Қазақстан үкіметі отставкаға кетті

Бүгін VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында Әлихан Смайылов басқаратын министрлер кабинеті жаңадан сайланған Мәжіліс алдында отставкаға кетті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты қаулы етемін:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», — делінген Жарлықта.

Тегтеротставка