Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шарт ратификацияланды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ақордаға сілтеме жасап.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланды.
