Қазақстандықтардың саны 20 миллионға жетті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев  қазақстандықтарды ақжолтай жаңалықпен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді, – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Х парақшасына.

Айта кетейік, Қазақстанның 19 миллионыншы азаматы осыдан 2 жыл бұрын тамыз айында дүниеге келген.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан халқының саны 1 қазандағы жағдай бойынша 19 967 964 адамды құрады. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша ең көп қоныстанған аймақ Алматы қаласы болып қала береді.

Елдегі қала халқының саны 12 387 957 адамды, ауыл халқы 7 580 007 адамды құрады. Сонымен қатар қазір елімізде 9 750 647 ерлер мен 10 217 317 әйелдер тұрады.

«Қала халқының үлесі ең көп Қарағанды ​​облысында (81,5%), Ұлытауда (79,1%) және Ақтөбеде (74,8%), ал ең азы Алматыда (16,2%), Түркістанда (24,6%) және Жамбыл облыстарында (43,4%)  байқалды», — делінген хабарламада.

Ең көп адам Алматы (2,2 млн адам), Түркістан (2,1 млн адам) және Алматы (1,5 млн адам) облыстарында тұрады. Ең аз халық Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарында: сәйкесінше небәрі 221,5 мың, 531,7 мың және 608,9 мың адам.