Педофилдер мен экстремистердің елге кіруіне тыйым салынбақ
Адам өміріне қауіп төндіретін педофилдерге, экстремистер мен лаңкестерге Қазақстанға кіруге тыйым салынады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Бұл туралы бүгін Мәжілістің кеңейтілген отырысында талқыланды.
Халықтың көші-қоны және қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы заңнаманы жетілдіру туралы заңды екінші оқылымда қабылдады. Ал заң жобасы бірінші оқылымда 2022 жылдың сәуірінде мақұлданған еді.
Құжаттарда экстремистік немесе террористік әрекетке қатысы бар шетелдіктерге елге кіруге тыйым салынады. Сонда-ақ, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстары үшін сотталған шетелдіктердің Қазақстанға келуі мен ел азаматтығын алуын шектеу ұсынылған.