АЛТЫНОРДА
Новости

Назарбаев пен Путин телефонмен сөйлесті

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайтының дерегінше, бүгін ол Ресей президенті Владимир Путин екеуі телефонмен сөйлескен.

Екі ел президенттері Қырғызстанның Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) қосылу жайын, 23 желтоқсанда Мәскеуде өтуі керек ҰҚШҰ кеңесі сессиясы мен ЕАЭО жоғарғы кеңесі жиынын талқылаған.

Назарбаев пен Путин Украинадағы жағдайды, Батыстың Ресейге салған санкциясына байланысты екіжақты келісімді дамыту жайын да талқылаған.

http://www.azattyq.org/archive/news/20141121/330/330.html?id=26703861