«Мұрнымнан аққан қанды бас киіммен сүрттім»: “Меломен” әншісінің бұрынғы әйелі соққыға жығылған сәтінен видео жариялады

“Бес жыл бойы соққыға жығылдым” деп жан сырын ақтарған “Меломен” әншісінің бұрынғы әйелі күйеуінің ұрған сәтінің видеосын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Нұрила Ақберен есімді блогер оқырмандарына жан сырын ақтарып, отбасылық өміріне қатысты өз шындығын айтты. Ол соққыдан кейін ауруханаға бара жатқан сәтін бөліскен.

“Мынау қан. Мұрным қатты қанады. Оны бас киіміммен сүрттім. Ернім мен мұрным ісіп кетті. Бетім ауырып тұр. Ол мені ұрды. Сосын кешірім сұрап, қазір мешітте намаз оқып жатыр. Қазіргі уақытта түрім осындай. Мұрнымды түсіріп, тексеріп көрейін деп келдік», – дейді Ғабит Бибасыұлының экс әйелі видеода. 

Сонымен қатар өзін “хайпер келіншек” деп қаралап жатқандарға жауап берді. 

“Маған хайп керек болса, ұрған кезінде шу шығаратын едім. Ажырасып жатқанда айқай салатын едім. Егер осы күнге дейін үндемей келсем, айтып жатқандарым өтірік деген сөз емес. Үндемегенімнің бір-ақ себебі бар — балаларым. Оларға әке керек, әкенің жылуы мен махаббаты керек. Қыздарына әке қорғаныш болмағанда, кім болады? Осы ойлармен ат жібін мен жақтан айқай шусыз үзіскен болатынбыз. Осы уақыт аралығында қаншама жағдайлар болды, бірін де айтпадым, сенесіздер ме?”, – деп жан сырын ақтарды блогер. 

Еске салайық, «Енді ісім психолог сымақтармен болады» деп «Меломен» тобының мүшесі Ғабит Бибасыұлы қол көтерді деп айыптаған әйеліне жауап берген еді. 

 

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Нұрилла Ақберген| Журналист | Бьюти | Блогер | Тейпинг (@nurillaakbergen)