«Қазақтар қырылсын». Ұлтараздық тудырған Астана тұрғыны 4 жылға сотталды

Қазақтарды қорлап, бір бірін өлтіруге шақырған Астана тұрғыны Наталья Свиридова төрт жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды    Altyn-orda.kz    El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып 

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты мынадай жаза кесті.

Свириденко (Меркулова) Наталья Валентиновна ҚК-нің 174-бабының 1-бөлігінде (әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және оған орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, төрт жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын, — делінген ақпаратта.

Оқиға 7 тамызда болған. Наталья Свиридова TikTok парақшасында  ұлт-араздық алауыздықты қоздыратын     мәлімдеме жасап, азаматтардың ұлттық ар-ожданы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтірген.