Су тасқыны: Түркия Қазақстанға көмек қолын созуға дайын екенін мәлімдеді
Түрік СІМ өкілдері Қазақстандағы су тасқынына байланысты мәлімдеме жариялады – Түркия елімізге кез келген көмек көрсетуге дайын екенін мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап.
«Біз Қазақстанның бірнеше өңіріндегі жойқын су тасқынына қатты қайғырып отырмыз, бұл жағдайдан біздің ондаған мың бауырымыз эвакуациялануға мәжбүр болды, сондай-ақ елеулі залал келді. Қазақстан халқы мен үкіметіне көңіл айтамыз. Түркия табиғи апаттан болған кез келген ауыртпалықты көтеруге дайын», — делінген Түркия СІМ мәлімдемесінде.