Шымкентте жылқыны көлікке байлап жетектеген көлік иесі жауапқа тартылды

Видеодан кадр: t.me/egovpress
Әлеуметтік желілерде Шымкентте жүргізушінің жылқыны автокөликке байлап, көлікпен сүйрегені түсірілген бейнежазба тарады деп хабарлайдыҚР ІІМ ж”аңалықтары” телеграмм каналына сілтеме жасаған Altyn-orda.kz
Аталған жайт бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, құқық бұұшының жеке басын анықтады. Тексеру барысында жылқыдан ешқандай жарақат анықталған жоқ.
Оқиғаға байланысты азамат жануарларға қатыгездік көрсету және оларды тасымалдау қағидаларын бұзу деректері бойынша жауапкершілікке тартылды.
Полиция азаматтарды жануарларды тасымалдау кезінде белгіленген талаптарды қатаң сақтауға жэне олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеуге шақырады.










