АЛТЫНОРДА
Басты жаңалықтарҚазақстан жаңалықтарыСпорт

Грозныйда Қазақстанның әнұраны шырқалғанда көрермендер орындарынан тұрды

Ресейдің Грозный қаласында өткен халықаралық кәсіпқой бокс кешінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны орындалған сәтте көрермендер орындарынан тұрып, құрмет көрсетті, деп хабарлайды altyn-orda.kz 

Әлеуметтік желілерде осы сәт түсірілген бейнежазбадағы бұл көрініс талайды тәнтті етті  . Кадрлардан Қазақстанның әнұраны шырқалған кезде залда отырған көрермендердің орындарынан тұрып, еліміздің мемлекеттік рәміздеріне құрмет білдіргенін көруге болады.

«Ахмат-Ozon» халықаралық бокс турнирі 16 қазанда Грозный қаласындағы «Колизей» спорт кешенінде өтті. Жарысқа қазақстандық боксшылар Еділ Қожамбердиев пен Сапарбай Айдаров та қатысты.

Еділ Қожамбердиев рингте ресейлік боксшы Умар Саламовпен кездессе, Сапарбай Айдаров Бешто Шавлаевқа қарсы жұдырықтасты. Өкінішке қарай, екі қазақстандық спортшы да қарсыластарына есе жіберді.

Дегенмен бұл бокс кеші спорттық нәтижелерімен ғана емес, көрермендердің Қазақстанға көрсеткен ерекше құрметімен де есте қалды.

Қазақстанның мемлекеттік әнұранына құрмет көрсеткен шешен көрермендерінің әрекеті әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды.