Қазақстан құрамасы Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өткен XX жазғы Азия ойындарын сәтті аяқтады.

Фото-коллаж: malim.kz

Ұлттық құрама қоржынына жалпы 84 медаль түсті. Оның ішінде 12 алтын, 24 күміс және 48 қола жүлде бар. Осы нәтижемен Қазақстан 46 елдің арасында жалпыкомандалық есепте сегізінші орынға тұрақтады деп хабарлайды Altyn-orda.kz

Бұл көрсеткіш алдыңғы Азия ойындарымен салыстырғанда айтарлықтай жоғары. 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азиадада Қазақстан 11-орын алған болатын. Биыл ұлттық құрама үш саты жоғары көтеріліп, алтын медаль санын да арттырды.

Қазақстандық спортшылар бірнеше спорт түрінен тарихи нәтижелер көрсетті. Соның ішінде бокстан ел құрамасы 12 жылдық үзілістен кейін Азия ойындарының алтын медалін қайта жеңіп алды. Төрехан Сабырхан мен Айбек Оралбай чемпион атанды.

Осылайша, Азиада-2026 Қазақстан құрамасы үшін медаль саны мен жалпыкомандалық есептегі орын жағынан соңғы жылдардағы табысты жарыстардың бірі болды.

Қазақстан құрамасы Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өткен XX жазғы Азия ойындарын сәтті аяқтады.

Ұлттық құрама қоржынына жалпы 84 медаль түсті. Оның ішінде 12 алтын, 24 күміс және 48 қола жүлде бар. Осы нәтижемен Қазақстан 46 елдің арасында жалпыкомандалық есепте сегізінші орынға тұрақтады.