Қазақстандық блогер Қырғызстандағы шабандоз балаға тұлпар сыйлаймын деп басы дауға қалды (видео)

Қазақстандық блогер Бота Миа  деген лақап атпен танымал болған  Акбота Нурахын     Қырғызстандағы жас шабандозға ат сыйлап, екі елдің достығын көрсеткісі келген еді. Алайда сыйлық табыстау кезінде Қазақстан туының ат әбзелінің астына төселуі әлеуметтік желіде үлкен дау туғызды

Оқиға Қырғызстанда өткен «Ыстықкөл кубогы – 2026» халықаралық бәйгесінен кейін басталған.

Жарыс барысында қазақстандық шабандоз аттан құлап қалған кезде, қырғызстандық Әлихан Асқарбеков бос шауып бара жатқан жүйрікті ұстап, үстіне мініп, жарысты жалғастырған. Нәтижесінде ат мәреге үшінші болып жеткен.

Қазақстандық команда 250 мың сом көлеміндегі жүлде ақшасын толығымен балаға табыстаған.

Осы оқиғадан әсер алған Бота Миа Қырғызстанға арнайы барып, жас шабандозға ат сыйлауды ұйғарған. Блогер бұл әрекеті арқылы қазақ пен қырғыз арасындағы бауырластықты сөзбен емес, іспен көрсеткісі келгенін айтты.

Алайда ат табысталған сәттің видеосы жарияланғаннан кейін жағдай күрт өзгерді. Кадрларда баланың иығына Қырғызстан туы жабылғаны, ал Қазақстанның көк туы бейнеленген мата аттың тоқымының астына төселгені байқалады.

Бұл көрініс қазақстандық желі қолданушыларының наразылығын туғызды. Көпшілік мемлекеттік рәмізді аттың астына төсеуді туға құрметсіздік деп бағалап, блогерден түсініктеме беруді талап етті.

Кейбір қолданушылар оның игі ниетпен жасаған ісі ұйымдастырудағы өрескел қателіктің салдарынан жаңа дауға айналғанын жазды.

Бота Миа бұған дейін де Қырғызстан туралы айтқан сөзі үшін сынға қалған болатын. Кейін ол қырғыз халқынан кешірім сұрап, ешкімді кемсітуді мақсат етпегенін мәлімдеген еді. Бұл жолы блогер көрші елмен қарым-қатынасты жақсартуға тырысқанымен, Қазақстан туына қатысты көрініс оның басын қайтадан дауға қалдырды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ADYRNA.KZ – Жаңалықтар (@adyrna.kz)

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ADYRNA.KZ – Жаңалықтар (@adyrna.kz)

 

 
 
видео adyrna.kz инстаграм парақшасынан алынды