АЛТЫНОРДА
Әлеумет

[:kz]»Мен сені бағып-қақтым»: Ұлының сүйіктісін ұнатпаған павлодарлық жанжал шығарды [:]

[:kz]

Павлодар тұрғыны болашақ келіні үшін жанжал шығарды. Әйелге ұлының таңдауы ұнамай қалған. Ашуға булыққан оны сабырға шақыру үшін полицейлердің араласуына тура келген, деп хабарлайды өңірлік полиция департаментінің Instagram парақшасы. Тәртіп сақшыларының айтуынша, поицияға жас жігіт хабарласып, анасына шағымданған.

«Ол ішімдік ішкен анасы жанжал шығарып, пәтердегі заттарды лақтырып, бейәдеп сөздер айтып, пәтерді басына көтергенін айтты», — деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жас жігіт ашуға булыққан анасын еш тыныштандыра алмағанын айтып, полициядан көмек сұраған. «Орта жастардағы әйел расында да өз-өзін бақылауда ұстай алмаған. Бірақ полицейлерде көрген сәтте бірден сабырға келді. Ол түскі ас кезінде аздап ішімдік ішкенін айтты. Содан кейін ұлына сүйіктісі үшін ашулана бастаған. Өз баласының жар ретінде таңдаған қызын ұнатпаған ол «Мен сені бағып-қақтым, ал сен ол қызға үйленгің келеді» деп айқайлаған», — дейді полицейлер.

Полицейлер болашақ енеге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 73-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, профилактикалық әңгімелесуден кейін үй иесі ұлынан кешірім сұрап, татуласқан.

kaz.nur.kz/

 

[:]