Мәжіліске «Ауыл», «Ақ жол», «ЖСДП» және Respublica партияларынан кімдер өтті
19 наурызда өткен сайлау қорытындысы бойынша парламент мәжілісіне өткен партиялар депутаттық мандаттарды бөлді. Мәжіліске өткен алты партияның өкілдері кімдер? Толығырық KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.
Amanat партиясы партияның саяси кеңесі бюросының шешімімен 40 кандидаттың тізімін бекітіп, парламент мәжілісінің VIII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолдаған.
Олардың арасында бұрынғы Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов, ақын Ринат Зайытов, журналистер Мақсат Толықбай, Нартай Аралбайұлы, мәжілістің бұрынғы депутаттары, ақын Жанарбек Әшімжан, Аманжол Әлтай, қоғам қайраткерлері Мұрат Әбенов, Айдос Сарым бар. «Ауыл» партиясы да сайлау нәтижесінде алған 8 депутаттық мандаттың иелерін анықтап, бекіткен. «Ауыл» партиясының атынан мәжіліске мына депутаттар өткен:
1. Дайрабаев Жигули Молдақалықұлы, партия мүшесі, «Ауыл» ХДПП төраға орынбасары, Қазақстан фермерлері қауымдастығының басқарма төрағасы;
2. Егізбаев Серік Рахметоллаұлы, партия мүшесі, ауыл шаруашылығы, ақпарат және қоғамдық даму экс вице-министрі;
3. Абден Қарақат Жақсылыққызы, партия мүшесі, «Қазақ қызы» ҚБ президенті (әйелдер квотасына сәйкес);
4. Баққожаев Анас Ахатұлы, партия мүшесі, «Ауыл» ХДП төраға орынбасары;
5. Саурықов Ерболат Байұзақұлы, партия мүшесі, «Ауыл» ХДП Жамбыл облысындағы өңірлік филиалының төрағасы, Ш.Мұртаза атындағы Тараз халықаралық инновация институтының президенті;
6. Арсютин Николай Геннадьевич, партия мүшесі, «Ауыл» ХДП төрағасының орынбасары;
7. Зейнуллин Аян Талғатұлы, партия мүшесі, «СПК Астана» ӨК өндіріс бойынша директоры (жастар квотасына сәйкес);
8. Серіков Таңсауле Ғабдыманапұлы, партия мүшесі, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ оқытушысы (инклюзивті қоғам мүшелерінің квотасына сәйкес); «Sailau 2023» Telegram арнасының мәліметінше, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан (ЖСДП) мәжіліске өткендер тізімі мынандай:
1. Нұрлан Әуесбаев — президенттікке экс-кандидат;
2. Асхат Рахымжанов — ЖСДП төрағасы;
3. Ажар Сағандықова — Павлодар облысы бойынша ЖСДП штабының жетекшісі;
4. Наурыз Сайлаубай — Талдықорған қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі. Қазақстан Халық партиясының баспасөз қызметі де мәжіліске өткен депутаттар тізімін жариялады.
Олар: 1. Магеррам Магеррамов — парламент мәжілісінің VI-VII шақырылым депутаты;
2. Ирина Смирнова — парламент мәжілісінің VI-VII шақырылым депутаты;
3. Гаухар Танашева, көпбалалы аналар бірлестігінің жетекшісі;
4. Кенжеғұл Сейтжан — Параолимпиада ойындарының қатысушысы, мүгедек адамдардың құқығын қорғаушы;
5. Ислам Сұңқар — жас белсенді, (жастар квотасы бойынша).
Ал Respublica партиясының тең төрағасы Бейбіт Әлібековтің Telegram-каналында хабарлауынша, партия атынан мәжіліске төмендегі депутаттар өткен.
1. Айдарбек Ходжаназаров;
2. Руслан Берденов;
3. Динара Шүкіжанова;
4. Динара Наумова;
5. Нұргүл Тау;
6. Олжас Құспеков. «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев те өзінің Telegram-арнасында мәжілістің депутаттық мандаттарын келесі кандидаттарға сеніп тапсырғанын айтты.
Олар: 1. Барлыбаев Ерлан Хайланұлы — экономист, парламент мәжілісінің VII шақырылым депутаты;
2. Бейсенбаев Ержан Алмабекұлы – жас бизнесмен, «BIGLIFE» ЖШС тәуелсіз директоры, Жетісу облысы;
3. Еспаева Дания Мәдиқызы — қаржыгер, парламент мәжілісінің VII шақырылым депутаты;
4. Иса Қазыбек Жарылқасынұлы – ақын, партия төрағасының орынбасары, парламент мәжілісінің VII шақырылым депутаты;
5. Перуашев Азат Тұрлыбекұлы — партия төрағасы;
6. Садықов Асқар Аманбайұлы — бизнесмен, партияның Ақтөбе облыстық филиал төрағасы.
Айта кетейік, ертең, 29 наурызда Астанада жаңарған парламенттің алғашқы сессиясы өтеді.