«Жұбайыңыз жасартыпты»: Өзінен 45 жас кіші қызға үйленген Нұрғали Нүсіпжановтың стилі көпшілікті таңырқатты
Қазақстанның Халық әртісі, 86 жастағы Нұрғали Нүсіпжанов наурыз мерекесінде Шымкентте ұйымдастырылған концерттік бағдарламаға қатысты. Осы орайда, көрермендер қарт әншінің ерекше стилі мен паңдығына қайран қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бүгінде Нұрғали Нүсіпжанов әлеуметтік желіні белсенді түрде қолданады. Наурыз мерекесіне байланысты жариялаған видеолар тізбегі оқырмандардың ыстық ықыласына ие болды. Тыңдармандар жасы тоқсанға жақындаса да, паңдығы мен ерекше даусынан айырылмаған әншіге құрметін білдірген.
«Керемет стиль, жақсы, әдемі болып жүріңіз. Жұбайыңыз сізді кәдімгідей жасартыпты. Аман жүріңіз. Елдің жақсы көретін әншісіз», «Уақытқа бағынбайтын ағамыз, мен ес білгелі осындай мұнтаздай еді. Әлі сол қалпында, аман болыңыз», «Красавчик, Алла ұзақ ғұмыр берсін», «Аңыз адам», — деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетелік, Нұрғали Нүсіпжанов 82 жасында өзінен 45 жас кіші журналист Жадыра Сейдешпен көңіл қосып, шаңырақ көтерген болатын.