[:kz]
Қазақстандық желі қолданушылары Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев халық алдында сөз сөйлеп тұрған тұсында, трибунада ілініп тұрған елтаңба түсіп қалуын қызу талқылауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Елтаңба құлап қалған сәтте Сапарбаев тұрғындардың бірінің сұрағына жауап беріп жатқан болатын. Желіде таралған бейнежазбада трибунаға ілініп тұрған елтаңбаның сырғып барып, жерге гүрс етіп құлап түскені байқалады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қазақстандықтар құлаған елтаңбаны емес, бұған ерекше қараған мәжіліс модераторының әрекетін жарыса талқылауда. Әкімнің өзі болса, құлаған елтаңбаны алуын өтініп, сөзін жалғастырып кетеді.
[:]