«Сенің әйелің кімге керек?»: Қыдырәлі Болманов Қарақатқа қол жүгірткен адамды кеудесінен итеріп жіберді
Әлеуметтік желіде танымал әнші Қыдырәлінің Қарақаттың жанында тұрған ер адамды итеріп жіберген видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жұлдызды жұп өнер көрсетіп тұрғанда белгісіз ер азамат Қарақаттың жанына тұрып, құшақтамақ болады. Мұны байқаған Қыдырәлі ер адамды итеріп, “әрі тұр” дегендей ишара жасайды.
Ер адам әншілерді түсіріп жатқан камераға кедергі болды ма, әлде, жай ғана суретке түспек болды ма ол жағы белгісіз.
Бейнежазбаны көрген желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді. Бірі әйелінің жанына бөтен еркекті жолатпаған Қыдырәліні жақтаса, енді бірі қарапайым халықтың кеудесінен итеріп, қорлады деп сынның астына алды.
“Дұрыс жасады, өлең айтып тұрған адамға кедергі жасауға болмайды”, “Ұялмай біреудің әйелінің қолынан ұстауға, белінен құшақтауға хақысы жоқ”, “Өте дұрыс, өз әйелін қорғау керек”, “Сенің әйелің кімге керек?”, “Арам ойы жоқ болар”, “Әнші деген сайын… суретке түскенде тұрған не бар?”, “Бұлар әулие болды ғой”, – деп жарыса жазды желідегілер.