[:kz]
Бір тойдан кемі жарты миллиондай қаражат табатын әншілердің отбасылық шығындары да әртүрлі. Елімізде ең төменгі күнкөріс көзі ретінде белгіленген 28 мың 284 теңгені танымал әншілер қанша уақытта құртатындарын НТК арнасында айтты деп хабарлайды NUR.KZ.
«Музарттық» Кенжебек Жәнәбілов шығармашылығынан бөлек, отбасылық шығындарының айлық бюджеті – екі миллион теңгені құрайды дейді.
«Өзімнің жеке шығармашылығымнан бөлек, айына есептесем, киімі бар, тамағы бар миллион жарым, екі миллионға жуық кетіп қалады екен»,- дейді ол.
Ал, жалғыз басты әке Медеу Арынбаевтың отбасылық шығыны, Жанәбіловтер жанұясымен салыстырғанда мүлдем аз. Дегенмен, кемі – 200 мың теңге, шаңырақтың бюджетіне айына құйылып отырады.
«Азық – түлік бар, жүріс тұрысы бар. Әрине, ұл-қызымның өсе келе қаржылай талабы ол да өсіп жатыр. Биіне де барады, балам тренировкасына барады деген сияқты»,- дейді Медеу Арынбаев.
Ай сайын үш жерден айлық алатын Сәкен Майғазиев болса кейде жанармайға ақша таппай қалатынын жасырмады.
«Мәссаған, қиналып біз де мына ақшаны қайда жеткізссек екен деп, біреуден қарыз алып кететін күндеріміз болады. Жасырмай-ақ қояйық, жанармайға ақша таппай қалатын кездеріміз болады»,- деді Сәкен.
Саят Медеуов бір тамақ ішкенде 20-30 мыңды жұмсай салуым мүмкін десе, енді біреуі оны бар болғаны бір дискіге құртатынын айтты.
Саят «Жарты сағаттың көлемінде, мүмкін достарыңа отырып тамақ алуың мүмкін» десе, Ақылбек Жеменей: «Сони плейстейшннің бір дискісін сатып алуым мүмкін. Ол – 25 мың, 20 мың, 30 мың тұрады»,- деді.
alashainasy.kz
[:]