Қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсіріп, алғашқы титулына қол жеткізді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Александр Ковригин Германияның Эбербах қаласында өткен бокс кешінде титулдық жекпе-жек өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Отандық боксшы Польша өкілі Петр Гуделмен жұдырықтасты. Екінші жеңіл салмақтағы жекпе-жек он раундқа жоспарланған еді, алайда кездесу мерзімінен бұрын аяқталды. Өйткені бірінші раунда Александр Ковригин қарсыласын нокауқта жіберді. Осылайша, қазақстандық былғары қолғап шебері BDB International нұсқасы бойынша чемпион атанды.
Бұл жетінші рет жеңіске жеткен Александр Ковригиннің мансабындағы алғашқы титул. Айта кетейік, 22 жастағы отандық боксшы 2021 жылдың ақпанынан бастап кәсіпқой бокстан өнер көрсетеді. Ол барлық кездесуін Германияда өткізген.