АЛТЫНОРДА
Қазақстан жаңалықтары

Қазақстанда медиатор болу үшін не істеу керек?

Қазақстанда медиатор болу үшін не істеу керек?

Елімізде медиаторлар мәртебесіне қарай қоғамдық медиатор және кәсіби медиатор болып екіге бөлінеді. Қоғамдық медиатор болу үшін Қазақстан Республикасы «Медиация туралы» заңының 15-ші бабына сәйкес жергілікті қоғамдастық жиналысында сайлануыңыз қажет. Ол үшін қоғамдық медиатор болғысы келетін адамның жергілікті аймақтағы беделі жоғары, жасы 40-тан асқан болуы керек. Қоғамдастық мүшелерінің сайлау туралы хаттамасы он жұмыс күні ішінде жергілікті әкімдікке жіберіліп, олар сізді қоғамдық медиаторлар тізіліміне енгізеді.

Ал кәсіби медиатор болу үшін Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңының 9-шы бабына сәйкес жасыңыз 25-ке толған және кез келген салада жоғары біліміңіз бар болуы тиіс. Сонымен қатар арнайы медиациялық орталықтар ұйымдастыратын медиаторларды даярлау бағдарламасы бойынша 50 сағаттық оқу курстан өтесіз. Курстан соң сізге сертификат табыс етіліп, соның арқасында кәсіби медиаторлар тізіліміне енуге мүмкіндік аласыз.

Қазақстанда медиатор болу үшін не істеу керек?

Сот шешімімен іс-әрекеті шектелген, айыпталушы ретінде жауапқа тартылып жатқан, заң алдында әлі ақталмаған тұлғалар қоғамдық медиатор да, кәсіби медиатор да бола алмайды.

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен биыл «Social project management» орталығы» қоғамдық қоры семинарлар, лекциялар, консультатитвік жұмыстар, конференция ұйымдастырды. Жобаға 1500-ге жуық адам қамтылды. Олардың ішінде кәсіби немесе қоғамдық медиатор болуға ықыласы артқандар көбейді.