Шавкат Рахмонов UFC-дегі бесінші жекпе-жегінде жеңіске жетті

Қазақстандық Шавкат Рахмонов (16-0) Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC 285 аралас жекпе-жек бәсекесінде жеңіске жетті.

Ол американдық белгілі файтер Джефф Нилмен (15-4) шеберлік байқасты. Нәтижесінде үшінші раундта оны тұншықтыру әдісімен жеңіп кетті.

Айта кетсек, жекпе-жек алдында Джефф Нил UFC орта салмақтағы рейтингінде Шавкат Рахмоновтан алда тұрды. Рейтингте американдық спортшы жетінші орынға жайғасса, қазақстандық оныншы орынға тұрақтаған еді.

Осылайша Шавкат Рахмонов кәсіпқой маңсабындағы он жетінші жеңісіне қол жеткізді. Әзірге ешқандай жеңілістің ащы дәмін татқан жоқ.

Ал Джефф Нил бесінші мәрте қарсыластарына есе жіберді.

Алды ала мәлім болғандай, Ш. Рахмоновтың қарсыласының салмағы шекті межеден асып кетті. Атап айтқанда, таразыға тұрған отандасымыздың салмағы 77,56 келі, ал америкалықтың салмағы 79,37 келі болды. Осыған қарамастан Шавкат Рахмонов пен Джефф Нил жекпе-жегі салмақ айырмашылығына қарамастан өтті.

 ҚазАқпарат