«Жағдайы ауыр»: Арыста әскери қызметкер басынан жарақат алды
16 қыркүйекте Арыс гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінде келісімшарт бойынша қызмет етіп жатқан әскери қызметші травматикалық қарудан жарақат алды. Бұл туралы Шымкент гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Алдын ала мәліметке сәйкес келісімшарт бойынша әскери қызметші отбасындағы жанжалдың салдарынан өз-өзіне қол жұмсауға әрекет жасаған. «Ол аудандық ауруханаға жеткізіліп, оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Қазіргі уақытта әскери қызметшінің жағдайы орташа ауыр. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», — деп хабарлады Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі өкілдері. Ведомство мәліметінше, әскери қызметшінің жарақатына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.