ержанов,

Мұхамедали Закиров

және Руслана Махатова иеленді.

Ал Айзат Наукенова, Айдана Абиханова мен Шынар Бітімбай қола жүлдегер атанды.

Осылайша, Қазақстан жастар құрамасы Азия чемпионатын бес алтын, төрт күміс және үш қола медальмен аяқтап, құрлықтағы үздік құрамалардың бірі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Жаңалықтың толық нұсқасын Altyn-Orda.kz сайтынан оқи аласыздар.