Туған күнінде Қытайға мемлекеттік сапармен аттанған Тоқаевты көрші ел қалай қарсы алды (фото, видео)

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлайды Ақорда Telegram-дағы ресми арнасында. Қазақстан президентінің баспасөз қызметінің мәліметінше, сапар аясында мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді.

Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту, сауда және экономика, инвестиция, көлік-логистика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелері қарастырылады. 

Ал 19 мамырда мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысады. Бұдан бөлек, президент еліміздің Сиань қаласындағы Бас консулдығының салтанатты түрде ашылу рәсіміне қатысады деп жоспарланып отыр. Еске сала кетейік, бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев 70 жасқа толды.

 

 

 

kaz.nur.kz