АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қытай бубон обасының шығуына байланысты төтенше жағдай жариялады[:]

[:kz]

 

 

 

Үш жасар бала бубон обасын жұқтырғаннан кейін Қытай төтенше жағдайын жариялады. Дәрігерлер баланың «қара өлім» деп те аталатын бубондық обамен ауырғанын растады.

Шенеуніктер кейбір аймақтарда төтенше жағдай жариялады, деп жазады The Paper.

Дәрігерлер 27 қыркүйек күні Юньань провинциясының Менхай уезінен шыққан баланың инфекциясын жұқтырғанын растады. Іс ұлттық скринингтік бағдарламаның аясында анықталды. Сидин қаласында үш егеуқұйрықтың белгісіз аурудан өлгені анықталған соң арнайы тексеру жүргізілген еді.

Жергілікті ауруларды бақылау органдары осы айдың басында аймақта егеуқұйрықтардың жаппай ауырғанын растады. Іс анықталғаннан кейін көп ұзамай, жергілікті үкімет оба ауруының таралуын болдырмау үшін төтенше жағдайдың IV деңгейіндегі шараларын бастады. 

[:]