Қазақстандық балуандар әлем чемпионатында тағы үш медаль жеңіп алды

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық грек-рим күресінің шеберлері тағы үш медаль жеңіп алды.
87 келі салмақта өнер көрсеткен Темірлан Тұрдақын күміс жүлдегер атанды. Ол финалда ирандық Ясин Али Яздиге есе жіберді.
Ал Арсен Жұма (55 кг) мен Жохар Узаров (130 кг) қола медаль иеленді.
Бұған дейін Айбек Айтбеков (60 кг) пен Юсуф Ашрапов (72 кг) әлем чемпионы атанған болатын.
Осылайша, Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында екі алтын, бір күміс және екі қола медаль жеңіп алды.










