«FlyArystan қазақтың киелі домбырасын сындырып, төлеуден бас тарты»- әнші Бекзат Абылды
Кәсіби өнерпаз, белгілі халық әндерін орындаушы дүлдүл Бекзат Абылды іс-cапар барысында басынан өткен келеңсіз оқиғамен бөлісті. Әншінің айтуынша, FlyArystan ұшу компаниясының қызметі қазақтың киелі домбырасын әншінің өзімен бірге алып кіруіне рұқсат бермеген. Қазақтың киелі аспабын жүктердің арасына тастаған. Салдарынан добыраның шанағы жарылып, аспап морт сынған. Бұл жайлы «Адырна» хабарлайды.
— Бүгін 13.12.2022 ж Алматы қаласынан Павлодар қаласына ұшуым керек болды. Павлодар қаласның Иса Байзақов атындағы филармонияның ұйымдастыруымен “Ән аманат” атты сол өңірден шыққан дәстүрлі әншілердің фестиваліне. Әуежайға тиесілі уақытында жетіп тіркеуден өтіп жатсам “домбыраңызды салонға кіргізе алмаймыз, егерде өзіңізбен бірге алып жүргіңіз келсе тағыда бір адамның билетін алу керек” деді. Енді?—деген сұрақ пайда болды?! Әйтеуір не керек бір түсінетін адам таппаған соң багаж өткізетін болып шештік. Ақшасын төлеп 2 200 теңгесін, түсіндіріп айттым: — Айналайындар, бұл домбыра аспабы өзі кішкентай ғана таразыға салғанда 800 грамм ғана шықты әбден кепкен ағашқой, өзі ескі домбыра Нұрбек ағама беріп реставрациядан алып шыққан бетім еді. Бір ыңғайлы жерге қойыңыздаршы, — деп кете кеткенше жалынып айттым. “Оййй уайымдамаңыз бәрі дұрыс болады қам жемеңіз” деп шығарып салды. Және бір түсінбегенім егерде домбыра сынса біз жауапкершіліктен бас тартамыз дегендері. Орыстың жігіті мен өзім аспапта ойнаймын аға бәрі дұрыс болады деп көндірді, — деп жазды оқиға туралы әнші.
Бұдан кейін әнші өзінің қорқынышының шындыққа ұласқанын айтты. Оның айтуынша, компания домбыраны сындыруын сындырып алып, төлеуден түбегейлі бас тартқан.
— Сүйтіп ұшаққа отырғызу басталды,дәл алдымда билет қабылдап тұрған жігіттің телефоны шырылдап тұтқасын көтеріп:— Абильдин Бекзат?— Менмін, дедім.— Сіздің домбыраңызды сындырып алыпты, лентаның үстінде кетіп бара жатқанда үстіне ауыр жүк құлады, деп маған қарап тұр бажырайып. Кассаға қарай өтіңіз де домбыраңызды алыңыз деді. Енді кассаға барайын десем ұшақтан қаламын. Сосын айттым сапарымнан қалмайын келген соң павлодар қаласынан жұмысым сіздермен болады деп ұшып кеттім. Осылар ойларына келгенді істеп жүре берема енді. Енді білмеймін не істейтінімді. Осындай жағдай бастарыңыздан өтсе ақыл кеңестеріңізді айта отырыңыздар!!!FlyArystanнеге домбыраны салонға алу үшін қосымша билет алу керек? Неге музыкалық аспапты 10 мың метр биіктікке көтерілетін ұшақтың жүк бөліміне тапсыру керек? тіпті жүк құламаса домбыраның күйі қандай болатынын білесіздер ме? Музыкантқа домбыра құнын ғана емес (сіздер үшін домбыра не итаяқ не, бірдей боп тұр ғой) моралды зиянын да өтеңіз, — деп талап қойды автор.
Компанияның бұл әрекетіне реніш білдіріп, ызаланып жатқандар көп.
«Сорлысыңдар, FlayArystan! Ақшадан өлгендер. Ұлттың бір киелі мүлкі ғой. Оны бағажға жіберу деген… Ұшақта осы домбыра мәселесі өте көп орын алады. Әрсесе осы компания, осыған тиісті заң шығарсын үкімет. Басшыларын жауапқа тартсын! Сотқа беріңіз» деп жазды оқырмандар бұған қатысты.